Презентация по казахскому языку на тему Д?ниеж?зілік м?хит суы (7 класс)
Сабақ жоспары
Күні: _____________ Пәні: География Сыныбы: 7 Сабақ реті: 9
Сабақтың тақырыбы: §9. Дүниежүзілік мұхит суы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды дүниежүзілік мұхит суымен таныстыру, олардың ерекшеліктеріне, маңызына тоқталу.
Дамыту: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, іскерліктерін, шығармашылық қасиеттерін шыңдай отырып, туған өлкеге деген мақтаныш сезімін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Табиғаттың сұлулығын аялауға, табиғаттағы өзгерістерді сезуге, бірін-бірі сыйлауға тәрбиелеу, эстетикалық тәлім-тәрбие беру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі, проблемалық әдіс.
Сабақтың көрнекілігі: Дүние жүзінің физикалық картасы, атлас карта, оқулық, глобус, жер құрылысының плакаты
Сабақтың өтілу барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі
3. Жаңа тақырыпты меңгерту кезеңі
4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі
5. Сабақты қорытындылау кезеңі
6. Бағалау кезеңі
7. Үйге тапсырма беру кезеңі
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгендеу
Сынып тазалығы
Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген тапсырма бойынша және кескін картаны тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
Дүниежүзілік мұхит сулары гидросфераның негізгі бөлігін құрайды. Дүниежүзілік мұхит ғаламшарымыздағы жылу мен ылғалдың таралуын белгілі дәрежеде реттеп отыратындықтан жердегі тіршілік үшін маңызы өте зор. Жер шарында Дүниежүзілік мұхит суының алып жатқан ауданы 361,1 млн км. Күн жүйесідегі ешбір ғаламшарда дәл Жер шарындағыдай мөлшерде су жоқ. Олай болса, су – Жер табиғатының басты байлығы тіршілік көзі.
Мұхит суының басты қасиеттері – температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының да жылынуы Күн сәулесінің түсу мөлшеріне тікелей байланысты.
Дүниежүзілік мұхит суы көлемінің үлкен болуына орай, құрлықпен салыстырғанда судың баяу салқындауы нәтижесінде мұхитта жылу көп жинақталады. Мұхиттың кейбір аудандарында бұл заңдылық мұхит ағыстары, тұрақты желдер, ал материк жағалауларында құрлықтың тікелей ықпалы мен олардан ағып шығатын өзен сулары әсерінен өзгереді. Судың температурасы тереңдікке қарай да өзгереді. Тереңдеген сайын алғашында температура күрт төмендейді, 3000-4000 м тереңдіктен кейін температура +2, – 0ºС аралығында тұрақтайды.
Дүниежүзілік мұхит суының құрамы аса күрделі. Мұнда суда еритін тұздар мен газдар, органикалық және ерімейтін заттар да кездеседі. Оның құрамында 60-тан аса тұрақты компоненттер бар. Табиғи минералдардың барлығы дерлік мұхит суында еріген күйінде кездеседі. 1 л мұхит суындағы еріген тұздардың мөлшері судың тұздылығы деп аталады. Бұл көрсеткіш промилле арқылы есептеледі. Мұхит суының орташа тұздылығы 35 промилле шамасында. Мұхит суының тұздылығы барлық қабаттарда бірдей емес. Тұздылық мөлшері әсіресе судың беткі қабаттарында атмосфералық жауын-шашын мен буланудың арақатынасына байланысты, географиялық ендік бойынша өзгеріп отырады. Судың тұздылығы:
Экватор маңында - 34‰
Тропиктерде - 36‰
Қоңыржай және поляр ендіктерде - 33‰-ге жуық.
Жауын-шашын мөлшері буланудан артық болатын және мол сулы өзендер құятын, мұзтаулар еритін айдындарында тұздылық кемиді. Ал дүниежүзілік мұхиттағы тұздылықтың өте жоғары көрсеткіші – 41 промилле (‰) Қызыл теңіздің солтүстігінде байқалады.
Тұздылығы 36‰ мұхит суының қату температурасы -2С шамасында болады. Суынған тұзды судың беткі қабатының тығыздығы артып, салмағы ауырлайды да, төмен ығысады. Арктикалық және антарктикалық белдеулерде қалың мұз қабаттары қалыптасады. Қоңыржай белдеудегі жағалық таяз теңіздерде де су қатады. Мұздар біржылдық және көпжылдық, қозғалмайтын және қалқыма болып бөлінеді. Қалқыма мұздардың таралу шекарасы жыл мезгілдеріне байланысты өзгеріп отырады. Бетін жаппай мұз басқан құрлық жағалауларынан сырғып, опырылған ірі мұздардың мұзтаулар (айсбергтер) қалыптасады.
ІV. Жаңа сабақты бекіту: Тест арқылы
1. Жер бетіндегі Дүниежүзілік мұхиттағы ең терең шұңғыма
a) Ява
б) Марианc) Алеут
д) Филиппин
e) Курил-Камчат2. Жер бетінің қанша пайызын Дүниежүзілік мұхит сулары алып жатыр?
a) 60%-ынб) 40%-ынc) 71%-ынд) 26%-ынe) 29%-ын3. Дүние жүзін алғашқы болып жүзіп шыққан адам?
a) Д.Ж.Кук
б) Ф.Магеллан
c) М.Полод) Х.Колумбe) А.Веспуччи4. Африка қанша мұхитпен шектеседі?
a) 5
б) 3
c) 4
д) 2
e) 1
5. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы ауданы қанша млн км²?
a) 320 млн км²
б) 316 млн км²
c) 361 млн км²
д) 313 млн км²
e) 363 млн км²
6. Тереңдеген сайын мұхит суы ... түседі?
a) Ауытқи түседі;
б) Қозғалады;
c) Төмендей түседі;
д) Арта түседі;
e) Температурасы өзгермейді;
7. Дүние жүзілік мұхиттағы ең жоғарғы тұздылық қай теңізде?
a) Қара теңізде;
б) Ақ теңізде;
c) Қызыл теңізде;
д) Жерорта теңізінде;
e) Каспий теңізінде;
V.Қорытындылау: Бүгінгі сабақта, дүниежүзілік мұхит суының жалпы ауданы, басты қасиеттері, терең шұңғымалар жайлы таныстық.
VI. Оқушы білімін бағалау: Оқушылардың жауап беру деңгейлері бойынша
VII. Үй тапсырмасы: §9. Дүниежүзілік мұхит суын мазмұндау. Кескін картаға Дүниежүзілік мұхит суының беткі қабатының орташа жылдық температурасын түсіру.
20742262281873Қызыл теңіз
00Қызыл теңіз
1064895256794000