?дептімін мен неге (Мектепалды даярлы? тобы)


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Әлеуметтік орта
Бөлімі:Әдептілік әлемі
Тақырып : «Әдептімін мен неге»
Мақсат Балалардың өмірге қажетті білік  дағдыларын терендете отырып, сыйластық, үлкенге құрмет көрсету, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу. Әдептілік кішкентай кезінен отбасыдан, балабақшадан әдептілікке баулу қағидаларын меңгерту арқылы имандылыққа, инабаттылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Балабақша : «Таңшолпан» балабақшасы» Күні:
Тәрбиеші: ________________________ тобы:« » тобы Бала саны:
Іс-әрекет кезендері Тәрбиешінің іс әрекеті Балалардың іс әрекеттері
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
Шаттық шеңбері
Жағымды күйге келу Шаттық шеңбері
Көршілерді көргенде Сыйлап сәлем беремін Әдепсіз деп сөкпесін Анама айтып өкпесін.
Бір бірімізге жақсы тілектер тілеп отырайық.
Қимылмен көрсетіп отырады
• Мен саған қуаныш тілеймін. Мен саған сүйіспеншілік тілеймін.
• Мен саған жақсылық тілеймін.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
Дәйек сөз
Мәтінмен жұмыс
Әңгімелесу
Сергіту жұмысы
Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс 1. Әдептілік – сәлемдесуден басталады.
2. Мектепте өзінен жасы үлкен кісілер кездессе, оларды таныса да, танымаса да сәлем беру.
3. Сәлемдесу салты «Сәлеметсіз бе!», «Ассалаумағалейкум» деген сөзден басталады.
Бұл сөз араб тіліндегі «Сізге тыныштық тілеймін» деген жақсы тілекті білдіреді.
3.     Алыстан алты жасар бала келсе, ауылдағы алпыс жасар қария сәлем береді деген өнегелі өсиет бар. Сәлем беру имандылық, әдептілік, көргенділік болады. Үлкенге сәлем беру кіші адамның міндеті. Кіші адам үлкен адамға сәлем бермей кетсе ол әдепсіздік көргенсіздік болады.
Мен әдепті баламын
Айдана: Мені үлкендер әдепті деп мақтайды,
Мінезімнен теріс қылық таппайды.
Ал егер сен жалқау болсаң тілазар,
Ондай әдет жақсылыққа жатпайды.
Айтқан тілді аламын,
Айтқан жерге барамын,
Мен әдепті, мен әдепті баламын!
Диас: Қарсы алдынан кесіп өтпей көлденең,
Қашанда мен үлкендерге жол берем.
Абайсызда қалса біреу сүрініп,
Сол заматта сүйеніш боп қол берем.
Тілін алып кішінің де кәрінің,
Көңілінен шығып жүрмін бәрінің.
Ата-ананың айтқан сөзін тыңдауды,
Әдептілік белгісі деп таныдым.
Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, сұрақтарға жауап береді.
Рефлексивті-түзерушілік
Топпен ән айту
Соңғы тыныштық сәті Балалар мақал-мәтелдер айтады
1.Бала тәрбиесі бесіктен 2.Әдепті бала - арлы бала, әдепсіз бала - сорлы бала. 3.Әдепсіз өскен адамнан, тәртіппен өскен тал артық. 4.Адам әдебімен көрікті. Балалар тәрбиешімен бірге мақал-мәтелдер айтады.
Күтілетін нәтиже: Әдептілік кішкентай кезінен отбасыдан, балабақшадан басталатынын түсінді.