Саба?ты? та?ырыбы: Есептерді ?рт?рлі т?сілмен шы?аруды пысы?тау
Сабақтың тақырыбы: Есептерді әртүрлі тәсілмен шығаруды пысықтау
Сабақтың мақсаты:1. Білімділік:Оқушылар алған білімдерін тиянақтап, жүйелеп, пысықтап, қорытындылайды.
2. Дамытушылық: Математикалық сөйлеу тілдерін дамытады, практикалық дағдыларын, логикалық және шығармашылық қабілеттерін тапсырмаларды орындау арқылы жетілдіреді.
3. Тәрбиелік: ұйымшылдыққа, бір-біріне көмек беруге, өз ойларын еркін жеткізуге, уақытты тиімді пайдалануға, шапшаңдыққа, тәртіптілікке тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Бекіту,дамыту,пысықтау Көрнекілігі: интербелсенді тақта, ертегі кейіпкерлері
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, әдебиет, бейнелеу, музыка.
Сабақтың барысы: І. Психологиялық дайындық. Бір, екі, үш. Болсын сынып тып-тыныш. Қайырлы күн достым /Қайырлы күн болсын/ Жұманың күні /Сәттілікке толсын/ Мақсатымыз /Білім алу/ Міндетіміз /Еңбек ету/
ІІ. Қызығушылығын ояту. - Бүгінгі сабағымыз ерекше болмақ. Сабағымызды ертегімен байланыстырамыз. Қандай ертегілерді білесіңдер?
/Балалардың жауаптары тыңдалады/ - Атасы мен әжесінен қашқан кейіпкерді білесіңдер ме? /Бауырсақ/ - Ендеше біз «Бауырсақ» ертегісіне саяхатқа шығамыз.
/Ертегінің мазмұнын ашу/ - Ерте, ерте, ертеде шал мен кемпір тұрыпты - Балалар, бауырсаққа берілген тапсырманы орындауға көмектесейік. Қоянның тапсырмасы: №1 30бет
Қасқырдың тапсырмасы: №2 30 бет, №3 30 бет,
Сергіту сәті
Тақтада музыка ойнап би көрсетіліп тұрады, балалар қайталайды.
Аюдың тапсырмасы: №4
а) Саяхатқа шығатын туристік топ құрылды.
Әр топқа 10 бала және 20 ересек адам жазылды.
Барлығы 9 топ болды. Саяхатқа қанша адам барады?
ә) Дүкенде күніне 50 бөлке ақ нан және
20 бөлке қара нан сатылады.Бір аптада барлығы
қанша бөлке нан сатылады?
Түлкінің тапсырмасы: №6,№7
Рефлексия.
Түлкі..............
Онда оның тағы да бір тапсырмасын орындайық.
/Шығармашылық тапсырма/- Үздік оқушының сүйікті бағасын апта күндерінің санына көбейт (5 · 7= 35)
- Білім сөзіндегі дыбыстар санын 3 есе арттыр (5 · 3=15)
- Біз бүгін бауырсаққа көмектесе алдық па?
- Қалай көмектестік?
- Не үйрендіңдер?
- Сабақ сендерге ұнады ма? Көңіл-күйлерің қандай?
Үйге тапсырма:
№5 31бет
Бағалау.
Бағдаршам арқылы оқушылар өз-өзіне баға береді.
Жасыл – 5, Сары – 4, Қызыл – 3.