Саба?ты? та?ырыбы: ?анатты достар.


Сабақтың тақырыбы: Қанатты достар.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: тақырып бойынша білімдерін тереңдету, сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, сол сөздерді тілдік қатынаста қолдануды үйренеді .
2.Дамытушылық: тіл дамыту: ойлау, сөйлеу қабілеттерін арттыру, сөздік қорын молайту.
3. Тәрбиелік: оқушылардың тілге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, әңгімелеу,аудару, түсіндіру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
-Амандасу.
-Түгендеу.
Үй тапсырмасын тексеру кезеңі.
-әңгімелеу
Қайталау сабағы.
Сөздік:
қанатты-крылатый
құстар-птицы
қарға-ворона
қарлығаш-ласточка
жапалақ-сова
сауысқан-сорока
бұлбұл-соловей
торғай-воробей
бүркіт-беркут
тоқылдақ-дятел
шымшық-синица
үкі-филин
халықаралық-международный
зиян-вредный
құрт-құмырсқа,жәндіктер-насекомые
Сергіту сәті.
Шаршасаңдар, балалар,
Қолдарыңды созыңдар.
Бір,екі,үш,төрт,бес,
Бір,екі,үш,төрт,бес.
Саусақтармен ойнаңдар,
Бір демалып алыңдар.
Қанатты достар.
Қ..стар-адамның достары. Бірінші с...уір Халықаралық құстар күні болып есептеледі.Бұл мереке 1906 ж...лдан бастап тойлана бастады. Құстар ағ...штарды емдейді. Құстар ағаштағы зиян құрт-қ...мырсқаларды жейді. Адамдар қ...старды қорғау керек.
Деңгейлік тапсырмалар:
3 деңгей.
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, дәптерге жазыңыздар.
2 деңгей.
1."Құс" сөзін тәуелдеңіздер.
2. "Қарға" сөзіне фонетикалық талдау жасаңыздар.
1 деңгей.
" Үкі" сөзіне ребус құрастырыңыздар.
Сабақты қорытындылау.
Бағалау кезеңі.
Үйге тапсырма беру кезеңі: -сөздерді жаттау;
-әңгімелеу.