?ош келді? ?з — Наурыз ерте?гілік 
Тақырыбы: «Жыл басы – Наурыз!»
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру; Балаларды елін, Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру. 
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар: Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық киімдерімен келеді. 
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз құтты болсын! 
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
 Көрініс. (Шал қолында қамшысы бар, қой жайып жүреді) 
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды. Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің бе? 
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып барамын. 
Мыстан: Сен маған не бересің? 
Шал: Бір отар қой беремін. 
Мыстан: Жоқ маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе жібермеймін. Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді , соны ал.
 Мыстан: Онда келісімін, оны қалай бересің? 
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап ал. - Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де өзі кетіп қалады. Мыстан алтын сақаның жанында отырады. ( Бала сақасын іздеп шығады) 
Бала: Апа, апа анау сақамды алып беріңізші? Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал. Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады. Осы кезде қыздар Әлтайырды іздеп шығады. Қыздар: Әлтайыр, Әлтайыр қайдасың? Біз сені іздеп жүрміз. Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар қорқып бірінің артына бірі тығылады. 
Мыстан: Сендерге Әлтайыр  керек болса , менің шартымды орындаңдар. Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз. 
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып беріңдер. (Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын айтады) 
Мыстан: Жарайсыңдар! 
Қыздар: Апа ,енді Әлтайырды жібересіз бе? 
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді көрсетіңдер ( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) 
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп қалды ғой. 
Қыздар: Енді, жібересіз бе? 
Мыстан: Жоқ, менің билегим келіп отыр. Бишилерің бар ма? ( Би өнерін көрсетеді)
 Мыстан: Өй, сендерде бишілерің де бар екен ғой. 
Қыздар: Әлтайырды енді жібересіз бе? 
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып) қане ұлдарыңның күшін сынып көрейінші( белінен арқан шешіп береді) Ұлттық ойындар ойналады. 
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ мен Әлтайырды жібере алмаймын, менің қарным ашты. 
(Қыздар жиналып ақылдасады) Мыстан кемпірге «Наурыз  көжені» ұсынады
Мыстан: Бұл тағы немене? 
Тәрбиеші: Бұл «Наурыз көже» деп таныстырады
 Қыздыр: Апа, мынау ұялы телефон , мұнымен барлық жермен сөйлесе аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке түсесің. 
Мыстан: Қане, бері әкел көрейін. Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар !Әлтайырды алып шығып кетеді. 
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар.. - Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар аналарды!
 Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан батыр кім болда екен? 
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған? Ел басына тағы қандай күн туды деп ат басын бұрып едім. 
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде Наурыз мерекесі өтіп жатыр. Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
 - Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы кісі
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге бата беруге арнайы Қызыр атамыз да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз. Қызыр ата батасын береді.