Ашы? саба? ?анатты достар
Шаттық шеңбері.
Балаларбүгінгі оқу іс-әрекеті өте ерекше өтеді.Бүгін біз аспан әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шықпастан бұрын сендердің білімдеріңді тексеремін.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Бір жылда неше ай бар?
-Бір айда неше күн бар?
-Жылдың қай айы?
-Сәуір айында қандай мерекелер бар?(12 сәуір ғарышкерлер күні)
-Ең тұңғыш ғарышқа ұшқан ғарышкердің атын білесіздерме?
-Қазақстанда ғарышқа бірінші кім ұшты?
Т:Ғаламшарлар-өзінең жарық шығармайтын салқын дене.Олар түнгі аспанда жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Олар жұлдыздар сияқты бір орында тұрмайды, үздіксіз қозғалып аспан әлемінде жүреді. Бұл әлемді жұлдыз санаушылар өздерінің арнайы құралдарымен зерттейді. Балалар,бүгінгі оқу іс-әрекетімізге бізбен бірге саяхатқа шығуға жұлдыз санаушы келді.
Жұлдыз санаушы келеді .Амандасады.
Т:Сәлеметсіз бе Жұлдыз санаушы. Біздің балалар бүгін аспан әлеміне ғаламшарға саяхатқа шыққалы отыр.
Жұлдыз санаушы:Ал балалар қанша ғаламшар бар және олардың атауларын білесіңдер ме?
Т:Әрине біледі,қане балалар айтыңдаршы.
Балалардың жауабы:Тоғыз ғаламшар бар:Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз(Марс), Есекқырған(Юпитер), Қоңырқай(Сатурн), Уран, Нептун, Плутон.
Ж.С.:Жарайсыңдар балалар!Сендер ғаламшарларды біледі екенсіңдер. Еңді бәріміз ғаламшарға зымыранмен ұшамыз. Зымыранды құрастырайық.
-Балалар, күнге ең жақын қандай ғаламшар?(Меркурий)
Біз зымыранмен бірінші Меркурий ғаламшарына ұшамыз. Ұшу үшін тура және кері санау керек.
Балалар тура және кері санайды.
Т: Санауды біледі екенсіңдер.
Ұшады. Меркурий ғаламшарына қонады.
Т:Балалар, біз Меркурий ғаламшарына келіп жеттік. Меркурий ғаламшары туралы не білесіңдер?
Балалар:Меркурий ғаламшары күнге жақын орналасқан. Түсі сары
Т:Меркурий ғаламшарының бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.
1 тапсырма:Сандарды сызықпен қосу арқылы фигура жасау. Жасаған фигураның атын атау.
Ж.С.:Ұшуды әрі қарай жалғастырамыз. Біз Шолпан ғаламшарына келдік.
Шолпан ғаламшары туралы не білесіңдер?
Б:Шолпан аспандағы ең жарық шырақ.Т:Бұл ғаламшардың да бізге дайындаған тапсырмалары бар екен.
2 тапсырма:Жер мен ғаламшардың арасындағы ара қашықтықтарды өлшегішпен өлшеп, санмен белгілеу арқылы алыс және жақын тұрған ғаламшарды табамыз.
Т:Қане кім жерден жақын және алыс тұрған ғаламшарларды атайды?
Б:Жақын – Марс (қызыл жұлдыз),алыс-Шолпан
Т:Оны қалай білдіңдер?
Б:Мен өлшегішпен өлшегенімде Жерден Марстың арасында 4 саны шықты. Ол жерге жақын. Күнмен Шолпанның арасында5 деген сан шықты. Ол жерден алыс.
Сергіту жаттығуы:
-Балалар біз саяхатымызды әрі қарай жалғастырамыз. Ұшуға дайынбызба?Қызылжұлдыз(Марс) ғаламшарына ұшып келдік. Қызылжұлдыз туралы не білесіңдер?
Б:Күннен санағанда төртінші болыр тұр. Түсі қызыл-сары.Т:Бұл ғаламшардың да дайындаған тапсырмалары бар екен.
3 тапсырма:Сұрақтар.-Ең үлкен ғаламшар?(Юпитер- Есекқырған) -Ең кіші ғаламшар? (Плутон) -Ең салқын ғаламшар? (Плутон)-Ең ыссы ғаламшар? (Венера-Шолпан)
-Сақинасы бар ғаламшар? (Cатурн)
Т:Келесі ғаламшарға ұшамыз. Келесі ғаламшар қандай екен?Телескоппен қарайды.
Б:Келесі ғаламшарымыз Қоңырқай(Сатурн)екен.
Т:Қоңырқай(Сатурн) туралы не білесіңдер?Б:Күннен санағанда 6-шы болып тұр. Түсі қоңырқай.Т:Бұл ғаламшардың да тапсырмалары бар екен.
4 тапсырма:Фигуралардан зымыран құрастыру.
Т:Балалар, тапсырмаларды дұрыс орындадыңдар. Еңді, Жұлдызсанаушы, біз жерге қайтайық.
Ж.С.:Жақсы балалар. Жерге қайтуға дайынсыңдарма?Жерге қайтады.
Т:Балалар, біз Жерге келдік. Біз өзіміз білмейтін ғажайып әлемге саяхат жасадық.