Техологиялы? карта: «Шырша оттарын жа?амыз»


Ұйымдастырылған оқу-әрекетінің
технологиялық картасы
ІІ кіші «Балапан »тобы
Білім саласы: «Шығармашылық»
Кіші саласы: Сурет
Тақырыбы: «Шырша оттарын жағамыз»
Мақсаты: Әр түрлі әдістер арқылы сурет салуға үйрету: таяқшамен, бармақпен, қылқаламмен.
Сөздік жұмыс:сурет
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің басы ғой.
Ал, қәнеки бәриміз,
Сәлем дейік ұлкенге Амандасу рәсімдерін жасайды
Ұйымдастырушылық ізденушілік Балалар қазір қандай жыл мезгілі?
Қыста қандай мерекелер болады?
Жаңа жылда біз шыршаны әртүрлі-түсті ойыншықтарымен безендіреміз.
Тақпақ оқу.
Жасыл желек жамылған
Асыл моншақ тағынған
Міне сұлу шыршамыз
Көптен күтін сағынған
Ендеше біз қазір әр түрлі-түсті жарқыраған оттардың суреттін қылқаламмен,бармақпен салуға үйренеміз.
Сергіту сәті
Бас бармақ-әкем
Балан үйрек- шешем
Ортан терек- ағам
Шылдыр шүмек-әпкем
Кішкентай бөбек-мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.
Ойын : «Тоңдырамын»
-Қыс.
-Жаңа жыл мерекесі.
Тақпақты тыңдайды, талдайды.
Суретті салуға тырысты.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
Рефлексивті-түзету Жақсы салған суреттерді көрсетіп мадақтау. Балалар салған суреттеріне риза болады.
Күтілетін нәтиже:
Жаңғыртады: Шырша қандай ағаш екенін
Түсінеді: Жаңа жыл туралы түсінігі
Қолданады: Қылқаламмен сурет салу