Разработка урока по технологии на тему художественная обработка древесины


Пәні : технология (ұлдар)
Пән мұғалімі: Молдашев Ш.М.
Сыныбы: 7м2

Сабақтың тақырыбы Ағашты көркемдеп өңдеу түрлері
Сабақтың мақсаты Оқушыларға ағашты көркемдеп ою тәсілдерін меңгерту.Білімділігі: Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясын меңгеру, тақтай бетіне өрнек түсіруді үйрену.Дамытушылығы: Оқушылардың қауіпсіздік ережесін тиімді пайдалану арқылы пышақпен жұмыс жасау қабілетін дамыту.Тәрбиелілігі: Оқушыларды шеберлікке, ұқыптылыққа, іскерлікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сарамандық.
Сабақтың көрнекілігі: Проектор, слайдтар, ағаштан жасалған бұйымдар, плакат, оқулық, ою - өрнек түрлері.
Пәнаралық байланысТарих, биология, сызу, сурет.
Сабақтың барысы: Мұғалім іс-әрекеті Оқушы іс-әрекеті
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқу құралдарын түгендеу
Сабаққа қатысын тексеру Сабаққа дайындалып, оқу құралдарын шығарады.
ІІ. Өткен материалдарды қайталау. А) Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.Б) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?В) Ою - өрнек түрлерін ата.Слайд арқылы ою - өрнек түрлерін көрсету.
Сұрақтарға жауап береді.


ІІІ. Жаңа сабақ. Ағаш - табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан - ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т. б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс - аяқтар жасаған.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұкаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі - келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою - өрнектермен әрлеген. Ағаш туралы өз білетіндерін ортаға салып постер қорғайды.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Өрнек дегеніміз - кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей.Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары.
IV. Сарамандық жұмыс
Оқушылар өздерінің технологиялық карталарына сәйкес, қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтай отырып, сарамандық жұмысты өздігінен орындайды. Мұғалім ағымдағы нұсқаманы өткізеді және оқушылардың шығармашылық жұмысының барысын тексереді. Ағымдағы нұсқама:
а) жұмыс орындарын ұйымдастыру;
ә) еңбек тәсілдерін орындаудың дұрыстығын тексеру;
б) ҚТЕ-нің сақталуын тексеру;
в) неғұрлым үлгеріп жатқан оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.
V Жаңа сабақты бекіту Оқулықтан сұрақтар қойылады Сұрақтарға жауап береді
VІ Бағалау Жасалған жұмыстар бойынша бағалау VІІ Үйге тапсырма Реферат жазып келу Күнделіктеріне жазып алу