О о дыбысы мен ?рпі Мектепалды даярлы? сыныбы


Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Күні:
Сыныбы:
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Сауат ашу негіздері
Тақырыбы: О о дыбысы мен әрпі
Бағдарламалық міндеттері : «Оо» дыбысымен және әріпмен таныстыру. Әріпті тиісті дыбысқа сәйкестендіру біліктеріне жаттықтыру. Оның сөздегі орнын(басында,ортасында,соңы)анықтау. Тілдің дұрыс дыбысталу мәдениетін тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар:О о әрпі ,суреттер .
Қос тілдік білім:
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Уәждемелік-түрткелік кезені. Шаттық шеңбер
Арайлап бүгін атты күн
Шашып бірге шапағын.
Тілейміз сізге ақ таңның
Қуанышын шаттығын
Қайырлы таң,қайырлы күн!
Беті байланған қуыршақ келеді.
Бұл қыз баланың аты Орынгүл.Қалай ойлайсындар, қыз балаға не болды? Аяныш сезімдерін білдіреді.

Ұйымдастыру ізденістік кезең
Дұрыс! Орынгүлдің тісі аурып кетті.
Орынгүл о-о-о-о деп ыңырсып жылайды.
Қыздың аты кім? Қандай әріптен басталған?
О дауысты дыбыс қызыл текшемен белгілейміз.
Орынгүлдің достары көп.Оның әрбір досының атында «О» дыбысы кездеседі.
Орынгүлдің достарын атайық.
Орынгүлдің тісі емделгеннен кейін, олар бәрі жиналып театрға ертегі көруге барады.
Ал сендер қазір әртіс болып ойнайсындар.
Қойылым «Ормандағы қоян үйі өртенді»
Қоңырау үні естіледі: «Тың-тың-тың»
Ой-ой-ой,
Орманда қоянның үйі өртенді,
Көмек керек кім шығады белсенді?
БАЛА: Ой-ой-ой
Көмек керек болыңдар,болыңдар.
ҚОЯН: Ой-ой-ой
Үйім өртенді-ау, жинаңдаршы қол!
Автор: Борсық кеді шелекпен,
Қоянға болысты кезекпен.
ЖОЛБАРЫС:Ой-о-о-ой-ой,мұнда әлі жарық қой,
Жарықты өшір,керек емес алып қой.
ШОШҚА:Торайларым,томпақтарым,
Жабылыңдар іске бәрің.
БАЛАЛАР: 1-2;1-2:
Өрт сөндірдік біз енді!
БӘРІ:Ой-ой-ой,орман қалды – ау,аман сау
Байқа бала өрт деген қатал – жау!
Тыныс алу жаттығуы
Орынгүл достарымен ойнағандыда жақсы көреді.
Ойын:«Дыбыс қайда жасырынды?»
Доп,Олжас,оймақ.кино,қолғап,ою,қоян т.б.
Саусақ жаттығуы
Ойын: «Тиісті суретті тап»
Сергіту сәті: «Аю мен қоян» сөздік ойын.
Аюдын үлкен үйі бар.(төменгі дауыспен)
Ал қоянның үйі кішкентай. (жоғарғы дауыспен)
Біздің қонжық үйге кетті.
Қоянда кетті үйіне.
Ойын: «Кім көп сөз ойлайды» Омар,Олжас,Торғын,
Шолпан,Орнай т.б.
Әртіс болатындарына қуанады.
Әр бала өз рөлдерін сомдайды.
Суы бар шелекті жалынға құяды.
Жарықты сөндіреді
Ортасында,аяғында, басында кездеседі
О дыбысынан келетін суреттерді бояу.
Ой! Ой! Ой! (қолдарымен үлкен үй көрсетеді)
Ой! Ой! Ой! (қолдарымен кішкентай үй көрсетеді)
Ой! Ой! Ой! Аюдың қимылын салады.
Ой! Ой! Ой! Қоянның секірген
қимылын салады
Рефлексифтік
қортындылаушы Балалар бізге кім қонаққа келген?
Қандай әріппен таныстық.
Орынгүлдің достарының аты кім? Олар қайда барғанды ұнатады? Қандай қойылым көрдік?
О дыбысына ұқсаутын не бар? Өз сөздерімен әңгімелейді
Күтелетін нәтіже:
Білу керек: Өтілген дыбыстарды бір-бірінен ажырата білу.
Игеру керек: Дыбыстың ерекшелігін айта отырып,оның сөздегі орнын анықтау.(Ортасында,аяғында, басында)
Үйрену керек:Сөздерге талдау жұмысын жасай білуге.