Ерте?гілік ?ош келді? Наурыз
«Қош келдің Наурыз»1-жүргізушіҚош келдіңдер, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар!Наурыз мерекесі құтты болсын «Қош келдің Наурыз!»Мерекелік бағдармамызды бастауға рұқсат етіңіздер2- жүргізуші Добрый день дорогие уважаемые гости преподаватели и учащиеся! С праздником наурыз! разрешите начать праздничный концерт «Қош келдің, Наурыз!1- жүргізушіУа, халайық, халайық!Мұнда назар салайық, мерекесі халықтың наурыз тойын бастайық. Құтты болсын мереке, болсын думан береке.2- жүргізуші Из глубины историй нашей землиК нам пришел этот праздник Наурыз.Праздник нового дня, Праздник цветений и обновления.Праздник Земли и человека.1- жүргізуші Сіздердің назарларыңызға «Наурыз» әні Ауғанова Анара Ортаға ұлттық киім киген оқушылар кіреді.1- жүргізушіКеле жатыр жылымызМейрамдаймыз мұны біз.Жас балаша нұрланып, жадырасып бәріміз.Күннің жаңа нұры бар, мұнын ғажап сыры барХалық сүйген мейрамды қарсы алайық Наурыз!Музыка ойнап тұрады, ұлттық киім киген екі оқушы қыз ортаға шығып Көктем туралы өлең шумақтарын айтады.Алдарынан қолында бір құшақ гүлі бар ұл бала шығады.
Ұл бала Оу, қыздар ,қандай әдемі болып кеткенсіңдер! Өздерің тіпті көңілдісіңдер ғой!
1-қыз Әрине ,өйткені наурыз айы туды. Көктем келді. Айналаңа қарашы! Табиғат неткен көркем,неткен сұлу
Ұл бала Е, бәсе! Той сендердің ауылдарыңда екен ғой. Ендеше мына шоқ гүлдер сендерге.Осы гүлдей жайнап өсіңдер!
2-- жүргізуші
У наших предков много традиций и обрядов. Одним из наиболее распространенных обрядов без которого не начинают не одно торжество – это «шашу» - обряд осыпанияШашу из конфет, различных сладостей или мелких монет.1- жүргізуші
Наурыз келсе құт келгені халайықЕсік ашып, шашу шашып ел болып қарсы алайық(Ортаға шашу шашып шығады)Уа, халайық, теріп ал мәмпәсиді,Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.Шашу! Шашу! Көп шашайық шашуды,Жауғандай кеп аспаннан нөсер жаңбыр.Уа, жамағат, жинап ал несібеңді,Ризалығың болсын көл - көсір!Далее играет музыка1-- жүргізуші
Қош келіпсің, Наурыз! Арман тойы халықтың, қуанышы халықтыңҚұтты болсын қадамың!Сені тойлап қарсы алып бар әлемге жар салыпСәлем бердік біз сізге1-жүргізуші Халқымыздың мифологиялық аңыздары бойынша Наурыздың 22 түнінде сағат 3 - те даланы Қыдыр ата аралайды.Бізде Қыдыр атамызды қарсы алайық. (Ортаға Қыдыр ата мен Наурыз қыз келеді)1-жүргізуші: Қыдыр ата ортамызға келіп түрБізге ақ батасын, ақ тілегін берейін депСәлем беріп, алақанымызды жайыпАлайық атамыздың Ақ батасын
Қыдыр ата. Сұрасаң бата берейін,Үстем болсын мерейінЫқыласпен қол жайсаңАқ тілекті төгейінҰлыс оң болсынАқ мол болсын,Қайда барсаң жол болсынТөрт түлік ақты болсын,Ұлыс береке берсін,Бәле-жәле жерге енсінКөйлектерің көк болсын!Қайғы уайым жоқ болсынҚуаныштарың көп болсынАумин!Наурыз қыз Ашық болсын күнімізАшылады нұрымызБай - тұлғалы өмірде айтылады жырымыз.жайнатады гүл - гулдіСайратамын бұлбұлдыМерейлі жұрт тойласынМейрам етіп бұл күндіМузыкалық сәлемдеме
2-- жүргізуші В ночь Наурыз люди выходили на улицу, поздравляли, желали друг другу самые лучшие пожелания, прощали обиды и ссоры: ходили другу другу в гости, в каждом доме готовили традиционный «Наурыз – көже»И угощая, желая друг другу достатка и счастья. Эти пожелания старших называют «бата», кто больше пьет коже тот будет сыт целый год: а кто больше всех получит ақ бата у того в жизни будет светлая дорога - считали в народе1- жүргізушіҰлыс күндеріңіз құтты болсын.Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн»Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.Ал, құрметті қонақтар!Айналайын балалаар!Жеп - ішсін деп, тамсанып,Жеті түрлі дәм салып,Наурыз көже пісірдім.Тойға қазан түсірдім!Құйдым алтын табаққа,Құлшыныңдар тамаққаКөжеге жас - кәріңді,Шақырамын бәріңді2 жүргізуші- Как многие народные праздники, праздник наурыз имеет свои традиции и обряды1-жүргізуші
Тілім барда қазағым бар,халқым бар
Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы
Аңқау ашық мінезі бар аңқылдар.
Қазақтың салт-дәстүрінің бірі « Құйрық-бауыр асату» рәсімін тамашалаңыздар.
Енесі; Наурыз мерекесі –қазақ халқы қастерлейтін күн.Сондықтан біз мына әр ауылдан келіп отырған келген қонақтарымызға құйрық-бауыр жегізейік деп тұрмыз.
Келіні ; Апа құйрық-бауыр неге жегізеді?
Енесі; Бауыр деген іні,туыс,ағайын ұғымын білдіреді.
Келіні; Ет мүшелерінің ішінде де бауырдың ерекше дәмді екені белгілі ғой.Енесі; Сондықтан құдалар бауырдай тату-тәтті болып туыстасып, бауырласып жүрейік, бауырдай жақын, құйрықтай тәтті болайық деген ғой.
Келіні; Құйрық-бауыр жедің бе, құда болдым дедің бе»деген сөз де бар.
Немересі; Сүйінші,сүйінші! Құдалар келе жатыр.
Енесі;Сүйінші сұрау-шын қуаныштың белгісі,қатты қуанып тұр екенсің,мінекей,сыйлығыңды ала қой.
«Қонақ келсе құт деген» балам. Келсе келсін.
(Есік алдында ойнап жүрген балалар келген қонақтармен сәлемдесіп,үйге кіргізеді.
Ал кәнекей құдаларды қарсы алайық,шашу шашайық.
Қонақтар жайғасып отырады.Келген қонақтардыңқолдарына су құяды.Үлкендер «Үлкен жігіт бол», «Өркенің өссін», «Құрбыңның алды бол»
Енесі; «Ас адамның арқауы» деген» ас алып отырыңыздар.
Осы кезде сырттан бір бала келіп:
Әже қойымыз егіз қозы туды.
Әжесі; «Құтты қонақ келсе,қой егіз туады» деген балам. Жақсы болған екен.Ендеше сол қозыларға ен салып қой.Мына Қазбектің немерелеріне бәсіре болсын.
Енесі;Құдалық дәстүр әзіл-қалжыңсыз,ойын-сауықсыз өтпейді. Ал әндетейік.
Ән «Наурыз» Қабыкен Сабина 1-жүргізуші«Наурыз» біздің Қазақстанда тұратын көп ұлттар өкілдері үшін ортақ2-жүргізушіНаурыз единый шанырақ всех народов, проживающих в КазахстанеЭтот праздник стал праздником объединяющим и призывающим к дружбе и взаимопониманию всех народов.1-жүргізушіЖиналдық Наурыз тойға бәріміздеҮлкен – кіші жасымыз кәріміз деӘрбір ұлттың жиналған өкілдеріӨнерлерін көрсетуге келді мінеЕнді ортаны баршыңызға ашайықКөрермендерге жырдан шашу шашайықӘн мен күйді, жыр мен биді шалқытыпӨнерменен інжу - маржан шашайықМузыкальные номера
БИ «Қамажай» 2-4 «А» сынып
Танец « Қыз қуу» 1-3 «Б»
Ән « Дастархан» Ақшалова Күнсұлу
Би «Сәукеле» 1 «А» сынып
Ән « Наурыз» 2-4 «А» сынып
Танец « Самовар» 1-4 «Б»
Начинаются спортивные игры принимаем активное участие1-жүргізушіҚұрметті ата - аналар және көрермендер, мерекелеріңізбен!«Ұлыстың ұлы күні құтты болсын»2-жүргізуші«Наурыз ты праздник дружбы и добра»«Наурыз ты праздник мираПусть будет вечным этот деньПришедший и унесенный на века
«Шал акын ауданының Қаратал орта мектебі»КММ
«Қош келдің наурыз»
Кожахметова Қ.А.
Анесова М.К.
2015 жыл