Дене шыны?тыру Тола?ай спортты? сайысы


"Толағай" спорттық сайысы
Мақсаты:1. Ойын кезінде өзін - өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.1. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу.2. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп, тағы басқа заттар.Барысы:1. кіріспе сөз2. спорттық жарыс3. қорытынды сөз.Марапаттау1 ЖүргізушіҚұрметті жиналған қауым, ата - аналар және оқушылар! Бүгінгі «Толағай» спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты - жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамның салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін 2 сынып оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.2 ЖүргізушіАл, құрметті халайық,Жарысты енді көріндер,Әділ қазы алқасын сайлап,Әділ баға берііңдер!Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасын сайлап, таныстырып өту.Ата - аналар атынан.....................................Мұғалімдер атынан...................................Оқушылар атынан......................................... бағалау жүйесі 5, 4, 3 балдармен бағалау.1 ЖүргізушіЖарысқа қатысып, бақ сынамақшы болған үміткерлерді іріктеу, содан кейін 3 топ алдарыңызда өнер көрсетпекші. Әр сыныптан 4 оқушыдан қатысу керек. 2а сынып - 5 оқушы, 2ә сынып – 3 оқушы, 2б сынып - 4 оқушы.Сіздерге жеңіс тілей отырып, ортаға сайыскерлерді шақырамыз.Бүгін оқушылар 3 топқа бөлініп бақ сынайды. 1 топ - «ұландар»2 топ -«Балдырғандар», 3 топ - «жұлдыздар».Ал ендеше сайысымыздың шарттармен танысайық.Сайыс шарттары:1. «допты ойын»2. «Толағай»3. «Тасымақ»4. Капитандар сайысы5. «Шегірткелер»Бұл ойында бізге көмек көрсететін оқушылар Алтаев Жандос, Қаби Даниял.2 ЖүргізушіДенсаулық - шексіз бақыт,Уа, халқым назар аудар денсаулыққа.Өмірде бақыттысың денің сауда,«Денсаулық - терең бақыт» деген сөзді,Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да,- деп, келесі ойынымызға көшейік.1. «Допты ойын»Шарты: бір оқушы допты теуіп отырып кедергілердің арасынан өткізеді, қайтар жолда дәл осылай ойын қайталанады.Бір, екі, үш дайындал, алға!1 ЖүргізушіДенің сауда күштісің бұл әлемде,Денің сауда сұлусың жер бетінде.Сол мықты денсаулықтың арқасында,Жетерсің әлі талай бақыттарға2. Сайысымыздың келесі бөлімі «Толағай» ойыны деп аталады.Шарты: толағай добымен секіріп, орындықты айналып, қайта орына келу. (жылдамдықта)Олай болса балалар сендерге сәттілік!Бір, екі, үш дайындал, алға!Құрметті сайыскерлер деніміз сау болсын десек спортпен шұғылданайық. Сонымен сайысымыздың келесі бөліміне көшейік.2 Жүргізуші3. Келесі ойынымыз «Тасымақ» деп аталады.Шарты: бір оқушы доп алып кедергілер арқылы бір қолымен кезек - кезек жерге соғып тақтайшаға жеткенде көздері байлаулы қалпында сурет салу керек. Келесі оқушы осы суретті жалғастыру керек.Бір, екі, үш дайындал, алға!1 ЖүргізушіЖатып ішер боп жалқау,Бойкүйез болма, еріншек.Айналысып спортпен,Талаптан, жаттық еңбекпен.4. Сайысымыздың келесі бөлімі капитандар сайысы деп аталады.Шарты: Көздері байлаулы қалпында кәмпитті ауызымен тауып алу, тапқан кәмпиттегі сөздерді тобына мимикамен көрсету, ал топтары жауаптарын айту керек. (телефон, кітап, сумка, күн, мысық, қалам, нан, доп, машина)2 Жүргізуші5. келесі ойынымыз «Шегіртекелер»Шарты: Бір оқушы секірмекпен секіріп барып, математикалық есепті шығару керек. Қайтар жолда жүгіріп қайтады. Келесі ойыншы ойынды жалғастырады. Бір, екі, үш дайындал, алға!1 ЖүргізушіӨнерге биік сеніңіз,Думанға қызық келіңіз.Әділ қазы ел сенген,Өнерге баға беріңіз.Құрметті әділ қазылар алқасы сөз кезегі өздеріңізде. (марапаттау)2 ЖүргізушіҚұрметті оқушылар, жүлделеріңіз құтты болсың!Бүгінгі «Толағай» атты спорттық жарысымыз аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.