Баяндама. Та?ырыбы:Мектепшілік м??алімдерді? комьютерлік сауаттылы? курсынан ?ткізуін ?йымдастыру


№3 Красный Яр орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы:Мектепшілік мұғалімдердің комьютерлік сауаттылық курсынан өткізуін ұйымдастыру

Информатика пәні мұғалімі:
Оспанова Айслу Давлетовна
2015-2016ж
«
Тақырыбы: Мектепішілік мұғалімдердің компьютерлік сауаттылық курсынан өткізуін ұйымдастыру
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларының бірі – ақпараттық технология. Ақпараттандыру технологиясының дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді, әрі білікті жұмысшы мамандарын даярлау оқытушының басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру процестерінің қарқынды дамуы жан-жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді
ХХІ ғасыр ақпарат ғасыры болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнын жаңартумен қатар, окытудың әдіс-тәсілдері мен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Осы мақсатты жүзеге асыруда ақпараттық технологияны пайдалану әдісі зор рөл атқарады. Осы орайда ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жолдауындағы «оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды білім беру саласын жақсартуда қолданыс аясын кеңейту керек» деген сөзін басшылыққа ала отырып, сабақта жаңа ақпараттық технологияларды пайдалануға жаппай көшуіміз керек. Биылғы жаңа оқу жылында мектебіміз заманауи техникалық құралдармен толық жабдықталды.
Осыған байланысты мектеп мұғалімдері күнделікті сабаққа:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже береді.
Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын ояту мұғалімнің сабақ өткізу тәсіліне де байланысты.  Қазіргі таңда оқудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп.
Ақпараттық технология негіздері тұлғаның информатика пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабаққа  видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Тестік тапсырмалар орындайды. Компьютер көмегімен оқыту оң нәтижелер береді.Ақпараттық мәдениет дегеніміз- тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу ғана емес, кез-келген ақпарат көзін: анықтамаларды, теледидар бағдарламаларын т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз.
Жаңа ақпараттық технологияның негізгі ерекшелігі
Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Оқыту үрдісін компьютерлендіру мақсатында интерактивті тақтамен жұмыс жасау тиімді. Қазіргі уақытта Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектептерінің барлығы дерлік интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген.
Тақтаны қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын, интеллектуалдық танымын, білім сапасын арттыруға болады. Өз басым интерактивті тақтаны әр сабақ барысында, соның ішінде информатикадан практикалық сабақтарды өткізген кезде жиі қолданамын.  Мысалы:  информатика пәнін оқытуда интерактивті тақтамен жұмыс жасауда оқушылардың қызығушылығын танытып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін дамыту мен қатар жаңа ақпараттық технологияны меңгеруге, оны пайдалана алуына мүмкіндік береміз. Сабақта интерактивті тақтаның элементтерін пайдалану, дайындалған арнайы тапсырмаларды тыңдап қана қоймай, көздерімен көріп, оны жетік түсінуге, дағдыланады. Интерактивті тақтаны пайдалану аркылы оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде немесе жаңа сабақты бекіткен уақытта тестілеу әдісін қолдануға болады. Оқушылардан бір уақытта жауап алуға мүмкіндік береді. Тестілеудің нәтижелерін құрылған график арқылы тексеріп, сол уақытта бағалауға болады. Жауап нәтижелерін бақылап және оқушылардың материалды түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Интерактивті тақтаны пайдалану арқылы тестілеген кезде мұғалім оқушылардың білім деңгейін анықтай алады. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. Оқушылар жауаптарын құпия түрде бере алады.
Ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы  тағы бір мүмкіндігі – ол электронды оқулық. Электрондық оқулық -  бұл дидактикалық әдіс – тәсілдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негізделген түбегейлі жүйе. Электронды оқулықпен оқыту  оқытушының оқушымен  жеке жұмыс істегендей болады. Электрондық оқулық тек қана оқушы үшін емес, мұғалімнің дидактикалық әдістемелік көмекші құралы да болып табылады.
Қазіргі заман талабына сай электронды оқулықты мектеп мұғалімдері күнделікті сабақта пайдаланады. Себебі, электронды оқулықта тақырыптар тарауларға бөлініп, сол тақырып туралы оқушылар толық мәлімет ала алады. Сонымен бірге тақырыпты толық меңгеру үшін қосымша сұрақтар, анықтамалар, карталар, схемалар, тест сұрақтары, пысықтау сұрақтары, хронологиялық жұмыстар, тақырыпқа сай суреттер т.б. берілген.
Электронды оқулық арқылы ауызша түрде де, жазбаша түрде де орындауға болады.Ол оқушының да, мұғалімнің де уақытын үнемдейді.Оның үстіне слайдпен жұмыс істеу баланың өтілген тақырыпты жақсы меңгеруіне және жақсы есте сақтауына көп пайдасын тигізеді.Мен сыныпта өткен ашық сабағымда схемаларды слайдпен көрсеттім, және слайдпен жұмыс істедім
Тиімді жақтары
Оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп
отырмайды.
Оқушы оқулықты қажет етпей-ақ информатика негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.
Тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.
Таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.
Сарамандық жұмыстар жылдам түсіндіріледі.
Бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен
қамтамасыз етілген.
Көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.
Мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.
Оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.
Зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Жалпы  оқушылардың  ақпараттық технология негіздерінен алған білімі арқылы:
1. Оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, құлшынысы оянады.
2. Шығармашылық қабілеттері артады.
3. Жылдам ойлауға машықтанады, білім сапасы артады.
4.Оқушылар өз бетімен жұмыс жасауға дағдыланды.
5. Компьютерлік сауатты болуға үйренеді.
Қорыта келе, «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек» Ел президенті Н.Ә Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауынан.
Білім берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, тәжірибелік қызметте педагогикалық үйлестіруді шебер меңгерген іскер мұғалім қажет екендігі аз айтылып жүрген жоқ. Заман талабына сай көштен қалмай қазіргі таңда педагогтан өз пәнінің терең білгірі ғана болу емес, теориялық, нормативтік – құқықтық, психологиялық – педагогикалық, дидактикалық әдістемелік тұрғыдан сауатты және ақпараттық компьютерлік технология құралдарының мүмкіндіктерін жан – жақты игерген ақпараттық құзырлығы қалыптасқан маман болуын талап етуде.
Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы- білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері-жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз- білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны оқушыға беру процесі.Оқушының білімін дамыту үшін жаңа ұғым, жаңа үлгі, жаңа тәсілдер керек деп ойлаймын.