??стар-?анатты достар т?рбие са?аты


Сабақтың тақырыбы: «Құстар - қанатты достар»
Сабақтың мақсаты: құстар, олардың тіршілігі мен табиғатқа келтіретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың дамытушылығы: оқушылардың шығармашылық жұмыс істеуіне ықпал ету, ойнау шеберлігін , сөйлеу мәдениетін жетілдіру:
Сабақтың тәрбиелігі: туған жерін, елін сүюге тәрбиелеу. Туған жердің табиғатын қорғауға баулу.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі:
Кіріспе:
Көктем келіп: Мен өздеріңің сүйікті көктемдерің боламын. Барша тіршілік атаулығы жан беріп, сән беретін менмін. Менің келуіммен табиғатқа көрікті тіршілік басталады. Менімен бірге көркімен де, әсем әуенімен де сымбатты менің достарым құстар да келе жатыр.
Мұғалім: Иә, көкткмнің келуімен бірге біздің жылы жаққа кеткен құстарымызды өздерінің туған жеріне оралады. Міне, біздің де бүгінгі тәрбие сағатымыз « Құстар- қанатты достар» деп аталады. Көктем, біздің сабағымызға қош келдіңіз, төрлетіңіз!
Мұғалім: Мен өзімнің қанатты достарымды көре алмай отырмын.
Мұғалім: Олар да келіп қалар, сіз жайғаса беріңіз.
Аққу:
Көлдің көркі- еркесі,
Қанаттары- көрпесі.
Бойын күтіп баптайды,
Ешкім оны атпайды.
Көлдің аппақ кербезі
Аққу деген мен болам.
Қарлығаш:
Қарлығашпын мен, қарлығашпын,
Мен адамның тұрағын
Шыбын деген кеселден,
Тазалаймын үй ішін.
Қараторғай:
Мен қараторғаймын,
Шегірткедей жұтыңды,
Қырғи болып қиямын,
Егістікке, жайылымға,
Қорғаушы болып тұрамын.
Жәндіктерді зиянды,
Құртатұғын батырмын.
Дайындайтын ұямды
Достарға келе жатырмын.
Суретпен жұмыс:
Қазір алдымызда тұрған кезек күттірмейтін киелі де күрделі міндеттердің ыстық ұя, алтын бесік жұмыр жердің табиғатын қорғау және оның байлығын барынша ұқыпты пайдалану болып отыр. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың өркендеуі қоршаған ортаны зиянды әсерін тигізуде. ( Судың улануы, төтенше жағдайлардан ауаның ластануы, полигонның зардабы тәрізді Қзақстанның табиғаты сұрықсыз күйге түсуде)
Суреттер арқылы жұмыс ( әр топтың көзқарасы).
Табиғат апаттарының қоршаған ортаға және құстарға әсері.
Лас судың әсері:
Қазіргі кезде табиғат ластануда. Соның бірі адамзаттың ең бірінші байлығы – судың ластануы. Бұл әрекеттің салдарынан болып отырған жағдай. Суда тіршілік ететін су жануарлары барлық түрлеріне, құстарға тигізетін залалы мол. Сол себепті олардың саны жағынан құрып кету, қаупі туындайды.
Төтенше жағдай:
Төтенше жағдайлардан бірі өрт қаупі. Бұл адамдардың ұқыпсыздығынан пайда болатын кенеттен туындайтын жағдай. Орманды жерлерде, табиғатқа серуенге шығу кезенде адамдар от жағуынан абайсызда үлкен өртке ұласуы мүмкін. Бұдан үлкен көлемді далалы немесе орман алабы жарамсыз күйге айналады. Сол жердегі көптеген өсімдіктер құриды. Жануарлар мен құстар өз мекен ортасынан айырылады. Құстар ормансыз жетім қалады.
3 Полигон:
Полигонның зардабы адам жанын түршіктіреді. Көп жылдық тарихы бар атом жарылысы Қазақстан жеріндегі Семей өңіріндегі сұрақтар. Атом бомбасының зардабы сол маңдағы адамдардың денсаулығына , орман, су, жер бетіне, жануарларға үлкен зардап келтірді.
Топтық жұмыс:
1.Қай кішкене құс жемін ұшып жүріп аулайды?
Бұл құс қарлығаш
2. Дауысы мысыққа ұқсас құс қалай аталады?
Мысықторғай деп аталады.
3. Әлемдегі ең үлкен құсты ата.
Әлемдегі ең үлкен құс – түйеқұс .
4. Қай құс өз атын өзі қайталайды?
Өз атын өзі қайталайтын құс-көкек.
5. Шағала немен қоректенеді?
Шағала балықпен қоректенеді.
6. Жұбын жазбайтын су құсы.
Жұбын жазбайтын су құсы-аққу.
7. Батылда, ұшқыр, тұмсығы өткір, ірі денелі жыртқыш қай құс ?
Батыл , ұшқыр,тұмсығы өткір, ірі денелі жыртқыш құс – бүркіт.
Қорытынды.
Мұғалім: Міне, балалар біз бүгін құстар олардың табиғатпен байланыста болатындығы туралы мәліметтер алдық. Табиғатты қорғау-адамзаттың міндеті, әрі парызы. Табиғатты сақтап аяламасақ бізге ол жақсы пайдасын тигізбейді. Осымен біздің тәрбие сағатымыз аяқталды, зейін қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
Сау болыңыздар!