Ашы? саба? Алжап?ышты ?шекелейміз


Білімділік саласы: «Шығармашылық»
Кіші саласы: «Сурет»
Тақырыбы: «Алжапқышты әшекейлейміз»
Мақсаты:
Сәндік қолданбалы өнер түрлерімен таныстыруды жалғастыру,ұлттық сәндік қолданбалы өнерге деген қызығушылықтарын арттыру,алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге,түсіне қарай сәндік өң бере білуге жаттықтыру.Ою-өрнектің әдемілігіне мән беру арқылы көркемдік талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: алжапқыш, жиек.
Қолданылатын көрнекі құралдар: алжапқыштар (матадан жасалған),алжапқыштың суреті.
Оқу іс-әрекетінің
кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушышылық
Ұйымдастырушы
ізденушілік
Рефлексифті түзетемдеуші
Педагог балаларды шаттық шеңберге тұрғызады,бір-біріне жылы лебіздерін айтқызады.
Педагог балаларға күнделікті өмірде аналарымыз ас бөлмеде пайдаланатын,өздері кезекші болған кезде тағатын алжапқыш туралы әңгімелейді,оның не үшін керек екенін сұрайды.Әртүрлі алжапқыштар болатынын айтады.Балалардың анық сөйлеуін қадағалайды.
Сергіту сәті:
Мен аспазшы боламын,
Алжапқышты тағамын.
Дәмді тағам пісіріп,
Үлкен алғыс аламын. Педагог алжапқыштың жиегін әшекейлеуді ұсынады.
Жұмыс барысында баяу әуен ойнатып қоюға болады.Жұмысты орындау үшін шыдамдылық кереке екендігін, дәптердегі суретті аяқтау қажеттілігін түсіндіреді.Бәрі бірге алжапқыштың шетіне толқындысызықтар салып, алжапқыштың жиегіне өрнектер салып,бояу жағады. Бөлшектерін қылқаламмен анық басыпалу керек,бірдей түстердің реңіне қарай орналасуына мән беріледі.Қарындаштарды да пайдалануға болатыны ескертіледі.
Педагог оқу іс-әрекетін сұрақ-жауап арқылы қорыта келе балалардың жұмыстарын қарап шығып, көрме ұйымдастырылады. Балаларға өз ойларын айтуда еркіндік береді. Мақтап, мадақтайды. Жақсы тілектерін білдіреді.
Өлең жолдарын қимылмен көрсетеді.Балалар дәптерде дайын үлгісі тұрған алжапқышты қылқаламменүстінен үзбей бастырып,толқынды немесе түзу сызықтармен айнала шетін сызыпшығады. Белгілі бір элементті қайталау арқылы алжапқышты әшекейлейді.
Балалар жақсы салған суреттерді өздері таңдап, тақтаға іледі.
Күтілетін нәтиже: Жаңғыртады: сәндік қолданбалы өнер түрлері – оюларды ойып жасауға болатынын, матадан жапсырмалар жасауды.
Түсінеді: алжапқыштың жиегіне өрнектерді дұрыс орналастыра білуге жаттығады.
Қолданады:ұлттық сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудың қарапайым жолдарын.