??ра? к?рпе Таным білім беру саласы


1 Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Тобы:«Балдәурен» ІІ кішілер
Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің бөлімі:«Құрастыру»
Тақырыбы: «Құрақ көрпе»
Мақсаты: ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру,қиылған қағаздарды түсіне,көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: көрсету, құрастыру, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар:Балалардың оқу құралдарын дайындау.
Қажетті көрнекі құралдар:мазмұнды суреттер
Билингвальді компонент:ұлттық бұйымдар -нацональные вещи.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Жылулық шеңбері.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып.
Біздер тату болайық.
Балалар біздер ата мен әженің киіз үйне қонаққа барамыз.
Киіз үйдің ішінде нелерді көріп тұрсыңдар?
Мынау құрақ көрпе деп аталады.
Бұны әр түрлі құрақтарды біріктіріп тігіп әдемілеп жасайды.
Енді тобымызға барып әдемі құрақ көрпе құрастырайық.
Тәрбиеші құрақ көрпе құрастыру үшін қызыл және жасыл түсті қиылған үшбұрышты ұқағаздарды әр балаға үйлестіреді.
Балалар тәрбиешімен бірге жасайды.
Орнымыздан тұрайық,
Қолды белге қояйық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып.
Біздер тату болайық.
Балалар қиылған ұшбұрыштарды бір біріне жақындатып,үйлесті
ріп
Сәнді орнек құрап,көрпешенің құрағын жасайды.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі Балалар жазықты дұрыс пайдалана білуіне назар аударады,балаларға жеке нұсқау беріп,көмектесу.
Сергіту сәті:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып бір тұрып,
Демімізді алайық.
Балалар, енді ары қарай ойын ойнаймыз.
Ойын: «Не жетіспейді?»
Мақсаты: көзбен қабылдау және ойлау қабілетін дамыту.
Балаларға бірнеше заттардың суреті бар суреттерді ұсынады. Суретті мұқият қарап, әр заттың жетіспейтін бөлшегін табуын сұрайды. Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Алақанды ұрайық.
Бір отырып бір тұрып,
Демімізді алайық.
Балалар суреттің жартысын тауып құрастырады.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Балалар, бүгін біз немен таныстық, нені құрастырдық?
Киіз үйге бардық.Құрақ көрпемен таныстық.құрастырдық.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: балалар құрақтың не екенін біледі
Қандай түсініктерді меңгерді:пішіндер туралы түсініктерді меңгерді
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: балалар пішіндерден құрақ құрастырды.