Разработка урока на тему Жемістер мен к?к?ністер


Мектепалды даярлық сыныбына арналған
оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Жемістер» 1 – сабақ.
Мақсаты: Жемістердің атауларымен таныстырып, түстері мен дәмдерін ажырата білуге үйрету; Сөз тіркестерін құрастыруға дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: Алма, алмұрт, алхоры, анар, өрік, жүзім, шабдалы,шие.
Іс –әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекетіМотивациялық қозғаушы - Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Жемістер».
-Ал,енді балалар фонетикалық жаттығу жасап, тілімізді жаттықтырып алайық:
ім, - ім, - ім – жасыл екен жүзім.
ма,-ма,-ма –қызыл алма.
ұрт, - ұрт, –ұрт – сары екен алмұрт.
-Кәнекей, барлығымыз интерактивтік тақтаға қарап, жемістердің атауларын бірге атайық:
Алма – яблоко.
Алмұрт – груша.
Алхоры – слива.
Анар – гранат.
Өрік – абрикос.
Жүзім- виноград.
Шабдалы – персик.
Шие – вишня. Орындарынан тұрады.
Амандасады.
Балалар мұғалімнен кейін сөздерді қайталап, тілдерін жаттықтырады.
Балалар интерактивтік тақтада берілген жемістердің атын қайталап, еске сақтайды.
Іздену
ұйымдастырушы Сергіту сәті: «Біз жеміс жинаймыз».
Күзгі шақта.
Біздің бақта
Түрлі түсті.
Жеміс пісті.
Алма, алмұрт, шие,өрік
Ал, үз таңдап.
Ал балалар енді экраннан жемістер туралы видео сипаттаманы тындаймыз.
Мысалы:
Қызыл шие – красная вишня.
Сары өрік- желтый абрикос.
Жасыл алма – зеленое яблоко.
Тәтті жүзім – сладкий виноград.
Дидактикалық ойын: «Ғажайып себет»
Мақсаты: балалардың жемістер туралы білімдерін бекіту, сипаттай отырып сөз тіркестерін құрастыруға дағдыландыру. Балалар сергіту сәтін орындап,серігіп алады.
Балалар эраннан берілген сипаттаманы мұқият тыңдап,
еске сақтайды.
Балалар себеттен жемісті алып, атап , өз беттерінше сипаттап, сөз тіркестерін құрастыруға дағдыланады.
Рефлексивті коррекциялаушыАталған тақырып бойынша тақпақ жаттату:
Өрік, алма, шие, алша.Жидек, жүзім піседі.Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,Дүкендерге түседі.
Балалар бүгінгі сабақты қорытындай келгенде қандай сөздерді үйрендіңдер?
Мадақтау.
Қоштасу. Балалар тақпақты қайталап, жаттайды.
Балалардың жауаптары.
-Балалар қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: жемістердің атын атайды, қандай сұрақ қойылатынын ажыратады.
Түсінеді: Сөздік қоры арта түсіп, ой – өрісі кеңейеді, сұрақтарға жауап береді.
Қолданады: сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құрастырады,аталған тақырып бойынша тақпақ біледі.
Мектепалды даярлық сыныбына арналған
оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Көкөністер» 2 – сабақ.
Мақсаты: Көкөністердің атауларымен таныстырып, түстері мен дәмдерін ажырата білуге үйрету; Сөз тіркестерін құрастыруға дағдыландыру.
Сөздік жұмыс: Орамжапырақ, қызылша, қызанақ, картоп, пияз, қияр, сәбіз,асқабақ,бұрыш, дәмді,тәтті, қышқыл,ащы бұрыш.
Іс –әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекетіМотивациялық қозғаушы- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Көкөністер».
-Ал,енді балалар фонетикалық жаттығу жасап, тілімізді жаттықтырып алайық:
ыш, - ыш, -ыш – ащы екен бұрыш.
ақ,-ақ,-ақ –қызыл екен қызанақ.
ыз, - ыз, –ыз – үлкен екен қарбыз.
-Кәнекей, барлығымыз интерактивтік тақтаға қарап, көкөністердің атауларын бірге атайық:
Орамжапырақ – капуста.
Қызылша – свекла.
Қызанақ – помидор.
Картоп – картофель.
Пияз – лук.
Қияр – огурец.
Сәбіз – морковь.
Асқабақ – тыква.
Бұрыш – перец.
Дәмді- вкусный.
Тәтті- сладкий.
Қышқыл – кислый
Ащы бұрыш – горький перец. Орындарынан тұрады.
Амандасады.
Балалар мұғалімнен кейін сөздерді қайталап, тілдерін жаттықтырады.
Балалар интерактивтік тақтада берілген көкөністердің атын қайталап, еске сақтайды.
Іздену
ұйымдастырушыСергіту сәті:
Бақшамызға барайық,
Көкөністер жинайық
Ең үлкенін, ең дәмдісін
Анамызға сыйлайық
Ал балалар енді экраннан көкөністер туралы видео сипаттаманы тындаймыз.
Мысалы:
Қызыл қызанақ – красный помидор.
Жасыл қияр- зеленый огурец.
Сары бұрыш – желтое яблоко.
Ащы бұрыш – горький перец .
Дидактикалық ойын: «Ғажайып бақша»
Мақсаты: балалардың көкөністер туралы білімдерін бекіту, сипаттай отырып сөз тіркестерін құрастыруға дағдыландыру. Балалар сергіту сәтін орындап,серігіп алады.
Балалар эраннан берілген сипаттаманы мұқият тыңдап,
еске сақтайды.
Балалар бақшадан көкөністерді жинай отырып , өз беттерінше сипаттап, сөз тіркестерін құрастыруға дағдыланады.
Рефлексивті коррекциялаушыАталған тақырып бойынша тақпақ жаттату:
Өрік, алма, шие, алша.Жидек, жүзім піседі.Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,Дүкендерге түседі.
Балалар бүгінгі сабақты қорытындай келгенде қандай сөздерді үйрендіңдер?
Мадақтау.
Қоштасу. Балалар тақпақты қайталап, жаттайды.
Балалардың жауаптары.
-Балалар қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көкөністедің атын атайды, қандай сұрақ қойылатынын ажыратады.
Түсінеді: Сөздік қоры арта түсіп, ой – өрісі кеңейеді, сұрақтарға жауап береді.
Қолданады: сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құрастырады,аталған тақырып бойынша тақпақ біледі.
Мектепалды даярлық сыныбына арналған
оқу жұмыстарын ұйымдастырудың технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімдері: Қазақ тілі.
Тақырыбы: «Жемістер мен көкөністер» 3– сабақ.
Мақсаты: Алған білімдерін бекіту, ой-өрісін кеңейту. Тақырып бойынша диалог құрастыру.
Тазалықты сақтау, жеміс ағаштарын баптауға тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: жемістер мен көкөністер тақырыбына қатысты сөздер.
Іс –әрекет кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекетіБалалардың іс - әрекетіМотивациялық қозғаушы- Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгін біз сендермен «Көкөністер мен жемістер» тақырыбын өтуді жалғастырамыз.
- Енді біз сендермен тілдерімізді жаттықтырайық. Мен бастайын, сендер костап, аяқтаңдар. Огурцы – қияр, А граната - ... Мороз – аяз, А лук – ... Жираф – керік, А абрикос - ... Один – жалғыз, А арбуз - ... Сад – бақ, А тыква - ... Зеркало – айна, А яблоко - ... Усы – мұрт, А груша - ... Кобыла – бие, А вишня - ... Земля – топырақ, А капуста - ... Фрукт – жеміс, А овощ - ...  Орындарынан тұрады.
Амандасады.
Балалар мұғалімнен кейін сөздерді қайталап, тілдерін жаттықтырады.
Анар.
Пияз.
Өрік.
Қарбыз.
Асқабақ.
Алма.
Алмұрт.
Шие.
Орамжапырақ.
Көкөніс.
Іздену
ұйымдастырушыСергіту сәті: « Бишілер тобы».
Ал балалар енді балалар сендермен ойын ойнаймыз.
Ойын: «Бір сөзбен айт» Мақсаты: Балаларды жемістер мен көкөністерді топтастырып бір сөзбен айтуға үйрету. Мынау не? сұраққа жауап беру. Қазақ тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтқызып, жаттықтыру. Мысалы: алма, алмұрт,шие – жемістер.  Қияр, қызанақ,сәбіз – көкөністер. Жұмбақ шешу:
-Өзі жасыл , үлкен,іші қызыл.
-Дәмі ащы, түсі сары, кішкентай.
-Өзі домалақ, қызыл, дәмді. т.б. Балалар сергіту сәтін орындап,серігіп алады.
Балалар жемістер мен көкөністердің атауларын бекітіп, топтастырады.
Балалар жұмбақтардың жауаптарын табады:
-қарбыз.
-Пияз.
-Алма.
Рефлексивті коррекциялаушыБалалар қазір біз бір – біріміздің сұрақтарымызға жауап бере отырып диалог құрамыз?
Сөйлем үлгілері:
-Мынау не?
-Мынау алма.
-Алманың түсі қандай?
- Қызыл.
-Алманың дәмі қандай?
- Алма дәмді.
Мадақтау.
Қоштасу. Балалар бір – бірлеріне сұрақ қою арқылы диалог құрады.
-Балалар қоштасады.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: көкөністер мен жемістердің атауларын атайды, қандай сұрақ қойылатынын ажыратады.
Түсінеді: Сөздік қоры арта түсіп, ой – өрісі кеңейеді, сұрақтарға жауап береді.
Қолданады: сұрақтарға жауап беріп, сөйлем құрастырады,аталған тақырып бойынша тақпақтар біледі.