Ш.??дайберді?лы Адамды? борышы? ?ле?і
Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы «Адамдық борышың»
Мақсаты:Білімділік: Оқушылардың Шәкәрім шығармашылығы бойынша білімдерін кеңейту. «Борыш» ұғымына талдау арқылы жете түсінік беру. Өлеңнің негізгі тақырыбы мен идеясын ашу.Дамытушылық: Балалардың өз ойын нақты, көркем сөздерді қолданып жеткізе білу дағдыларын қалыптастыру. Есте сақтау және ойлау қабілеттерін дамыту. Сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік. Нағыз адамға тән міндеттерді дәріптей отырып, оқушылардың бойына сіңіру. Өз елінің, жерінің қамын ойлайтын ,өз ісіне жауап бере алатын,адал қызмет атқаратын бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.
Сабақ түрі: жаңа сабақСабақта қолданылған әдіс-тәсілдер: Ойтолғау, салыстыру, әңгімелесу, сұрақ-жауап, сын тұрғысынан ойлауСабақтың көрнекілігі: Шәкәрім портреті, мультимедиялық проектор, слайд, қима қағаздар.Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, тарих, географияСабақ барысы.І ҰЙЫМДАСТЫРУ
Сыныпты 4 топқа бөлу. (Абай Құнанбаевтің төрт мезгілге арналған өлеңдері бойынша) (2 мин)
Топтың ережесін таныстыру. ( 1 мин)
Тәртіп;
Уақытқа бағыну;
Ынтымақ;
Бір-бірін құрметтеу;
Белсенділік.
Топбасшы сайлау, оның міндеттерімен таныстыру.
Топ басшылары бағалау парағы бойынша, сабақ барысында берілген джитондарды санайсыздар, топ мүшелерін бағалайсыздар.
Әр топқа бағалау критерийлерін, парақтарын тарату
«5»- толық және дұрыс жауап; «4»- толықтыратын жауап; «3»- ақпарат аз, толық емес; «2»- мүлде жауап жоқ;
ІІ.ҮЙ ЖҰМЫСЫН ТЕКСЕРУ
«Қазақтың бас ақыны» тақырыбында эссе жазу. Оқушылардың шығармаларын оқыту. Әр топтан бір баладан сұрау (5 мин)
ІІІ. ЖАҢА САБАҚТЫ ТҮСІНДІРУ
Видеоролик «Шәкәрім Құдайбердіұлы өмірі мен шығармашылығы» (3 мин)
Ой қозғау: Шәкәрім кім? Шәкәрім туралы не білеміз? (1 мин)
Шәкәрім — Абайдың немере інісі. Ұлы Абайдың жеті ағайынды болғаны белгілі. Шәкәрімнің әкесі Құдайберді сол жетеудің үлкені. Шәкәрімнің жеті жасында әкесі қайтыс болады. Бұдан соңғы жерде ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады.Шәкәрім-ақын.Шәкәрімнің ақын жүрегі өзінің айналасындағы құбылыстарды сырттаай ғана саралап құрғақ беәнелеуші болып қалған жоқ. Ол құбылыстар мен заттардың әрқайсысына терең мән берді. Жақсылығына қуанып,кемшілігіне езілді. Осыдан келіп Шәкәрімнің ақындық болмыс бітімі, азаматтық үні қалыптасты. Халық тағдыры — Шәкәрімнің жырындағы көкейтесті тақырып. Өз өлеңдерінде ол әрдайым халық басындағы жағдайларды баяндады.Шәкәрім батыс әдебиетінен көп мағұлмат алған.
Шәкәрім шығармаларының тақырыбы — адамгершілік. Яғни, адам бойындағы жақсы, жаман, адамгершілік қасиеттерін өз өлеңдеріне арқау еткен. Сондай бір өлеңдерінің бірі «Адамдық борышың» өлеңі.
Аудиотаспадан «Адамдық борышың» өлеңін тыңдау (1 мин)
ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС
Оқушыларға тізбектеп оқыту. (1 мин)
«Адамдық борышың» өлеңі
Адамдық борышың-Халқыңа еңбек қыл.Ақ жолдан айнымайАр сақта оны біл.Талаптан да білім мен өнер үйрен,Білімсіз, өнерсіз,Болады ақын –тұл.
Мақтанға салынбаМансаптың тағы үшін,Нәпсіңе билетпеБасыңның бағы үшін.Өміріңді сарп қылӨлгеніңше,Жоба тап ,
Жол көрсет,Келешек қамы үшін.
Қайтадан қайырылып ,Қауымға келмейсің,Барыңды,
НәріңдіТірлікте бергейсің.Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң,Шын бақыт-осыны ұқ,Мәңгілік өлмейсің!
Түсіндіру: Өлең мазмұнын түсіндіремін. Адамның борышы – халыққа адал еңбек ету, білім мен өнер үйрену, келешекке жол көрсету, үлгі алатындай із қалдыру. Жаман қылықтардан аулақ болу-мансап үшін мақтанға салынбау, бақ үшін арсыз қылықтардан аулақ болу.
Өлеңді талдау сұрақтары: (2 мин)
1/ «Адамдық борышың дегенді» қалай түсінесің?
2/ Өздеріңді кімдердің алдында борыштымын деп есептейсіңдер?
3/»Ақ жолдан айнымай,ар сақта» деген өлең жолдары арқылы автор не айтпақ болған?
4/Ақын шын бақыт деп нені көрсетеді?
ДӘПТЕРМЕН ЖҰМЫС (5 мин)
Адамдық борыштарды жазамыз:
Адал еңбек ету;
Білім мен өнер үйрену;
Келешекке жол көрсету;
Үлгілі болатын іс қалдыру;
Талмай талаптану;
Халқым үшін еңбек ету;
Өнердің сан қырын меңгеру;
Мейірімді, қайырымды болу.
Түсіндірме сөздік.Мансап – атақ, даңқ;
Нәпсі – тойымсыздық, көрсеқызарлық;
Тұл – жалғыз, ескерусіз қалу;
Сарп қылу – жанымен беріле орындау;
Ғибрат – үлгі
ТОППЕН ЖҰМЫС (7 мин)
Тақырыбы жағынан, идеясы жағынан Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңі Абайдың сендер білетін қай өлеңдеріне
ұқсайды? (салыстыру)
Абай Құнанбаев Шәкәрім Құдайбердіұлы «Әсемпаз болма әрнеге» «Адамдық борышың»
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алмаМақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшінСен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан! Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшінАқырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далағаҒибрат алар артыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт- Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеденАқ жолдан айнымайАр сақта оны біл.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма. Білімсіз, Өнерсіз,
Болады ақын тұл.
«Борыш» дегеніміз не? Қалай түсінесіздер? (топтастыру)
1615440688975Борыш деген не?
00Борыш деген не?
«Борыш» сөзіне түсінік (міндет, парыз, қарыз). Әрбір адамның Отан алдында, халық алдында, ата-ана алдындағы борышы, мұсылмандық парызы туралы түсінік.
101536522860287909022860
2171065482600
Өлеңді құрылысына талдау.
Авторы – Ш. Құдайбердіұлы
Негізгі тақырыбы – адамзат міндеті
Идеясы – артына үлгі аларлықтай іс қалдыру.
Жанрлық түрі - поэзия
Шумақ - 3 шумақ
Тармақ – 24
Бунақ – 43
Буын-1 шумақ -6 буыннан
2 шумақ – 6-11 буын
Адамға тән жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді жазу
Адамның жақсы қасиеттері / Адамның жаман қасиеттеріБілімді мақтаншақарлы білімсізеңбекқор мансапқоршыншыл айлакерөнерлі жалқаужомарт өсекшіата ананы сыйлайды өтірікшісараң
Әр топ постер қорғайды (3 мин)
СЕРГІТУ СӘТІ (2 мин)
ІҮ. Ой толғаныс
«БББ стратегиясы» (5 мин)
БІЛЕМІН БІЛГІМ БЕЛЕДІ БІЛДІМ
Ү. ҚОРЫТЫНДЫ (2 мин)
Шәкәрім қай жылы,қай жерлерде өмірге келді?
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
Ол кімнің тәрбиесінде болды?
Шәкәрім өзін кімнің шәкіртімін деп есептеді?
«Адамдық борышың» өлеңінің тақырыбы не жайында?
Ол сендерді қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
ҮІ. ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ.
«Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
«Менің борышым»тақырыбына ой толғау жазу.
ҮІІ. Бағалау. (5 мин)
Әр топ өздерінің бағалауларын айтады, берілген джитондарды санайды.
Кері байланыс орнату (3 мин)«Мәуелі ағаш» оқушылар өздерінің сабақтан алған әсерлерін білдіріп, бір ауыз сөз жазылған стикерлерді жабыстырады.
«Адамдық борышың» өлеңі
Авторы:Шәкәрім Құдайбердіұлы
1)1858жылы 24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағыШыңғыстау бөктерінде дүниеге келген. 1931 жылы 2 қазанда ГПУ жендеттері қолынан қаза табады.
2) Аса көрнекті ақын, жазушы, аудармашы, композитор,тарихшы және философ.
2. Тақырып. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттердің өмірдегі мәні.
3. Жанр түрі. Поэзия (өлең) Өлең дегеніміз –белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырылып, үйлесімді ырғақпен ұйқасып келетін өрнекті сөз жүйесі.
4.Идеясы. Адамзат үшін қам жеген адамның артында өшпес із қалатыны жайлы
5.Шумақ. 6 шумақты өлең (Шумақ – аяқталған синтаксистік біртұтас ойды білдіреді).
6.Тармақ. 43 тармақтан тұрады (Тармақ – өлеңнің әр жолы).
7.Бунақ.Адамдық борышың–
/ Халқыңа //еңбек қыл/
/Ақ жолдан //айнымай/
/Ар сақта//оны біл/.
(Бунақ – белгілі бір дауыс ырғағымен бөлінуі).
8. Буын саны. тұрақсыз (Буын - сөз құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты).
9.Ұйқас.
(Ұйқас- өлең тармақтарындағы сөз астарының үндестігі, өзара ұқсас дыбыстар естілуі).
10. Әдеби теориялық ұғымдар. Лирикалық өлең.
Адамдық борыш, ақ жол, шын бақыт – эпитет.
Эпитет (айқындау, грекше еріtһеtоn) –заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз.
11.Түсіндірме сөздік.
Қауым – бірлескен топ.
Мансап - дәреже, атақ, лауазым.
Нәпсі - тәбет, өз керегін ойлау.
12. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні. Ақын халқыңа адал бол, ақ жолдан тайма, ар сақта, білім мен өнер үйрен, мақтанға салынба,нәпсіңе билетпе, жол көрсет, ғибрат алар із қалдыр деп өсиет айтады.
Оқушы аты-жөні: _________________________________________________
БІЛЕМІН БІЛГІМ БЕЛЕДІ БІЛДІМ
Авторы – Ш. Құдайбердіұлы
Автор туған жері
Автор кім?
Негізгі тақырыбы –
Идеясы –
Жанрлық түрі -
Шумақ –
Тармақ –
Бунақ –
Буын