Урок по казахскому языку на тему Ш?к?рім ??дайберді?лы « Адамды? борышы?» ?ле?і (6 класс)


Сынып: 6 Қазақ әдебиеті
Шәкәрім Құдайбердіұлы « Адамдық борышың» өлеңі.
Мақсаты:
А/ Білімділік: Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы туралы білім беру, өлеңдерінің идеясын ашу, өлеңді нақышына келтіре отырып,негізгі түйінін табу.
Ә/ Дамытушылық: Оқушылардың қоғамға деген өзіндік көзқарасының қалыптасуына ықпал ету, тіл байлықтарын дамыту, ізденіске баулу.
Б/ Тәрбиелік: Өлеңдері арқылы оқушылар бойында жауапкершілік сезімін оята отырып, адамгершілікке, азаматтыққа, ішкі рухани тазалыққа тәрбиелеу.
Түрі: жаңа материалды игерту.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, пікірлесу,талқылау,топтастыру
Көрнекіліктер: Шәкірім портреті, шығармалар жинағы,кестелер, слайдтар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
Оқушылардың оқу-құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын сұрау
2.1Психологиялық ахуал
3. Жаңа сабақ
Кіріспе бөлім. Топтастыру Шәкәрім жайлы не білеміз?
1858 жылы Абайдың немере Шығыс Қазақстан облысы
туылған інісі Абай ауданы,Шыңғыс
тауында туылған
Шәкәрім
Екі рет қажылыққа араб,парсы,орыс
барған тілдерін меңгерген


Толстой шәкіртімін 1931 жылы қазаға ұшыраған.
деп есептеген

«Адамдық борышың» өлеңін мәнерлеп оқыту.
Сөздік жұмыс
1. Мансап-атақ,даңқ 2.Нәпсі- тойымсыздық,көрсеқызырлық
3.Тұл-жалғыз,ескерусіз қалу 4.Сарп қылу-жанымен беріле орындау
Өлеңді талдау сұрақтары:
1/ «Адамдық борышың дегенді» қалай түсінесің?
2/ Өздеріңді кімдердің алдында борыштымын деп есептейсіңдер?
3/»Ақ жолдан айнымай,ар сақта» деген өлең жолдары арқылы автор не айтпақ болған?
4/Ақын шын бақыт деп нені көрсетеді?
Сергіту сәті:
Өлең мәтініндегі ақын айтқан адамдық борыш түрлерін тауып, дәптерге жазу.
Халқыңа адал бол, ақ жолдан тайма, ар сақта,білім мен өнер үйрен, мақтанға салынба,нәпсіңе билетпе,жол көрсет,ғибрат алар із қалдыр.
Әр сөздің мазмұнына жеке тоқталып,оқушыларға мазмұнын аштыру.
Кестемен жұмыс
Абай Құнанбаев Шәкәрім Құдайбердіұлы
«Әсемпаз болма әрнеге» «Адамдық борышың»
Пайданы көрсең бас ұрып,
Мақтанды іздеп қайғы алмаМақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та бар қалан! Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшін
Ақырын жүріп анық бас,
Еңбегің кетпес далаға Ғибрат алар артыңда із қалдырсаң,
Шын бақыт- Осыны ұқ, Мәңгілік өлмейсің.
Өзіңде бармен көзге ұрып,
Артылам деме өзгеден Ақ жолдан айнымайАр сақта оны біл.
Мініңді ұрлап жасырып,
Майданға түспей бәйге алма. Білімсіз, Өнерсіз,
Болады ақын тұл.
Өлең құрылысына талдау жасауАдамдық борышың,
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл. /шумақ,тармақ,бунақ,буын,ұйқас түрлерін табу/
Топқа тапсырма Шығарма жазуІ топ «Ақ жолдан айнымай,
Ар сақта, оны біл»
ІІ топ «Мақтанға салынба,
Мансаптың тағы үшін»
ІІІ топ «Жоба тап,жол көрсет,
Келешек қамы үшін»
Сабақты қорытындылау сұрақтары
Шәкәрім қай жылы,қай жерлерде өмірге келді?
Оның қандай шығармаларын білесіңдер?
Ол кімнің тәрбиесінде болды?
Шәкәрім өзін кімнің шәкіртімін деп есептеді?
«Адамдық борышың» өлеңінің тақырыбы не жайында?
Ол сендерді қандай қасиеттерге тәрбиелейді?
Оқушылар білімін бағалау.
Үйге: Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін жаттау.
«Менің борышым»тақырыбында эссе жазу.