М?тінді теру ережесі. М?тін бойымен жылжыту
Тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжытуМақсаты: 1. WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру.2. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету.3. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеуОқушының сабақ барысындағы мүмкіндіктері:- ортада жайлы әрекеттестікті орнату, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасау;- өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнату;- оқушылардың белсене қатысуына көмектесу;Оқытудың нәтижесі:Сабақ соңында әр оқушы топтық жұмыстың маңызын түсініп, топтық жұмыстың оңтайлы жақтарын тәжірибесінде пайдалануға ұмтылады;ортада жайлы әрекеттестік орнатады, әңгімелесу үшін мүмкіндіктер жасайды;- өз идеяларын зерделеп, өзара әрекеттестікті орнатады;- оқушылар белсене қатысады;Күтілетін нәтиже:•Білу. Оқыту мен оқуда бірлескен топтық жұмысты ұйымдастыру туралы білімдерін толықтырады.• Қолдану, түсіну және талдау: өз тәжірибесінде оқушы топтық жұмысты тиімді пайдалана білуге дағдыланады, топта бірлесе отырып жұмыс істей отырып, өзгенің ойын құрметтей білуге үйренеді.• Бағалау: Өзін - өзі, өзгені бағалауды үйренеді.Әдіс - тәсілдер: Сұрақ - жауап, Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс, оқытудағы басқару және көшбасшылық.Қолданылған құралдар: А4 парағы, маркерлер, түрлі - түсті қағаздар, әртүрлі кәмпиттер, плакат, стикер, қапшық.Сабақ барысыСабақтың әрекетіЖағымды психологиялық ахуал туғызу. Оқушылармен бірге тұрып “Шаттық шеңберін’ құру. Сабаққа байланысты бір – біріне ақ тілектерін жеткізу.Тілек айту: 1 мен 2 алмаңдар,3 – ке алданып қалмаңдарКілең 4 - тік алғандар,5 – ті ғана армандар.Топ құру: түрлі - түсті кәмпиттер арқылы топқа бөлуӨткенді пысықтау:Үйге берілген тақырып арқылы білімдерін тексеру.Сұрақ – жауап:1. WordPad қандай редактор?2. Мәтіндік редактор дегеніміз не?3. WordPad редакторының терезе элементтері қандай?4. WordPad - ты қалай іске қосамыз?5. Мәтінді не арқылы тереміз?6. WordPad редакторында үнсіз келісім бойынша жұмыс бетінде жыпылықтап тұратын І тәріздес қандай белгі?7. Мәтіндік редактордан қалай шығамыз?8. Мәтін қандай өлшеммен жазылады?9. Екі сөздің ортасына не қойылады?10. Мәтін элементтеріне нелер жатады?Жаңа тақырып: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжыту.Топпен жұмыс: «Ақпарат алу». (Постер әдісі)Топтар оқулықтағы мәтін арқылы жаңа тақырыппен танысып шығады.І топ: «Мәтінді теру және түзету ережелерін»ІІ топ: «Мәтін бойынша жылжыту» тақырыпшаларын оқып, дайындалады. Топта 5 рөлді анықтайды: көшбасшы, баяндамашы, дизайнер, уақыт сақшысы және бақылаушы. Әр оқушы өзіне жүктелген рөлдің міндеттерін атқарады. Топ баяндамашысы ортаға шығап, плакатқа салған жұмысын қорғап шығады. Келесі топта өз жұмысын қорғап шығады. Әр топқа тақырыппен танысуға 3 минут, дайындық үшін 3 минут, ал қорғауға 4 минут уақыт беріледіСергіту сәті.Логикалық сұрақтар.1) Екі бала шахматты екі сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? Жауабы: екі сағат2) 4 жұмыртқа 4 минут піссе, бір жұмыртқа неше минут піседі?3) Сиыр 4 аяғымен тұрса 200 кг, 2 аяғымен тұрса неше кг болады?4) Төрт түйеқұс ұшып бара жатыр біреуін атты нешеуі қалды?5) Сағат түнгі 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе?Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»А деңгейі1. Өз аты - жөніңді тер.2. Оған түс таңда, қаріп өлшемі 16, жолдың ортасына орналастырВ деңгейі1. Келесі өлең шумағын тер.2. Барлығы 14 өлшемді әріптер болсын, оған түс таңда.3. Мұғалімге көрсет.Ақ көгершінАқ көгершін, көгершін,Қолқанат құс сен едің,Бар, кезіп қайт Ел үшін,Кең дүниенің көлемінС деңгейі:Мәтін теру ережесін сақтай отырып, теріңдер. “Менің сыныбым” тақырыбына шағын эссе жазыңдар. ( Қаріпі – Times New Roman. Размері - 12). Мәтін терілуі - қисайтылған (Курсив)Бекіту.Сабақты бекіту үшін «Не білдім, не үйрендім?» кезеңінде оқушыларға сұрақтар қойылады:1. Бас әріпті қалай енгіземіз?2. Бос орын қай кезде қойылады?3. Enter пернесін қай кезде басу керек?4. Мәтін бойынша жылжу пернелерін атаңдар.Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметін қайталау.Бағалау.Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.- Саламатсыз ба, балалар! Бүгінгі сабақта кім жоқ? Сабаққа деген көңіл - күйлеріңіз қалай?- Жақсы.- Ендеше балалар, біздің бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы тұр. Біз Microsoft Word мәтіндік процессоры бойынша алған білімдерімізді тереңдету, жалпылау және қорытындылау мақсатында ертегі - саяхат сабағы ретінде өткізгелі отырмыз.Сонымен, ертеде Microsoft деген шалдың 5 баласы болған. Олар: Word, Excel, Power Point, Access, Outlook. Солардың ішіндегі үлкені Word 18 жасқа толып, әкесінен еншісін алып, өзінің оқып - білгендерін жұртқа көрсету үшін жолға шығады. Оның алға қойған мақсатына жетуі үшін біз мына сұрақтарға жауап берелік.
Сабақ мақсаты:Білімділік:Power Point редакторында слайдты безендіру жұмыстарын жасап үйрену.Дамытушылық: Оқушылардың осы тақырыпты пайдалана отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру, іздендіру.Тәрбиелік: Оқушыларды жан – жақты болуға, өз бетімен жұмыс жасауға, ізденімпаздыққа компьютерлік сауаттылыққа баулу.Сабақ жоспары:Сабақ түрі: араласКөрнекілік: Интерактивті тақта, карточка, тестСабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі 1- минІІ. Үй тапсырмасын сұрау ( слайд)2-3 минІІІ. Жаңа сабақ – түсіндіру 10-15 минIV. Сабақ бекіту “ Кім жүйрік”V. Компьютермен жұмысVI. Жеке тапсырма(Тест)VII. Дәптермен жұмысVIII. Үйге тапсырмаҚорытынды
Сабақтың тақырыбы: "Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері"Сабақтың мақсаты:Бірлесе жұмыс жасау арқылы WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктерімен танысу, сұрақ қою дағдыларын, тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру; бағалау арқылы өз білім, деңгейін саралау; шығармашылыққа баулу, АКТ ақпаратын тиімді қолдану, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Күтілетін нәтиже:Оқушылар бірлесе отырып, WordPad редакторының қосымша мүмкіндіктері туралы білім алады;- Мәтін үзінділерімен, суреттермен жұмыс істей алады;- сұрақ қою дағдысы қалыптасады;- «Drag and Drop» әдісімен (бір уақытта басылған CTRL пернесімен жылжыту және жіберу) мәтін үзіндісін көшіре алады;- алмасу буферін пайдаланып, мәтін бөлігін көшіре алады, қия алады;- шығармашылығы артады.Сабақтың түрі: практикум элементтері бар түсіндірмелі сабақСабақта қолданылатын әдіс - тәсілдер: СТО стратегиялары, АКТ - ны қолдануСабақтың көрнекілігі: ДК, оқулық, слайдтар топтамасы, интербелсенді тақта.Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру.ІІ. Үй тапсырмасын тексеру1. WordPad мәтіндік редакторы не үшін арналған?2. WordPad редакторын іске қосу үшін қандай әрекеттер тізбегін орындау керек?3. Редактордың терезе элементтерін атаңыздар.4. Кірістіру нүктесі (курсор) дегеніміз не?5. Құжат құрудың негізгі әрекеттерін атаңыздар.6. Мәтінді редакциялау дегеніміз не?7. Пішімдеу туралы не білесіздер?Тапсырма. (Миға шабуыл әдісі) Батырмаларды сәйкестендіре отырып, диаграмма тұрғызуІІІ. Жаңа сабақ: «Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері Оқулықпен жұмыс. (ДЖИГСО) (Тақырып 3топқа бөлініп беріледі, берілген материал бойынша оқушылар интеллект - карта жасақтайды. Картаны пайдалана отырып келесі топқа өздерінің оқығандарын түсіндіреді)1 топ. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіру.2 топ. Мәтінді іздеу; Мәтін орнын ауыстыру;3 топ. Күн мен уақытты кірістіру. Құжатқа суреттерді кірістіру.1. Мәтін үзінділерін жылжыту және көшіруді бірнеше әдістер арқылы орындауға боладыа) Правка – КопироватьПравка – ВырезатьПравка – Вставитьә) «Стандартты» саймандар тақтасынан «Көшіру», «Қиып алу», «Кірістіру»б) Пернелер комбинациясы: CTRL+C, CTRL+X, CTRL+V(Drag and Drop - бір уақытта басылған CTRL пернесімен жылжыту және жіберу, ауыстыру)2. Мәтіндік құжатқа күн мен уақытты кірістіруа) Вставка - Дата и времяә) Стандартты саймандар тақтасынан3. Мәтінді іздеуа) Правка - Найтиә) Саймандар тақтасынанб) CTRL+F4. Мәтінді ауыстыруа) Правка - Заменитьә) Саймандар тақтасынанб) CTRL+H5. Word Pad құжатына суреттерді кірістіруIV. Практикалық жұмыс. (ротация әдісі)1. Word Pad редакторын ашып, «Көңілді қыс» тақырыбына шағын эссе жазу.2. Мәтіннің тақырыбын Жартылай қалың, 16 пунктпен, ал қалған негізгі мәтінді 14 пунктпен, Times New Roman шрифтімен жазыңыздар.3. Редактор терезесін жималап қойыңыз.4. Пуск - Все программы - Стандартные - Paint графикалық редакторын ашыңыздар. «Көңілді қыс» тақырыбына сурет салып, оны сақтау.5. Суретті көшіру арқылы алмастыру буферіне орналастырыңыз.6. Word Pad терезесін активті жағдайға келтіріңіз, ол үшін есептер тақтасындағы пиктограмманы шертіңіз.7. Paint - та салынған суретті Word Pad - та терілген мәтіндеріңізге кірістіріңіздер.8. Ағымдағы уақыт пен күн жадын енгізіңіздер.9. Мәтіндегі «қыс» сөздерін, найти/заменить бұйрықтары арқылы «зима» деп өзгертіңіз және қайтадан қалпына келтіріңіздер.10. Мәтінді «Қыс» атымен сақтап қойыңыз.V. Галереяға саяхат. (Оқушылардың орындалған жұмыстары баспадан шығарылып, қабырғаға ілінеді. Оқушылар бір - бірінің жұмыстарын аралап жүріп, бірін - бірі бағалайды).VІ. Сабақты қорытындылау. Тест тапсырмасын орындау. Тестте жалпы 10 сұрақ, әрбір сұрақтың 4 нұсқасы бар.VІІ. Үй тапсырмасы: §28 «Word Pad редакторының қосымша мүмкіндіктері»VІІІ. Оқушыларды бағалау.
Сабақтың тақырыбы: «PAINT графикалық редакторы» (презентациясымен)Сабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың Paint редакторы туралы түсініктерін жинақтау, олардың білімдерін бақылап, бағалау.Дамытушылық: Оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, алған білімдерін практикада қолдана білуге, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.Тәрбиелік: Пәнге, білімге, шығармашылыққа, топта бірлесе жұмыс істеуге, тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, шығармашылық қабілеті бар жеке тұлғаны қалыптастыру.Сабақтың типі: практикалық сабақПәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, қазақ тілі, дизайн.Сабақтың барысы:Ұйымдастыру.Үй тапсырмасын тексеру:1. «Интеллект карта» құрастырыңыз (жалғастырыңыз)2. «Гүл теру» ойыны.3. Тапсырма. Мысық сұрақ қояды.Мысық қатарынан бірнеше күн PAINT графикалық редакторында сурет салды. Ол оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы еді. Сурет дайын болар кезде, Мысықтың бояуы төгіліп, бүкіл суретін жауып кетті. Басқа сурет салғанға Мысықтың уақыты жоқ. Ол қатты ренжіді. Оған қалай көмектесеміз?Соңғы әрекетті қалай қайырамыз?................................................................................Кеңес бергендеріңе Мысық өте риза болды. Оның қуанғаны сонша, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. ол тағы жылап отыр. Сенің көмегіңді күтеді.Орындаған әрекетті қалай кері қайтаруға болады?......................................................Практикалық жұмыс.№ 1 тапсырма. Қарақшы.Үзінділерді жылжыта отырып, қарақшыларды киіндір, содан кейін киімін қайта ауыстырып киіндір. Суретке төмендегі мәтінді енгіз.- Қарақшы, Қарақшы,Қызық екен қалпағың.Жейдең де бүгін өзгеше,Киіп алдың сен неге?- Мен шалғында ойнаймын,Қалпақпен көбелек ұстаймын.№2 тапсырма.ҚУЫРШАҚТАР (МАТРЕШКАЛАР).1. Сызық, Қисық сызық, Дөңгеленген тік төртбұрыш құралдарының көмегімен ең үлкен матрешканың жартысын сал.2. Оны көшір де, солдан онға бейнесін түсір.3. Матрешканың жартыларын қос.4. Бірінші матрешканы төрт көшірмесін кірістір.5. Созу / еңкейту командаларының көмегімен әрбір көшірменің өлшемін өзгерт (кішірейт).6. Үзінділерді жылжыта отырып, матрешкаларды бойына қарай бір қатарға орналастыр.№3 тапсырма.Өздеріңді жарнама жасайтын агенттіктің қызметкері деп елестетіңдер. Сіздерге «Ойыншықтар» дүкені, «Гүлдер салоны», «Ыдыс - аяқ» дүкені, «Электроника әлемі», «Кондитер өнімдері» дүкені т. б. объектілерден тапсырыс түсті. Өздеріңе ұнаған бір тақырыпқа Paint редакторының барлық мүмкіндіктерін қолдана отырып жарнама жасауларыңыз ұсынылады.Рефлексия.1. Бүгінгі сабақта Paint туралы не білдіңіздер?2. Сіздерді графикалық редактордың қандай ерекшелігі таңқалдырды?Сөйлемді аяқтаңдар:• Бүгінгі сабақта маған …………… қызықты болды.• Бүгінгі сабақта маған …………… ұнады.• Бүгінгі сабақта маған…………… қиын болды.• Бүгін сабақта мен………………… үйрендім.• Бүгінгі сабақ маған ……………… көрсетті.• Болашақта мен ………………………Үй тапсырмасы: «Қыс» тақырыбына композиция ойластырып келу.«Үзінділермен жүргізілетін әрекеттер» тақырыбын қайталау.Оқушыларды бағалау.Сабақты аяқтау.
Сабақтың тақырыбы: Басқару операторлары. Шартты операторСілтеме 9 – сынып «Информатика» Б. Қ. СапарғалиеваЖалпы мақсаты Шартты операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру және тармақталған алгоритмдерді программалауды түсіндіру.Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.Дамытушылық: Программалау тілінде жұмыс жасай білу дағдыларын, ойлау қабілеттерін, өз білімдерін сауатты түрде жеткізе білуді, пәнге деген қызығушылықты дамыту.Алған білімдеріне жауапкершілікпен қарауға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға үйрету.Оқу нәтижелері • Шартты көшу операторларының ерекшелігін ажырата біледі.Шартты және шартсыз көшу, таңдау операторлары туралы түсінеді.• Шартты операторға математикалық модельді қолданып бағдарлама құрыңыз• Тармақталу командасының толымды және толымсыз операторларының ұқсастығы мен айырмашылығын талдайды• Шартты оператордың тармақталу процестерін салыстырады• Шартты оператордың тармақталу процестерін жинақтайды• Тақырыптың мазмұнын тұжырымдайды.Мұғалімнің іс - әрекетіЫнтымақтастық атмосферасын орнату мақсатында оқушыларды топқа бөлу. Түрлі - түсті қағаздарды таңдау және түстер бойынша бөлінеді. Қолдарындағы қағаздарда жазылған сөздерден тілек құрастыру тапсырылады2). «Кубизм» тәсілі арқылы мәлімет типтері туралы сұрақтар қоядыжәне қандай тиімді жолмен шешуге қатысты сыни ойлаудың сұрақтары жазылған кубикті слайдта көрсетеді. Әр топ өзінің санын айтып, жауап береді. Кубиктің әрбір санына сәйкес сұрақтар беріледі.Блок - схемада мәліметті енгізу, шығару қандай фигурамен сызылады.Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады?Мәліметтердің қарапайым түрлерін қалай атау қабылданған.Стандартты типтер туралы мәлімет.Өрнектiң мәнiн табыңыз: х=3 болған жағдайда sqr (sqr(x))=...Сызықтық программа дегеніміз не? Өмірден қарапайым мысал келтірСандардың типтерін сипаттап, талдаңыз?«Ментальды карта»Тақтада шартты операторды тармақталу процесінің алгоритмін, графикалық моделін бағдарлама құру әдісімен шешу түсіндіріледі1. Программаның үзінділер жұмысының нәтижесін жаз.x=1 болғандаif x>=0 then x:=x+1else x:=x+2;Жауабы: х=32. Не себепті төмендегі программаның үзіндісінде нәтижесі х=11 болады?х:=10If x>=6 then x:=x+1else x:=x+2;Жауабы: Себебі, программаның шартында 10 саны 6 санынан үлкен, яғни ақиқат болғандықтан нәтижесі х=11 болады.3. Неліктен төмендегі программаның үзіндісінде нәтижесі х=7 болады?х:=5If x>=6 then x:=x+1else x:=x+2;Жауабы: Себебі, программаның шартында 5 саны 6 санынан кіші, яғни жалған болғандықтан нәтижесі х=7 болады.
Сабақтың тақырыбы: Компьютер – әмбебап есептеуіш машинаСабақтың мақсаты:Білімділік: оқушыларды «компьютер» түсінігімен таныстыру, компьютердің құрылымы, қызметі туралы алғашқы түсінік қалыптастыру.Тәрбиелілік: Оқушыларды тәртіптілікке, жүйелілікке тәрбиелеу.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын дамыту.Сабақтың түрі: Аралас сабақ.Сабақтың барысы:1. Оқушыларды ұйымдастыру (1 минут).2. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут).3. Жаңа сабақ түсіндіру (20 минут).4. Сабақты бекіту (15 минут).5. Үй тапсырмасын беру (1 минут).6. Бағалау (1 минут).7. Қорытынды (2 минут).Үй тапсырмасын тексеру1. Ақпараттың көлемі дегеніміз не?2. Ақпараттың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?Жаңа түсініктер:Компьютер – күрделі құрылғылардың жиыны. Ол жұмыс жасау үшін программалық жабдықтамалар керек. Компьютердің жұмыс істеуі үшін ең қажетті программа – оның жұмыс қабілеті мен басқаруды қамтамасыз ететін операциялық жүйе.Алғашқы компьютерлер «компьютер» және «ЭЕМ» атауларына көрініс тапқандай, тек есептеулер үшін жасалып шыққан болатын. Ең қарапайым есептеу машиналары есептеулерді аса жылдамдатып, адамдарға көмекке келді.Есептеулерден кейін компьютерлер үлкен көлемді ақпаратты электрондық түрде сақтау үшін қолданыла бастады. Ондай ақпаратты арнайы ақпараттық өнімдерде – дерек қорларында орналастырады.Компьютерлерді қолданудың келесі қадамы – әртүрлі құрылғыларды басқару.Заманауи суперкомпьютерлер эксперимент жүргізуге болмайтын салаларда модельдер құру үшін қолданылады.Қазіргі кезде компьютерді өнімділігі мен мөлшеріне қарай әр түрге бөлуге болады.Компьютер: Суперкомпьютер, үлкен компьютер, Сервер, Дербес компьютер (үстел үсті, алып жүретін, алақан).Суперкомпьютер арнайы мақсатта немесе нақты тапсырыспен жасалады.Үлкен компьютерлер (мэйнфреймдер). Олар үлкен көлемді ақпаратты сақтауға арналған.Компьютерлік желілердің орталық торабы болып табылатын үлкен компьютерлерді серверлер деп атайды.Дербес компьютер – ол бір адам басқа компьютерден тәуелсіз, жеке қолдана алатын компьютер.Сабақты бекіту:Оқулықтағы бақылау сұрақтары мен тапсырмалар орындалады.Үй тапсырма: өтілген тақырыпты қайталай оқып келу және тест тапсырмаларын орындау.Бағалау: үй тапсырмасы және сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.Қорытынды:Бүгінгі сабақта не үйрендік. Компьютер және оның түрлері.
Сабақтың тақырыбы: Мәтінді теру ережесі. Мәтін бойымен жылжытуСабақтың мақсаты: WordPad редакторында мәтін теру ережесі туралы мәлімет беру. Мәтін теру ережелерінің атқаратын қызметін ажырата білуге үйрету. Өзгенің пікірімен санасуға тәрбиелеуСабақта қолданылатын көрнекіліктері: компьютер, мультимедиялық тақта, флипчарт, кеспе, оқулық, жұмыс дәптері.Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақСабақтың типі: Аралас сабақСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тазалығын тексеру, оқушылар назарын сабаққа аударуІІ. Үй тапсырмасы.Сонымен балалар өткен тоқсанда біз WordPad мәтіндік редакторының интерфейсін туралы өткен болатынбыз.1. Мәтіндік редактор деген не?2. WordPad мәтіндік редакторын іске қалай қосамыз?3. Абзацтың қандай қасиеттерін білесін?4. Мәтіндік курсор дегеніміз не?5. Мәтіннің негізгі элементін ата.6. WordPad мәтіндік редакторының терезесін кім түсіндіріп береді?ІІІ. Жаңа сабақ.Мәтін теру ережелері:1. Бас әріпті немесе символды жоғарғы регистрден енгізу үшін Shift пернесін басып, жібермей ұстап тұру керек. Мысалы: Мәтін.2. Егер бас әріппен бірнеше сөз енгізу керек болса – Caps Lock пернесін пайдалану керек. Мысалы: САБАҚ.3. Рим цифрларын енгізу үшін латынша бас әріптер қолданылады. Мысалы: XXI ғасыр.4. Дефис бос орынсыз қойылады. Мысалы: іс - әрекет, 5 - сынып.5. Бір бос орын сөздердің арасына және тыныс белгілерінен кейін қойылады.6. Ұзын сызықша алдына да, соңына да бос орынмен қойылады.7. Тырнақшаларға немесе жақшаларға алып жазылған сөздер олардан бос орынмен ажыратылмайды. Мысалы: «Құрманғазы» оркестрі.8. Enter пернесін абзацтың соңында басады. Жолдарды тасымалдау автоматты түрде жүзеге асады.Мәтін бойынша жылжыту:Курсорды мәтін бойынша стрелкалармен, Home (жолдың басына), End (жолдың соңына), Page Up, Page Down (бір бетке жоғары немесе төмен) пернелерімен жылжытуға болады. Түзетуге жататындар: мәтін фрагменттерін жою, қосу, жылжыту, көшіру, іздеу және алмастыру. Мәтінді ерекшелеу үшін пернетақта мен тышқанды қолданған қолайлы.IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмысА деңгейі1. WordPad мәтіндік редакторын іске қос2. Әртүрлі қаріптер түрлерін пайдаланып, үлгі бойынша «Информатика» деген сөзді бейнелеңіз.Информатика Информатика Информатика Информатика ИнформатикаВ деңгейі1. Мәтінді оқып шық.2. Мәтінді дәлме - дәл WordPad мәтіндік редакторына енгіз.«МЕН ─ ДӘРІГЕР»Әже, әже, жатпашы!Ауыр ойға батпашы!Болайын мен дәрігер,Десең: «Шипа дәрі бер!»
Сабақтың тақырыбы: Компьютер құрылымыСабақтың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың компьютердің негізгі құрылғылары жөнінде білімін қалыптастыруДамытушылық: Тақырып бойынша бекіту тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін меңгерту, дамыту.Тәрбиелік: Компьютер құрылысын білуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері:- Компьютер құрылғыларымен танысады, алған білімдерін тапсырма орындау барысында қолданады.- Шығармашылық қасиеттерін арттырады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым болады.- Зеректік пен білімге деген сенім мен қызығушылығын арттыру, достыққа, еңбектенуге тәрбиеленеді. Оқушының патриоттық сенімі қалыптасады.Стратегия: «Елес жетелеу», «Диалог», «Ой қозғау», «Білемін, Білдім, Білгім келеді»Әдіс - тәсілдері: топпен жұмыс, сөйлесу, көрнекілік қолдану, тәжірибелік әдіс, сұрақ - жауапСабақтың типі: жаңа білімді игерту сабағыҚолданылатын құрал - жабдықтар мен көрнекіліктер: компьютер, электрондық оқулық, таратпа, интерактивті тақта, Power Point - та жасалған слайдтар.Пәнаралық байланыс: математикаІ. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу, түгендеу.Балалар көздерін жұмып, «Елес жетелеу» стратегиясы бойынша уақыт машинасына мініп, болашақ «Компьютер» заманына аттанады.Топқа бөлу. Боялған дисктерді таңдау арқылы. Оқушылар таңдаған түстеріне сәйкес топқа бөлінеді.«Монитор», «Жүйелік блок», «Пернетақта» болып үшке бөлінедіІІ. Ой қозғау сұрақтары:а) Информатика деген не?ә) Компьютер деген не?;Үй тапсырмасын сұрақтар түрінде шолу:1. Компьютер қандай функцияларды орындайды?2. Дербес компьютерлердің түрлерін атаңдар.3. Ноутбуктер мен алақан компьютерлерін не үшін пайдаланамыз?4. Компьютер түрлерін атаңдар.5. 1 байтта неше бит бар?ІІІ. Мағынаны танытуКомпьютер – есептеуіш. Дербес компьютер – бір - ақ адам жұмыс жасауға арналған. Компьютердің ең негізгі құрылғысы: жүйелік блок, монитор, пернетақта. Блок ішінде барлық ақпараттарды еске сақтап тұратын құрылғы – процессор орналасқан. Ол – «компьютердің миы» ең көп тараған процессордың түрі ПЕНТИУМ деп аталады.Монитор – ақпаратты компьютер экранына шығаратын құрылғы. Монитор экранындағы кескінді құрайтын кішкене нүктелер пиксельдер деп аталады.Пернетақта – компьютерге әріптік және сандық ақпаратты енгізетін құрылғы.Тышқан – ақпаратты енгізу құрылғысының бірі. Қос батырмалы. Сол жақ батырма – негізгі, оң жақ батырма - қосымша батырмалар деп аталады.Енгізу құрылғылары: пернетақта, тышқан, сканерШығару құрылғылары: монитор, принтер, колонкаЖҮЙЕЛІК БЛОКЖүйелік блок ішінде ең маңызды құрауыштар орналасқан негізгі торап болып табылады. Жүйелік блоктардың корпусы әр түрлі пішінде болады. Олар коректендіру блоктарымен бірге қойылады (жабдықталады).Жүйелік блоктың ішінде орналасқан құрылғыларды ішкі деп аталады.Жүйелік блоктың сыртында орналасқан құрылғыларды сыртқы (периферийный) деп атайды.Компьютердің ішкі құрылғылары:Аналық тақша – ДК - нің негізгі тақташасы.Оған мыналар енгізілген:- Жедел жад (ЖЖҚ – жедел жадтайтын құрылғы) – компьютерге қосылған кезде деректерді уақытша сақтауға арналған микросхемалар жиыны.- Процессор – көптеген математикалық және логикалық операцияларды орындайтын негізгі микросхема.- ТЖҚ (тұрақты жадтайтын құрылғы) – деректерді ұзақ уақыт сақтауға арналған микросхема.- Микропроцессорлық комплект (чипсет) – компьютердің ішкі құрылғыларының жұмысын басқаратын микросхемалар жиыны.- Қосымша құрылғыларды қосуға арналған ажыратпалар (слоттар).- Шиналар – олар арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының арасында сигнал алмасу жүргізілетін өткізгіштер жиыны.Құрылғылардың жүйелік блокта орналасу сәйкестігін белгіле, Жүйелік блоктың құрамына кіретін құрылғылар оқулықта толық қарастырылған.Көпке есте қалу үшін, мұғалімнің түсіндіруімен немесе оқулықтағы параграфты оқумен қатар кестені толтыру ұсынылады.ПРОЦЕССОРПроцессор – компьютердің негізгі микросхемасы, ол ЭЕМ миы. Онда ақпаратты өңдеу мен барлық құрылғылардың бірлесіп істейтін жұмысын басқару жүргізіледі. Орындайтын функцияларына сәйкес процессор екі бөліктен тұрады: БҚ – басқару құрылғысы және АЛҚ арифметикалы - логикалық құрылғы.Құрылысы бойынша процессор жедел жадтың ұяшықтарына ұқсас ұяшықтардан тұрады, бірақ бұл ұяшықтарда деректер тек сақталып қана қоймай, өзгертіледі де. Процессордың ішкі ұяшықтары регистр деп аталады.Бүгінгі сабақта не білгенімізді қорытындылайық:1. Топтар аттарына сәйкес постер жасап, оны қорғайды. (Бүгінгі сабақта алған білімдері арқылы)2. Электронды оқулықтағы тапсырмаларды толтырып, сұрақтарға жауап беру3 Таратпалар:Жұмбақтар 1. Бар нәрсеге жетікМиы күшті тетікОл арқылы сөйлесіпКетесің шетелге де өтіп / компьютер /2. Әдетте үнсіз тұрамынБелгі берсең ұғамынЖазуы бар қағаздыңҚұралы боп шығамын / принтер /3. Компьютердің айнасыБағдарыңды таңдашыСурет, сөзін көрсетіпТиер саған пайдасы / монитор /3. «Кім жылдам?» Топ мүшелері төмендегі сұрақтарға жауап береді1 - слайд. Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар (процессор, пернетақта, жүйелік блок)2 - слайд. Ақпаратты енгізу құрылғыларын атаңдар (пернетақта, тышқан, сканер, микрофон)3 - слайд. Ақпаратты шығару құрылғыларын атаңдар. (Монитор, колонка, құлаққаб)4 - слайд. Слайдтың оң және сол жақтарын сәйкестеңдер (1 - 1, 2 - 5, 3 - 7, 4 - 6)Сабақты бекіту «Не білемін, Нені білдім, НЕ білгім келеді?» инсерт таблицасын толтырадыНе білемінНені білдімНе білгім келеді?V. Үй тапсырмасын беру:§6 оқу, Тест тапсырмаларын дәптерге орындауОқушыларды бағалауОқушылар сабақтан алған әсерлерін смайликтер арқылы көрсетеді
Кері қайтуМатериал рейтингісі:
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыруСабақтың мақсаты:Білімділігі: Бала бойына бүгінгі тақырыпты өту барысында білімдерін арттыру.Тәрбиелігі: Әр оқушыны іскерлікке, нақтылыққа, ынтымақтылыққа тәрбиелеу.Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп, пәнге деген қызығушылығын арттыру.Сабақтың түрі: аралас сабақОқыту әдістері: сөздік, көрнекіСабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ж/дәптерСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңі:- оқушылармен сәлемдесу- оқушыларды түгелдеу- сабаққа дайындықтарын тексеру- зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.II. Үй тапсырмасын тексеру:Ауызша, сұрақ – жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.III. Жаңа сабақ: Техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыруҚауіпсіздік техникасының ережелерін төмендегі пункттерге бөлуге болады:1. Жалпы2. ДК - де жұмысты бастау алдында3. Жұмыс істеу кезінде4. Жұмысты аяқтағанда5. Авариялық жағдайлардаЖалпы қауіпсіздік талаптары:1. Мұғалімнің рұқсатынсыз құрал-жабдықтарды орнынан қозғауға, сымдарға, розеткаларға, штепсельдің айырына, штекерге тиісуге тыйым салынады.2. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге және сыныптан шығуға болмайды.3. ДК - де су киіммен және су қолмен жұмыс істеуге болмайды.4. Компьютер сыныбында жүгіруге, ойнауға, жолдастарыңның көңілін қажетсіз аударуға, бөгде жұмыстарды істеуге тыйым салынады.ДК - де жұмыс істеуді бастау алдында қойылатын қауіпсіздік талаптары:1. ДК электр тогына қосылмаған жағдайда сымдардың, ДК - дің корпусының бүтіндігін және айыру (изоляция) бұзылмағанын қарап шығып, олардың дұрыс жағдайда екендігіне көз жеткізу керек.2. Жұмыс кезінде оларға тие бермеу үшін, сымдар салбырап тұрмауына көңіл бөлу керек.3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою керек.ДК - мен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік талаптары:1. ЭЕМ - да жұмыс істеу кезінде көздің экраннан ең қолайлы қашықтығын (60 - 70см) сақтау керек. Мүмкін қашықтық - 50 см.2. Келушілер кіргенде оқушылардың орнынан тұруының қажеті жоқ.3. Көз талғанда немесе шаршағанда орнынан тұрмай көзді демалдыратын бірнеше жаттығу орындау керек.4. Оқушылар электр тогымен зақымданғанда алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін, өрт сөндіргішпен жұмыс істеу және өрт сөндіру әдістерін білуі керек.5. Оқушылар көзді дем алдыру жаттығуларын білуі керек.ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары:1. Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.2. Жұмыс орнын ретке келтіру керек.3. Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналына белгі қою.АЛҒАШҚЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ ӘДІСТЕРІ• Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:1. Токты ажырату (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру);2. Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату;3. Дәрігер шақыру {мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).• Күйгенде көмек көрсету:1. Ауруды сездірмейтін және тыныштандыратын дәрілер беру (анальгин, валерьянка);2. Күйген жеріне май жағу (винилин);3. Жарақаттанған жерге микробтар түспеуі үшін алдын - ала целлофанмен орап, суық судың астына ұстау;• Талып қалғанда көмек көрсету:1. Зақымданған адамды басын бұрып жазық жерге шалқасынан жатқызу;2. Дәрігер шақыру ( мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).• Демі тоқтағанда көмек көрсету:1. Зақымданған адамды тілінің аузындағы қалпын тексеру керек, егер ары кетіп қалған болса. қолмен орнына келтіру;2. Дәрігер шақыру (мектептің медпунктінен, 03 телефоны арқылы жедел жәрдем немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен).3. Демі қалпына келгенше немесе дәрігерлер келіп жеткенше қолдан дем алдыру ауыздан - ауызға) керек.IV. Жаңа сабақты бекіту: Ол үшін балаларға жаңа сабақтан бірнеше сұрақтар қоя отырып сабақты аяқтаймын.Күйген жағдайда қандай көмек көрсетеміз?ЭЕМ - де жұмыс істеу кезінде көз бен экранның ара қашықтығы қанша болады?ДК - де жұмысты аяқтау кауіпсіздігінің талаптары қандай? ….V. Сабақты қорытындылау:Сабақты қорытындылау барысында сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтап, қалыс қалып отырған оқушыларға ескертпелер беру арқылы білімдерін бағалау.VI. Үйге тапсырма: Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерін жаттау.
Сабақтың мақсаты:білімділік:• Microsowt Word 2010 кестені құру технологиясымен оқушыларды таныстыру;дамытушылық:• Оқушыларды ақпараттық мәдениетке, «Информатика» пәніне деген сүйіспеншілікке баулу.тәрбиелік:• Оқушылардың материалды саналы түрде меңгеруге, техникаға ұқыпты қарауға ықпал ету.Сабақтың жоспары:Ұйымдастыру2. Білу3. Түсіну4. Қолдану5. Талдау6. Синтез7. БағалауІ. Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу, сабақтың тақырыбын, мақсатын және міндеттерін айтып, топқа бөліп, жаттығу жасатамын.ІІ. Сабақтың өзектілігі (білу).Мұғалімнің сұрақтары:1. Кестені қайда және не үшін қолданады?2. Кестенің қандай элементтері саған таныс?3. Барлық кестені, жолды, бағанды бірдей бөліп алуға болады деп ойлайсың ба? Оны қалай жасауға болады?4. 6 жол мен 4 бағаннан тұратын кестеде қанша ұяшық бар?
Сабақтың тақырыбы: Дербес компьютердің құрылысыСабақтың мақсаты:1. Білімділік: Есептеуіш техниканың даму барысында қазіргі заман талабына сай дербес компьютердің құрылғыларын терең түсіндіру.2. Дамытушылық: Өткен сабақ пен жаңа сабақты байланыстыра отырып оқушылардың сауаттылықтарын, ойлау қабілетін, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.3. Тәрбиелік: Тәрбиеленген жеке тұлғаның бойына алған білімін, тәрбиесін қоғамда дұрыс пайдалана білуге үйрету және ой - өрісін дамыту.Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, кесте, оқулық.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, кітап, дәптер, қаламдарын алуын қадағалап, сабаққа дайындау.ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Тест арқылы:1. Есептеу құрылғылары пайда болмай тұрып, адамдар әр түрлі есептеуді жүргізу мүмкіндіктерін іздеді. олар қалай есептеулер жүргізді?2. Ең ерте замаңғы және бәрімізге белгілі есептеу құралы....... болып табылады.3. ЭЕМ - ні бірінші буының (1945 - 1955) қалай жұмыс жасады?4. ЭЕМ - ні төртінші буыны қай жылы шықты.ІІІ. Жаңа сабақАлдыңғы тақырыпта біз ЭЕМ - нің даму тарихын қысқаша қарастырып шықтық. Бүгінгі күні дербес компьтерлер (ДК) көпшілік арасында кең тарады. Дербес компьютерлердің осылай аталу себебі – ол бір - ақ адам жұмыс істеуге арналған.Дербес компьютерлердің түрлері өте көп, бірақ олардың құрылысында ұқсастық та бар.Кез - келген дербес компьютер бірнеше құрылғылардан (блоктардан) тұрады. Негізгі құрылғылары: Жүйелік блок, монитор, пернетақта, маустан тұрады. Қосымша құрылғыларына: баспа құрылғысы (принтер), сканер, модем, колонкалар, терте (джойстик) т. б. жатады.Жүйелік блок - дербес компьютердің ең негізгі құрылғысы. Жүйелік блоктың ішінде жүйелік тақша (аналық плата), процессор, оперативті жад, қатқыл диск, қоректендіру блогы, видеокарта секілді көптеген маңызды құрылғылар орналасады. Жүйелік блоктың алдыңғы панелінде қосу (Power) және қайта жүктеу (Reset) батырмасы, компакт - диск мен дискетаны оқитын дискжетектер және қызыл - жасыл жарық индикаторлары орналасады. Жүйелік блоктың артқы жағында негізгі (монитор, пернетақта, тышқан) және қосымша құрылғыларды (принтер, модем, сканер, микрофон) қосатын порттар мен кірістік құрылғылар орналасқан.Процессор – компьютердің ең басты бөлігі. Ол – компьютердің «миы». Ол бүкіл компьютердің жұмысын басқарады және бағдарламалардағы барлық командаларды (операцияларды) орындайды. Компьютердің кез - келген жұмысы болса да, процессордың қатысуымен орындалады.Іс жүзінде компьютердің орындайтын жұмысының бәрін оның бас микросхемасы – микро процессор атқарады. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор (Pentium) «пентиум» деп аталады, сондықтан мұндай процессор орнатылған компьютерді де «Пентиум» деп атайды. Жиілік жоғарылаған сайын, компьютер де жақсырақ болады. Процессор жадпен бірге жұмыс істейді.Жедел жад – бұл компьютердің ішкі жады. Жедел жад немесе оперативті жадтайтын құрылғы (ОЖҚ) – ол қажет ақпараттарды өзіне жылдам жазуға және одан оқуға мүмкіндік береді. Бірақ онда ақпараттар уақытша сақталады, яғни компьютерді өшіргенше.Компьютердің ішкі жадының екі түрі бар: тұрақты жадтайтын құрылығы ТЖҚ – бұл компьютердің ішкі жады, ол компьютердің ішіне, құрастырушы фирмада орнатылады.Жедел (оперативті) жадтайтын құрылығы ЖЖҚ – ақпараттарды уақытша сақтауға арналған жад. Компьютердің жедел жадының көлемі шекті, сондықтан ЖЖҚ - дан ақпараттарды сыртқы жадқа (дискіге) көшіріп алу керек.
Сабақтың тақырыбы: ПернетақтаСабақтың мақсаты:Білімділігі: Оқушыларға пернетақта жайлы мәліметтер бере отырып, пернетақтаны мәліметтер енгізу үшін пайдалануды үйрету.Дамытушылығы. Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру және компьютермен жұмыс жасау мүмкіндіктерін дамыту.Тәрбиелігі: Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, компьютермен сауаты жұмыс жасай білуге үйрету.Сабақтың түрі: Жаңа сабақӘдісі: Көрсете - баяндау, пікірлесе - түсіндіру.Сабақтың көрнекілігі: ДК, слайдтар, үлестірмелі тапсырмалар, интерактивтітақта.Сабақтың өту барысы:І. Ұйымдастыру1. Оқушылармен амандасу2. Оқу - құралдарын түгендеуІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеруКомпьютер құрылғыларының аттарын толықтыр:СөзжұмбақКөлденеңінен:1. Ереже бойынша ол 103тен 104ке дейінгі пернеден тұрады.Тігінен:1. Компьютердің басып шығару құрылғысы2. Қағаздағы кескінді түсіріп дисплей экранынан шығаруға мүмкіндік беретін құрылғы:3. Компьютердің миы4. Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы5. Интернетпен байланысқа шығуға көмектесетін құрылғы6. Компьютерлік ойындарда экрандағы жылжитын объектілерді басқаруға арналған манипулятор7. Процессор басқа құрылғылардың сымдардан тұратын кабель арқылы жалғастырады оны...8. Information сөзінің аудармасы9. Апараттың өлшем бірлігі10. Тышқанның басқаша атауыІІІ. Жаңа сабақ.Пернетақта – компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы. Ол әріптің және цифр пернелерінің көмегімен компьютерге кез - келген ақпаратты беруге мүмкіндік жасайды. Қазіргі компьютерлердің 102 - 104 перне болады.Пернетақтаның негізгі блоктары:1. Функционалдық пернелер (F1 - F12) – күрделі операцияларды орындауға арналған, символдық пернелердің үстіндегі жолда орналасқан. Олар латынның F(F1, F2….. F12) әрпімен белгіленген. Функционалдық пернелер компьютердің күрделі операцияларын тез орындау үшін қолданылады. Әр түрлі жағдайларда (әр түрлі бағдарламалармен жұмыс істегенде) олар әр түрлі міндеттер атқарады. Мысалы: Бейсик тілінде F1.... F10 пернелерін басып, белгілі командаларды орындауға болады.2. Цифрлық пернелер – цифрлық ақпаратты енгізуге және меңзерді басқаруға арналған. Цифрлық пернелер немесе қосымша пернетақта, олар 10 пернеден тұрады. Пернетақтада оң жақта орналасқан. Бұлардың көмегімен цифрлық ақпараттарды компьютерге енгізуге, сондай - ақ меңзердің экранда қозғалуын басқаруға болады. «NumLock» пернесі пернетақтаның оң жақ қосымша бөлігінің жұмыс режимін ауыстырып қосады.
Сабақтың мақсаты: Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру.Сабақтың мақсаты:Білімділік: Функция шебері көмегімен функцияларды қолдану, дайын функциялардың түрі мен қолданылуын тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін жинақтау.Дамытушылық: Сабақта оқушылардың шығармашылық және ойлау іс - әрекеттерін дамыту, өз бетімен жұмыс істеудағдыларын қалыптасуына ықпал ету.Тәрбиелік: Бір - бірімен ынтымақтаса, ұқыптылықпен өзара көмек көрсете алуға тәрбиелеу. Халықтың әдет - ғұрпын, салт - дәстүрін сүюге тәрбиелеу.Құзыреттілігі: Оқушыларды бәсекеге қабілеттілікке баулу, ақпарат жинау, өңдеу.Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы.Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жинақтау.Сабақтың әдісі: Қайталау сабағы.Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер: Тірек схемалар.Пәнаралық байланыс: математика, әдебиетСабақтың барысы:I. Ұйымдастыру кезеңіПсихологиялық тренинг:1. Сыныптың санитарлық – гигиеналық жағдайын көру.2. «Амандасу» жаттығуын ұйымдастыра отырып, сыныпта психологиялық ахуал қалыптастырады.Шеңберге тұрып, бірімен - бірі қол алысып амандасып, сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру.3. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.III. Үй тапсырмасын сұрау:Excel бағдарламасында функциялар мен диаграммаларды құру тәсілдерін пайдалана отырып, өмірмен байланыстырып слайдтар жасау терілген. Берілген тапсырмаларын екі топтан оқушы шығып жасап, әкелген үй тапсырмасын қорғайды.IV. ТапсырмаларТеориялық жағынан пысықтау. Экранда функциялар мен диаграммалардың суреттері көрсетіледі. Оқушылар суреттерге қарап сипаттама береді.V. Практикалық жұмысНаурыз көже — Ұлыстың ұлы күні жасалатын қасиетті ас. Оған тары, арпа, бидай, бұршақ, күріш сияқты жеті түрлі дән мен ақ қосылады. Түркі халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан, наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосылады. Оған қоса, ол — тоқшылық пен ырыс құттың жоралғысы. Төменде наурыз көженің даярлану үлгісін ұсынып отырмын.Наурыз көженің шығынын есептеңдер.Сендердің қолдарына 2000 теңге ұсынамын.Құрамы: 1 келі ет100 грамм бидай100 грамм күріш100 грамм тарыТұзАйранСуV. Практикалық жұмысНаурыз көженің шығынын есебінің диаграммасын түзіңдер.VI. Сергіту сәтіСергіту сәтінде ұлттық ойын «асық ату» арқылы жасырылғансөзжұмбақтарды шешу.VII. Логикалық есептер1. Үш литрлік және бес литрлік суды қалай өлшеуге болады?Шешімі: 3+3=6 6 - 5=1 3+1=4л
Сабақтың тақырыбы: Информатика бөлмесіндегі қауіпсіздік техниканы сақтау.Құзыреттілікке жеткізетін мақсат – міндеттер:а) ақпараттық құзыреттілік ә) коммуникативтік құзыреттілікб) проблемалық құзыреттіліка) Оқушылардың компьютерде отыру ережесін, қауіпсіздік техника заңдары туралы түсініктерін толықтыруә) Ақпараттық құзырлығын артыру. б) қауіпсіздік ережелерін басқа да кабинетте қолдана алу білігін қалыптастыру.Сабақтың типі: қайталауСабақтың әдісі:Білім көзіне қарай топтастырылған әдістер: сөздік, практикалық.Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар:Дамыта оқыту технологиялары: оқу мен жазу арқылы.Пән аралық байланыс: Физика, математикаОқыту құралдары: Кітап, ережелерСабақтың барысы: Оқытушы Оқушы Күтілетін нәтижеI. Ұйымдастыру бөлімі: Сыныпқы кіріп, сыныптың тазалығын тексеріп, кезекшілерден «жоқ» оқушылардың тізімін алу. Оқушылар орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу, «жоқ» оқушылардың тізімін беру Зейіндерін сабаққа аударып, сабаққа мұқият қатысуын бақылау.II. Үй тапсырмасын тексеру:Ауызша, сұрақ-жауап, қауіпсіздік техника ережелерімен білімдерін тиянақтау.III.Жаңа материады хабарлау: Есептеуiш техника кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi1.Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды мұғалiмнiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;Мұғалiмнiң рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кiруге болмайды;Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиiс;Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;Компьютерлiк сыныпта жүгiруге, ойнауға, жанындағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады.2.Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.3.Оқүшының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;Сыныпқа кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйiк иiсi шықса немесе өзгеше дыбыс дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалiмге хабарлау керек;Өрт сөндiруде көмек көрсету қажет;Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетудi бiлуi керек;Компьютерлiк сыныпта өрттi сумен сөндiруге болмайтындығын бiлуi қажет.Оған құм және т.б. өрт сөндiргiш құрал-жабдықтарын пайдалануға болады;Электр тоғының әсерiмен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын бiлу қажет. Оңы әр түрлiматериалдарды(электр тогы сымынан басқа) пайдалану арқылы босатып алуға болады.5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:Мұғалiмнiң нұсқауы бойынша апаратты өшiру;Жұмыс орнын ретке келтiру;Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);2.Зақымданушыны ток әсерінен(сымнан) босату;3. Дәрігер шақыру; 4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.І. Күйген жағдайда:● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу ;● Зақымданған жерге суық су құю;● Алдын-ала жараланған жерді , микроптар түспес үшін мөлдір жұқа қағазбен (целлофанмен) орау.ІІ. Есінен танып қалған жағдайда:● Зақымданушы жауырынымен тегіс жерге жатқызып, басын бірЖағына қаратып , қырымен орналатыру керек;● Нашатыр спиртін иіскету керек.ІІІ. Тыныс алысы тоқтаған жағдайда:● Ауызды ашып тілдің орналасу жағдайын тексерту керек, егер олкүрмеліп қалса оны қолмен дырыс қалпына керек ;● Дем алыс жағдайына келгенге дейін, қолмен дем алдыру (ауызбен ауызға) немесе дәрігер келгенге дейін жаттығулар жасату;Шаршағандағы қолданылатын жаттығуларБас жаттығуларын жасау:1.Басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;2. Басты жан-жақа, жоғары-төмен, оңға-солға бұру.3. Саусақтарды жұмып-ашу және қолдың блезігін босаңсыту.4. Денені босаңсыты және оны кетіріп ширықтыру.5. Көз жаттығуларын жасау: Көзге арналған жаттығулар:1.1-4-ке дейiн санап көздi қатты жұмып,сонан кейiн ашып,жайбарақат ұстап,1-6-ға дейiн санай отырып,алысқа қарау қажет.4-5 рет қайталау қажет2.1-4-ке дейiн санай отырып,екi көздi оларға қатты күш салмай,бiр-бiрiне қаратып,соңында 1-6-ға дейiн санай отырып алысқа қарап,4-5 рет қайталау керек.3.1-4-ке дейiн санап,басты қозғамай,оңға қарап бiр нүктеге көз тоқтату,соңында 1-6-ға дейiн санап,алысқа қарау.Осы тәрiздi басты қозғамай,солға,жоғары,төмен қарау керек.4. 1-6-ға дейiн санай отырып,көзқарасты диогоналы бойынша:оң жақ жоғарыдан-сол жақ төменге аударып,сонан соң алысқа қарау;сонан соң сол жақ жоғарыдан-оң жақ төменге аударып, алысқа қарау.4-5 рет қайталау.Көз гимнастикасын орындау кезiнде жалпы дене гимнастикасын да жасауға болады.Тұрақты түрде көз және жалпы дене гимнастикасын жасау көзге түскен қысымды жеңiлдетiп,дененi сергiтедi.IV. Жаңа материалды бекітуСұрақ-жауапV. Үй тапсырмасы Қауіпсіздік ережелерін жаттауVI. Қортынды Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Тақырыбы: «Информатика және біз» атты сайысСайыстың мақсаты:Білімділік: Оқушылардың компьютерде ақпарат жаңалықтарын пайдалана отырып, информатикалық білімдерін, ой-өрісін танымдық қабілеттерін дамыту.Дамытушылық: Ұжымшылдық, іскерлік қабілеттерін, логикалық ойлау қабілетін, интеллектісін дамыту.Тәрбиелік: Бір мақсатқа жету үшін аянбай еңбек етуге, өнерді сүюге тәрбиелеу.1 - жүргізуші: Сәлеметсіздер ме қадірлі ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі бастағалы отырған «Информатика және біз» атты сайысқа қош келдіңіздер! Бұл сайысымызды Н. А. Рубакиннің «Нағыз білім атаулыға өздігінен білім алу арқылы ғана қол жетеді» деген асыл сөзінен бастағымыз келіп отыр.2 - жүргізуші:Шақырамыз келіңдер жарысуға,Күш, өнер, білімменен алысуға.Бар өнерді салыңыздар ортамызға,Ал қанекей шығыңыздар сайысуға.1 - жүргізуші:Әлемді елестетіп көзімізгеӘрлендіріп бал қосайық сөзімізгеТурасын шешіп, тауып айтарӘділқазыларды шақырайық төрімізге!2 - жүргізуші: Сынның әділдігін айтатын әділқазылар алқасын таныстырып өтейік.1 - жүргізуші:Шын жүйрік шабысынан табылады,Нақты білім терең ой сыналады.Баға берер әділқазы ортамыздаСіздерге құрметпенен қол соғылады.2 - жүргізуші:Информатика сырлары,Қызықтырды біздердіОйынға қатысуғаШақырамыз сіздерді, - деп, ортаға сайысқа қатысушы топтарды шақырайық.I - тур: «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» (таныстыру)1 - жүргізуші:Мейірімді жүрекпенАқпейілді тілекпенАмандасып алайықБір жадырап қалайық2 - жүргізуші:Демеймін заман сөздері,Түбі бүгін өзгердіБағыңды сынап сайыстаКөрінетін кез келді,- дей келе «Өзге емес, өзім айтам өз жайымды» сайысына береміз.(екі топ өздерінің таныстыруларын айтады)II - тур. «Кім жүйрік» (сұрақтар)2 - жүргізуші: Кезекті сайыста біздің сайыскерлеріміз сұрақтарға қалай жауап береді екен, сұрақ қойып сынап көрейік. Алдарыңызда «Ғажайып алаңы»:III тур. «Кім алғыр» (тапсырмалар орындау )1 - жүргізуші:Сайыскерлеріміз қазір компьютердегі қолданбалы бағдарламаларды пайдалана отырып тапсырма орындайды. Тапсырманы қай топ жылдам әрі сапалы орындайды екен. Топтағы барлық адам қатысуға тиіс.1 - тапсырма: (3 мин уақыт)2 - тапсырма: (3 мин уақыт)2 - жүргізуші: Біздің сайыскерлеріміз тапсырмасын орындап болғанша көрермендермен ойын ойнайық. Қане кім жылдам жауап береді екен.(слайд)IV - тур. «Кім епті» (сәйкестікті табу)2 - жүргізуші: Енді «Кім епті» сайысына да кезек келді. Сайыскерлеріміздің ептілігін сынап көрейік. Сәйкестікке берілетін сұрақтар, мұнда әр сұрақтарға сәйкес дұрыс жауаптарын табу керек.V - тур. «Қимылдар сөйлейді»1 - жүргізуші: Екі топ бір – біріне информатикаға байланысты сұрақтарын қимыл арқылы көрсетеді. Екінші топ соны тауып айтады.VI - тур. Капитандар сайысы2 - жүргізуші:Ең қиыны жарыстың енді келді,Мықтылары қалыпты, жеңсін енді.Тез жауап бер ойланып тұрып қалмай,Осы ойыннан көреміз ерен ерді - деп, келесі кезеңіміз топ басшылар сайысы. Топ басшыларын ортаға шақырамыз. Алдарыңыздағы әріптері ауысып кеткен терминдерді жылдам тауып, қалпына келтіріп жазу керек.