«К?ктем аруыны? ?ызы?ты хаты» «Балдыр?ан» тобыны? ?орытынды саба?ы


«Балдырған» екінші сәбилер тобының
оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Тіл дамыту
Тақырыбы: Көктем аруының хаты.
Мақсаты:
Білімділік:
Балалардың көктем туралы, оның ерекшеліктері туралы білімдерін тиянақтау. Балалардың жыл бойы алған білімдерін тексеру.
Дамытушылық:
Балалардың ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын, саусақ моторикасын дамыту.
Тәрбиелік: зейінділікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, топтастыру, М.Монтессори әдістемесінің элементтері, ойын.
Көрнекі құралдар: Хат, пішіндер, үй, дала жануарлары, жемістер мен көкөністер

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің
іс-әрекеті Балалардың
іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Үлкенге де Сіз,
Кішіге де Сіз.
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.
-Балалар, бізге біреу хат тастап кетіпті
( балалардың назарын хатқа аударту). Ол кімнен болды екен? Хатты ашып оқиық па?
«Құрметті балалар! Мен Көктем аруымын. Мен сендерді өте ақылды балалар деп естідім. Сондықтан сендерге бірнеше тапсырмалар жазып жібердім. Тапсырмаларымды орындайсыңдар деп үміттенемін».
-Балалар, Көктем аруының тапсырмасын орындауға дайынбыз ба?
Балалар шаттық шеңберін құрады.
Қызығушылықтары оянады.
Хатта не жазылғанын мұқият тыңдайды.
Қуана келіседі.
Ұйымдастыру-іздестіру Ендеше, мұқият тыңдаңдар (Әр тап-сырма геом. пішінде жазылған).
1-тапсырма:үшбұрыш.
-Балалар, бұл қандай пішінге ұқсайды?- Қазір қандай жыл мезгілі?
-Көктемнің ерекшеліктері қандай ?
- Дұрыс айтасыңдар, көктемде күн жылынып, қар ериді. Жан-жануарлар далаға шығады.
2– тапсырма:дөңгелек.
-Ал мынау қандай пішінге ұқсайды?
-Қандай үй жануарларын білесіңдер? Төлдерін атаңдар?
- Неге оларды үй жануарлары деп атайды?
Д/о «Топтастыр»
Шарты: араласқан үй жануарлары мен дала жануарларын топтастыру.
Сергіту сәті.
3-тапсырма: төртбұрыш.
-Балалар, ал мынау қандай пішін?
-Біздің топта төртбұрышқа ұқсайтын қандай заттар бар?
-Көктем туралы қандай ән білесіңдер?
-Балалар, Көктем аруы сендерге жемістер мен көкөністер беріп жіберіпті. Олардың барлығы бір себетке салынған екен. Қазір сендер көкөністер мен жемістерді бөліп салуларың керек. -Менің қолымда неше себет?
-Олар бірдей ме, әлде әртүрлі ме?
Ендеше үлкен себетке жемістерді, кішкентай себетке көкөністерді салайық.
-Көкөнітер қайда өседі, ал жемістер ше?
-Өте жақсы, балалар, Көктем аруы бізге тағы кәмпиттер беріп жіберіпті. Сырттары әр түрлі екен. Біз оларды түстері бойынша бөліп салайық.
Монтессори әдістемесінің элем-рі: түстерді ажырату, алма, жүзім, гүлдерді ретімен қою.
-Балалар, сендер шынымен де өте ақылды екенсіңдер. Тапсырманың барлығын орындап бердіңдер. -Үшбұрыш
-Көктем
Өз ойларын айтады.
-Дөңгелекке
Үй жануарларын атайды
Балалар өз сөздерімен жауап береді
Ойынға белсене қатысады
Сергіту сәтін қимылмен орындайды.
-Төртбұрыш
Балалардың жауабы.
«Көктем келді» әнін орындайды
-2 себет бар
-Біреуі үлкен, біреуі кішкентай
Тапсырмаларды орындайды.

Рефлексивті – түзетушілік -Балалар, бізге қонаққа кім келді?
-Қандай тапсырмаларды орындадық?
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.
-Көктем аруы
Орындаған тапсырмаларын айтады.
Өз ойларын айтады.

Күтілетін нәтиже: ______________________________________________________________
Нені білу керек:
Қойылған сұрақтарды мұқият тыңдап, оларға толық жауап беру тапсырмасын.
Нені игереді:
Көктем туралы ойларын еркін жеткізе білу іскерліктерін.
Нені біледі:
Үй жануарларына қамқорлықпен қарауды
1981835-365760
7884160264033080175102628265
78841602640330
80175102628265
709168015481307091680154813070916801548130
70916801548130
71996301583690
7199630158369070916801548130
7199630158369070916801548130
«Көктем аруының қызықты хаты»
«Балдырған» тобының
қорытынды сабағы
Өткізген: Утепова Ж.М.
507619068516502015-2016 оқу жылы
50761906851650