А?ылшын тілін ерте жастан о?ыту


Ағылшын тілін ерте жастан оқытуКөрнекілік принципін қолданудың маңызыҚазіргі таңда бастауыш сыныптарда тіл игеруге жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туып отыр. Бұдан бұрынғы әдістерді қолданбау керек деген пікір тумайды. Қайта бұл жаңа методиканың дамуына негіз саладан. Атап айтқанда әр түрлі сөйлемдерді меңгерту, қайталау, мәтіндерді оқыту, бірнеше қайтара естеріне түсіру, тағы да басқа жұмыс түрлері оқушыны жалықтырып шаршатады. Сондықтан да ағылшын тілін игеруде ойын түрлерін пайдалану оқушының деген сенімсіздігін сейілтіп, тілді үйренуге ынтасын арттырады. Мысалы, оқудың алғашқы кезінде оқушы тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуі мүмкін, бара - бара материалдың күрделенуіне байланысты оқушы әр түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Ал бұған мұғалімдер кезінде көмек жасай алмайды. Қиыншылықтан тек сабақта ойын түрлерін пайдалану арқылы оқушының көзін жеткізуге болады. Әрине ағылшын тілін оқып, үйрену бірден қалыптаса алмайды. Өз ана тілін әбден толық меңгермеген балаға ағылшын тілін үйрету оңайға соқпайды. Бұл кезде мұғалімге үлкен жауапкершілік жүктеледі.Осы бағытта Еуразия институтының шет тілдер факультетінің профессорлық оқытушылар ұжымы Батыс Қазақстан облыстық педагог кадрларды қайта даярлау институтымен тығыз байланыста бола отырып, облыстық және қалалық ЖББОМ ағылшын тілі пәнінің мұғалімдерімен бірге семинар - тренингтер, әдістемелік кеңестер, дөңгелек үстелдер және т. б шаралар өткізіп отырады.Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытуды ойын түрлерін пайдалану оқушының басқа тілді үйренуге деген ынтасын арттырады. Оқудың алғашқы кезінде оқушының тілдік материалдарды жеңіл меңгеріп кетуіне көмектеседі. Ағылшын тілін үйретуде алғашқы кезде балалардың көздерімен көріп, құлақпен тыңдау арқылы - тыңдау мен сөйлетуге үйрету керек. Түрлі - түсті суреттерді іліп, ауызша оқылуын айтып бала әріпті танымаса да сурет астына оқылуын жазу керек. Үй ішіндегі бұйымдарға немесе кабинеттегі бар заттарға, мысалы есікке DOOR, терезеге WINDOW, тақтаға BLACKBOARD, қабырғаға WALL, гүлге FLOWER - деп жазып іліп қойса, оқушы есікті т. б көріп тұрып, оны қалай аталатындығын көреді, естиді, сонымен бірге әріпті танымаса да деген сөздің қалай жазылатындығы көзбен көру арқылы баланың есінде қала береді.Мұғалім дарынды балалармен және үлгермейтін оқушылармен жекелеп жұмыс жүргізіп отыруы қажет. Мұғалімнің мақсаты мен міндеті: Оқушыларды сауаттылыққа баулу: теориялық білімді практикалық жұмыспен ұштастыра білуді меңгерту; талдау жұмыстарын меңгерту; оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру; оларды ұлттық үрдіске тәрбиелеу; баланың білім деңгейін саралап, шығармашылық жұмысқа тарту; оқушыны білімге ынталандыру; мұғалім мен оқушының қарым қатынасы, өзара сенім туғызу; оқушының жұмысына бақылау жасау, баға беру; әр оқушыға жеке әдіс амал қолдану.Ағылшын тілін игеруде оқушымен бірге болатын сағат саны да үлкен роль атқарады. Әдепкі этапта мүмкіндігінше аптасына үш рет айналысу керек. Үйретілетін материал бірінен кейін бірі жалғасын табу керек. Бастауыш сыныптарда оқушының ойлау қабілеті төмен болады. Есте сақтау қабілеті әлсіздеу болады. Сондықтан бала тез есте сақтап қалу үшін мұғалім өз сабақтарында ойын элементтерін пайдалану, рольдік ойындар, жарыстар, конкурстар, түрлі - түсті суреттер, музыка, әр түрлі қозғалыс жаттығуларын қолданып отыруы керек. Оқушының ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттырып, сабақты қызықты өткізіп, баланы шаршатып алмау керек. Сабақты жоспарлы түрде дайындаған дұрыс. Осыдан сурет қалай қызықтырады деген сұрақ туындайды. Ал егерде сол сурет қозғалып, сөйлейтін болса, оқушыға өте қызық болар еді.Көрнекті педагог Ш. Амонашвилидің пікірінше. Ол ойын түрлерін көп қолдану керектігін айтты.Мысалы, мұғалім тақтаға бір сөзді қате жазды.- оқушы қатені түзейді . Оқушы бастапқы әрпіне қарап суреттегі бейнеленген заттың атын сөзбен атайды.B - bread, bag, boy. - Ойыншықтар аузы байланған қалтада. Ойынның мақсаты оқушылар қалтаның ішіндегі ойыншықтарды қалтаның сыртынан сипау арқылы табу керек.Орфографиялық дағдыны дамытатын ойын түріне әр түрлі графикалық жазумен салынған сурет. Әр суреттің бастапқы таңбасы жазулы, қазақ - ағылшын сөздігінен сурет бойынша сөздерді табу.Лексиканы меңгерту ойыны.,,,, ойындары.Творчестволық ойындар: ойыны., кроссворд, ребус, сканворд шешу ойындары.ойыны. Оның ерекшелігі - баланың ойлау қаблетін көзімен көру арқылы жетілдіру.Болашақта Еуразия институтының шет тілдер факультетінің оқытушылары облыстық, қалалық ЖББОМ ағылшын тілі пәні мұғалімдерімен үнемі тығыз байланыста бола отырып, ұдайы семинар - тренингтер, дөңгелек үстелдер, конференциялар, түрлі әдістемелік, тақырыптық отырыстар өткізіп отырады.Қорыта келе, ағылшын тілін оқушыларға жоғары деңгейде игерту үшін, мұғалім әрбір сабақта жүйелі түрде оз дәрежесінде, түрлі әдіс – тәсілдерді, ойындарды қолдану арқылы өткізсе ғана үлкен жетістіктерге жете алады.