Серуен Ала?ай, жаз келді!


№1 Күнді бақылау
Мақсаты: Күнді бақылауды жалғастыру, оның адамдар, өсімдіктер, жәндіктер үшін маңыздылығын түсіндіру.
Экологиялық міндет: Күн сәулесінің адам және өсімдіктер, жәндіктер үшін маңыздылығын көрсету.
Жұмбақ: Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады. (Күн)
Көркем сөз: Күлім қағып күн шығып,
Күн нұрымен бір шығып,
Ел еңбекке құлшынып,
Қыза түсті тіршілік.
Еңбек: Топыраққа су себу.
Мақсаты: Балалардың еңбек етуге деген тілегін тәрбиелеу.
Қмылды ойын: «Күн мен түн»
Мақсаты: Зейінін, жүгіру жылдамдығын жаттықтыру.
Мақал-мәтел: Күн көзі жылы – жер-ана мейірімді.
Болжам: Күн қызарып батса – ертең күн ыстық болады.
№2 Өсімдіктерді: гүлденген бақбақты бақылау
Мақсаты: Гүлденген бақбақты бақылауды жалғастыру.
Экологиялық міндет: Көктемгі алғашқы гүлдерді байқай білуге үйрету. Табиғат әсемдігіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Жұмбақ:
Көктем, жазда басына
Сары қалпақ киеді.
Күзге қарай қалпағы
Қалқып ұшып жүреді. (бақбақ)
Үлпілдеген қалпағы
Ескен желден қорқады. (бақбақ)
Көркем сөз: Бақбақ
Аппақ, аппақ бақбақтар
Тура киіз ақ үйлер.
Төнеді кеп жан-жақтан,
Тамашалап сәбилер. (М.Әлімбаев)
Еңбек: Гүлдерге су құю.
Мақсаты: Балалардың еңбек етуге деген тілегін тәрбиелеу.
Қмылды ойын: «Күн мен түн»
Мақсаты: Зейінін, жүгіру жылдамдығын жаттықтыру.
Мақал-мәтел: Гүл өссе жердің көркі.
Болжам: Бақбақ, қоңыраугүлдер гүл алақанын ашса, ауа-райы жылы, жаз ыстық, ашық күн болады.Күн қызарып батса – ертең күн ыстық болады.
№3 Жауын-шашынды бақылау
Мақсаты: Жауын-шашынды бақылауды жалғастыру.
Экологиялық міндет: Өсімдіктер тіршілігі үшін жауын-шашынның маңыздылығы туралы әңгімелеу.
Жауын-шашынның алуантүрлі болатынын түсіндіру.
Жұмбақ: Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын.
Биіктен қайта түскенде,
Өңі кірер даланың. (Жаңбыр)
Көркем сөз: Жаңбыр
Төгіп-төгіп, жау жаңбыр,
Құрғақ шөлдер көк болсын.
Бақша, жеміс тез өсіп,
Азық-түлік мол болсын!
Күллі әлемнің ақ ниет,
Адамдары көп болсын! (М.Әлімбаев)
Еңбек: Ауланы сыпыру.
Мақсаты: Еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Жерде қалып қойма»
Мақсаты: Өрмелеуге жаттықтыру. Белсенділігін тәрбиелеу.

№4 Құстарды бақылау
Мақсаты: Балабақша алаңына қонақтаған құстарды бақылау, сыртқы түрінен тануға үйрету.
Экологиялық міндет: Байқампаздығын, құстарға деген қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.
Жұмбақ: Екі айыр құйрығы,
Қияқ мұрт қанаты,
Ұшқырлардың жүйрігі. (Қарлығаш)
Қалқып тұрып аспанда,
Үн шығарып ән сан қилы.
Өнеріне басқанда,
Тұла бойың балқиды. (Бозторғай)
Көркем сөз:

Еңбек: Топыраққа су себу.
Мақсаты: Балалардың еңбек етуге деген тілегін тәрбиелеу.
Қмылды ойын: «Торғайлар мен автомобиль»
Мақсаты: Зейінін, жүгіру жылдамдығын жаттықтыру.
Тыйым сөз: Құстың ұясын бұзба. Аққуды атпа.