11-сынып ?олданбалы курс к?нтізбелік жоспары
Бекітемін: Келісемін:
Мектеп директоры Оқу ісінің менгерушісі
Момбеков Б Молдахметова С
_______________ _________________
«__»_________2015 ж «__»___________2015 ж
2015-2016 оқу жылы
Flash-тегі анимация
Бағдарламаны құрастырушы: Меллатұлы Мұнарбек, Айтжан Түркебаев атындағы орта мектебінің информатика пәні мұғалімі
Қолданбалы курс: «Flash-тегі анимация», 11 сынып
Бағдарламаға түсінік хат:
Бұл бағдарлама жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптарға информатика пәнінен қолданбалы курс оқытуға арналған. Анимациямен жұмыс жасау арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға, шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.
«Flash-тегі анимация» тақырыбындағы курс оқушыларға анимация жасауға арналған бағдарламалар түрлерін, олардың қолданылуын анықтауға көмектеседі және бейнелермен жұмыс жасай білу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл бөлінген.
Flash технологиясы қадамдық форматтағы анимацияны, Web-те пайдалануға болатындай етіп түрлендіру үшін дайындайтын анимациялық қосымша болып табылады. Flash-тің негізі сурет салудан басталады. Сурет салуда әр түрлі құрал-жабдықтар қарастырылған. Осы құрал-жабдықтарды қолдану жолдарын үйренеді.
Flash бағдарламасында бейнелерге әр түрлі анимациялық эффектілерді қолдануды үйретенді.
Курстың негізгі мақсаты:
Бұл қолданбалы курс оқушылардың ойлау, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды, жалпы адамзаттық құндылықты дамытуды, табиғатқа ғылыми көзқарасын, адамның дүниетанымдық көзқарасына алғышарт болып табылатын әлеуметтік маңызды бағдарларын, түрлі мәселелерді шешуде алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдыларын қалыптастыруды көздейді. Flash анимациялық бағдарламасының құралдарымен таныса отырып, бейнелерге әр түрлі анимациялық эффектілерді беруге үйрету – курстың басты мақсаты болып табылады.
Курстың негізгі міндеттері:
Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту (жеке жағдайда, алгоритмдік, әрекеттік ойлау қабілетін дамыту);
Оқушыларды практикалық және бағдарды бағытта даярлау
Күтілетін нәтиже:
Оқушылар қабілетіне қарай мемлекеттік стандартқа сай сапалы білім алады.
Проблеманы көре алатын және оны шеше алатын, барлық ақпарат түрлерімен жұмыс істеп, алған білімдерін өмірде кездескен нақты жағдайда пайдалана алатын тұлға қалыптасады.
Оқу үрдісінде репродуктивтік, эвристикалық және зерттеушілік тапсырмаларды қолдану оқушылардың белсенділігін арттыру.
Өз заманына сай білімді, іскер, шығармашыл, жан-жақты дамыған, терең білімді шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Оқушыларға қойылатын талаптар:
Білу: тарауды толық меңгеріп, растрлық және векторлық графиканың айырмашылығын толық түсіне отырып, олармен жұмыс жасайды. Flash бағдарламасымен терең зерттеп, оның құралдарымен жұмыс жасай отырып, өздері салған бейнелерге күрделі анимациялық эффектілер беру арқылы түрлі мультипликацияларды орындай біледі.
Үйрену: Flash анимациялық бағдарламасы құралдарын қолдану жолдарын, шығармашылық жұмыс жасауға үйренеді.
Түсіндіру: Flash анимациялық бағдарламасын түсіндіру
Қолдана білу: Курстан алған білім мен білікті кәсіби бағдар алуда, күнделікті өмірде қолдана алады.
Сағат жүктемесі: аптасына 1 сағаттан, барлығы 34 сағат.
Тақырып жоспарының мазмұны: (бағдарламасы)
1-бөлім: Flash бағдарламасы(2 сағат)
Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы. Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау
2-бөлім: Flash-те сурет салу (3 сағат)
Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін пайдалану. Суреттерді салу және коррекциялау. Бояуды пайдалану. Компоновкалаудың қосымша элементтерін пайдалану
3-бөлім: Flash-те растрлық бейнелерді пайдалану (4 сағат)
Растрлық суреттерді импорттау. Растрлық суреттерді трассировкалау. Растрлық суреттерді жіктеу. Растрлық суреттерді сығу
4-бөлім: Мәтінмен жұмыс жасау (5 сағат)
Text инструменті және символдар атрибуттары. Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру. Текстпен жұмыс істеудің эффективті әдістері
5-бөлім: Flash фильмінің элементтерімен жұмыс (4 сағат)
Символдармен жұмыс. Экземплярлар. Библиотека элементтері
6-бөлім: Flash-тегі анимация (4 сағат)
Кадрлармен жұмыс. Кадраралық эффектілер. Flash-тегі мультипликация
7-бөлім: Дыбысты пайдалану (3 сағат)
Дыбысты Flash-ке әзірлеу. Дыбысты басқару
8-бөлім: Flash интерактивтілігі (4 сағат)
Батырмалар және олардың түрлері. Меню және құжаттарды структуралау. Компоненттерді пайдалану
9-бөлім: Бейне интеграциялау (3 сағат)
Flash-тегі видео. Импортталған видеомен жұмыс
Тақырыптық – күнтізбелік жоспар
Р/С № Сабақ тақырыбы Сағат саны Көрнекіліктер Мерзімі
1 1 Есептеуіш техника кабинетіндегі техника қауіпсіздігінің және тәртіп сақтау ережелері. Электр тогымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету. Көз шаршағанда жасалатын жаттығулар. Жұмыс орнының журналы 1 ДК, слайд Flash бағдарламасы – 2 2 2 Flash бағдарламасымен танысу. Панельдер. Құжат атрибуттарын баптау. Уақыт шкаласы 1 Презентация 3 3 Инструменттер панелі. Ыстық пернелер және оларды баптау 1 ДК, слайд Flash-те сурет салу – 3 4 4-5 Векторлық графикамен танысу. Сурет салу инструменттерін пайдалану. Суреттерді салу және коррекциялау 2 Презентация 5 6 Бояуды пайдалану. Компоновкалаудың қосымша элементтерін пайдалану 1 ДК, слайд Flash-те растрлық бейнелерді пайдалану – 4 6 7 Растрлық суреттерді импорттау
1 ДК, слайд 7 8 Растрлық суреттерді трассировкалау 1 Презентация 8 9 Растрлық суреттерді жіктеу 1 ДК, слайд 9 10 Растрлық суреттерді сығу 1 Презентация, кестелер Мәтінмен жұмыс жасау – 5 10 11-12 Text инструменті және символдар атрибуттары. Текст параметрлері, текстті редакциялау және түрлендіру 2 Презентация 11 13-14 Текстпен жұмыс істеудің эффективті әдістері 2 ДК, слайд 12 15 Шығармашылық жұмыс 1 Презентация, ДК Flash фильмінің элементтерімен жұмыс - 4 13 16-17 Символдармен жұмыс 2 Презентация, ДК 14 18-19 Экземплярлар. Библиотека элементтері 2 Презентация Flash-тегі анимация – 4 15 20 Кадрлармен жұмыс 1 Презентация, кестелер 16 21 Кадраралық эффектілер 1 ДК, слайд 17 22-23 Flash-тегі мультипликация 2 Презентация, ДК Дыбысты пайдалану – 3 18 24 Дыбысты Flash-ке әзірлеу 1 ДК, слайд 19 25-26 Дыбысты басқару 2 Презентация, кестелер Flash интерактивтілігі – 4 20 27 Батырмалар және олардың түрлері 1 Слайд 21 28 Меню және құжаттарды структуралау 1 Презентация, ДК 22 29-30 Компоненттерді пайдалану 2 Презентация, кестелер Бейне интеграциялау – 3 23 31 Flash-тегі видео 1 Презентация 24 32-33 Импортталған видеомен жұмыс 2 ДК 25 34 Қорытынды сабақ 1 ДК, презентация Курсты ұйымдастыру формасын анықтау:
лекция
сұхбат - әңгіме
топтау, жұптық оқыту
өзіндік жұмыстар әдістерін пайдалану
3. Курсты оқытуды аяқтау формасы.
- Қорытынды бақылау жұмысы
- Рефераттар
- Өз бетінше іздену жұмыстары (жоба)
4. Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі
- Тест тапсырмалары
- Шығармашылық жұмыс
- Өзіндік жұмыс
Жоба тақырыптары:
Көбелек анимациясы
Жүріп тұрған сағат
Табиғат құбылыстары
Үш өлшемді анимация
Ойын бағдарламасы
Қарапайым мәтіндік редактор
Музыкалық пернетақта
Мәтіндер анимациясы
Мәзірлермен жұмыс
Мультипликация