Трбие са?аты Армысы?, ?з Наурыз! (бастауыш сынып)


"Армысың,әз Наурыз!"
Мақсаты:а)Оқушыларға ұлттық мереке-жыл басы Наурызды халқы-
мыз қалай қарсы алғандығын үйретіп,насихаттау.Наурыз
мерекесі жөніндегі білген,түйгенін одан әрі толықтыру;
ә)Оқушыларға ұлттық өнерімізді,ойындарды,салт-дәстүрі-
мізді еркін меңгеріп,шебер орындай білу дағдыларын
қалыптастыру;
б)Ұлттық салт-дәстүрлеріміздің ұмытылмай,жаңарып,осы
заманғы өмірімізге кірігуіне,құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: киіз үй жихаздары,дастархан,Наурыз туралы даналық
сөздер,мақал-мәтелдер,шарлар.
Жүрісі:
-Қайырлы күн,құрметті қонақтар,ұстаздар,ата-аналар!Әні мен сәні жарасқан "Армысың,әз Наурыз" атты мерекелік ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Оқушы: Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу,
Біздер үшін бақ бүгін.
Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын,
Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы,
Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқан.
-Құрметті ұстаздар,ата-аналар,қонақтар!Бәріміздің көптен күткен Наурызымыз да келді.
Наурыз тойларың құтты болсын!Ұлыстың ұлы күні аталған Наурызда еңбектеріңіз өнімді боп, тілектеріңіз қабыл болсын.
Аман-есен тойдан тойға жетіп,ескі ауыртпалығыңыз ескі жылда кетіп,жаңа жылда жаңа үміт,жаңа тіршілікпен,осы ұлыстың ұлы күнінде елімізге,жерімізге Наурызымыз есігін қуанышпен ашсын.Барлық жақсы ниет,тілектеріңіз қабыл болсын!
Оқушы: Наурыз келсе,құт келгені,халайық
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)
Оқушы: Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.
-Наурыз-өте көнеден келе жатқан мейрам.Наурыз сөзі парсы тілінде "нау"-жаңа,"рыз"-күн деген сөздерден шығып,жылдың бірінші күнін білдірген.Бұл күні күн мен түн теңелетін,жан-жануарлар төлдеп,адамдардың аузы аққа тиетін,жер үстіне шаттық орнаған күн.Қазақ елі осы күнді "Ұлыстың ұлы күні"деп атаған.
Оқушы: Наурыз келді!Жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді.
Жер бусанып,құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді.
Оқушы: Армысың,Наурыз,
Мереке,ырыс,береке.
Қош келдің,сені
Күтуде бүгін кең өлке.
Оқушы: Армысың,Наурыз!
Қуаныш болып кір,төрлет.
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет!
Оқушы: Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар,балалық!
Келді Наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып.
Наурыз келсе,халайық,
Есік ашып,шашу шашып,қол соғып,
Ұлысты қарсы алайық!
Наурыз ару: Мен көктем мезгілінің алғашқы айы болуымды мақтан етемін.Неге десеңіздер,жер бетіндегі барша мұсылман қауымының асыға,сағына күтетін мерекесі-жыл басы-Наурыз да менімен келеді емес пе?Ендеше,достығы мен туыстығы,бірлігі мен ынтымағы жарасқан еліме Наурыз тойың құтты болсын демекпін.
Оқушы: Жарқыра,жайна,Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке,байлық,дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын.
Оқушы: Жаңғырар дәртүр-салтымыз,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз-жыл басы.
Оқушы: Құтты болсын жаңа жасың,қазағым,
Берекелі тоқтамасын базарың.
Биылғы жыл берекелі Қоян жыл,
Арта берсін елдің көркі,қазағым.
Хор: Көктем әні
Оқушы:Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап,би билейтін қауым болып,
Тұрмайық,уақыт келді өнерді аяп.
Оқушы:Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Оқушы:Наурыз тойың,Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Ән: Наурыз әні
Мұғалім: Әдет-ғұрып,салт-дәстүрі қазақтың,
Жарасымды,үйлесімді ғажап шың.
Ұмыт болған дәстүрлерді сақтайық,
Насихаттан,жанар таудан қашпайық.
Арқан тарту,асық ойнау,күрес,қыз қуу ойындарын көрсету.
Оқушы: Қош келдің,Жаңа жылым,
Қош келдің,жаңа күнім!
Айқара құшақ ашып,
Қарсы алды дала бүгін.
Мұғалім: -Балалар,халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап,қуаныш әкеледі,жақсылық шашады екен.
Балалар,бізге де Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті.Кәне,соны шешіп көрейік.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті
атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды кім деп атайды және
төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,
тауық,ит,доңыз.
6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?
-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сүр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелі-
неді.Оған жүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.
Оқушы: Жүргендей жылды мақтап,
Түлік жүр қырда ойнақтап.
Балалар аққа тойып,
Уыздай болды аппақ.
Оқушы: Күн,әне,сәуле шашқан,
Құс,әне,әнге басқан.
Қайда да той-мереке,
Дірілдеп жырға ұласқан.
Оқушы: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.
Би:Қаражорға
Оқушы: Қоян жылы кел,төрлет,
Ел достығын өркендет.
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз.
Жарқырайды күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Оқушы: Құт береке,Наурыз айым келді деп,
Жер түледі,жасыл желек желбіреп.
Айналайын,атамекен,кең далам,
Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.
Мұғалім: Тыңдаңыздар,өнер сүйер асыл халқым,
Мереке құтты болсын,ауылдасым.
Тағы да келіп жетті уақытымыз,
Жырлайтын қазағымның дәстүр-салтын.
-Ия,Наурыз тойына жиналған халайық!Ойын-тойымызды жалғастырайық.Той-тойға ұлассын.Бүгінгі күн-салт-дәстүрімізді жаңғыртып,көсегеміз көгерген күн.
Оқушы:Айтпақшы,бүгін Қапиза әжейдің үйінде қуаныш,той болады деп естідім.Ендеше,бекер отырмайық."Қызықтан құр қалма" деген,неге ойын-тойды тамашаламасқа?!Кеттік,Қапиза әжейдің үйіне.(Кетеді)
Сахнаға атасы мен әжесі шығады.
Атасы: Ау-кемпір,оның-мұның дайын болды ма?Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.
Әжесі: Ой, байғұс-ай, тек құлынымның жаны қалсын десейші!
Өзгесін сонан соң көре жатармыз(Көрермендер залынан бір топ балалар шулап жүгіріп,сахнаға көтеріледі)
-Сүйінші!Сүйінші!
-Дүниеге жас нәресте келді!
-Көкем ұлды болды!
-Ата-әже,сүйінші!Өмірге немерелеріңіз келді!
Атасы:Рахмет,қарақтарым!Рахмет,міне,сүйіншілерің.Ала қойың-
дар,қарақтарым,ала қойыңдар(Балаларға кәмпит,тиын береді)
Әжесі: Ала қойыңдар,құлындарым.Қуаныш бәрімізге ортақ.
(Келіншек шығады)
Келіншек: Ата,әже,немерелеріңізді әкеле жатыр.
Дауыстар:
-Немереңіздің бауы берік болсын!
-Қуаныштарыңыз қызықты болып,ұзағынан сүйіндірсін!
-Жақсылық жақсылыққа ұлассын!
Атасы: Қарақтарым,орта толсын.
(Екі келіншек сәбиді үйге алып келеді.Әжелер жас нәресте жолына шашу шашады.Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді)
Әжесі:Ой,құлыным-ай,өмір жолың ұзақ болғай!Тіл мен көзден аман болғай!Тіфә!Тіфә!Ал,атасы,немереңді сен ал қолыңа!
Қонақ әже:Жо-жоқ,кезекті алдымен бізге бер.Біз атасынан көрімдік аламыз.
Әжесі:Алыңдар,алыңдар,міне,атасы екеуіміздің көрімдігіміз (Көрімдігінбереді)Төрлетіңіздер,отырыңыздар,құрметті қонақтар.Дәмнен ауыз тиіңіздер!Бүгін біздің үйімізде той-думан,немереміздің дүниеге келген күні.
Атасы(Немересін қолына алады)Бақытты,өмірлі бол,қарағым!
Оқушы:Ата,немереңізге ақ жол тілеп,батаңызды беріңіз.
Атасы:
Құлыным,үлкен жігіт бол,
Халыққа сенім үміт бол.
Ата-анаңа,баршаға,
Ұлы бақыт,қызық бол.
Бар қазақтың ұлы бол,
Көл қауымның дүрі бол.
Өзің берік бұтағым,
Қайда жүрсең тірі бол.
Әумин!!!
Әжесі:Құрбыларым,келін,сіңлілерім!Ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болады.Қымтырылмай,кең отырыңыздар!
Қонақтар:Рахмет,Қапиза,ризамыз саған.Немереңнің бауы берік болсын.
Қапиза әжей: Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы,ауылдың алты ауызын айтайық.
Абзал: Жарайды,айтсақ айтайық.Дүниедегі ең қымбат жан-ана.Ана баланы өмірге әкеледі.Ана балаға өмір бойы қамқор болады.
Ән:Ана туралы жыр.
Қонақтардың біреуі:-Біз өзімізді марапаттап жүргенде,әкелерді де ұмыт қалдырмайық.
-Дұрыс айтасың.Ендеше,әке туралы бір ән айтайық.
Қонақтар:Иә,біраз отырдық.енді мына дәмге,келген жас сәбиге ақ батамызды берейік(Бата беріледі).Бесікке салу рәсімі.
Қапиза әжей:Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңызға рахмет айтамын.Енді қырық күннен кейін шілдехана тойын жалғастырмақ ойымыз бар.Одан бұрын жас сәбиге азан шақырып ат қою-парызымыз.Сол рәсімге қатысуға шақырамыз.
Ал,мынау той жыртысы.Алыңыздар, тойымыз тойға ұлассын!
(Қонақтар ризашылықпен аттанады)
Мұғалім:Осындай той қазақта бола берсін,
Көңілдерге жақсылық тола берсін.
Азамат боп еліне біздің жігіт,
Тұғырына биіктен қона берсін.
Оқушы: Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш,бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел,бәрің,бәрің!
Осымен,құрметті қонақтар,"Армысың,әз Наурыз" атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Сөз кезегі өздеріңізге беріледі.
Наурыз тойы көктем тойы,көңіл тойы,
Жақсылық жаусын бәріңе,өмір бойы.
Осы тоймен құттықтап үлкен-кіші баланы,
Сәлеммен,мектеп директоры бірінші сөз алады.
Сөз кезегі ата-аналарға,ұстаздарға беріледі.
Енді бәріңізді наурыз көжеден дәм татуға шақырамыз.
Жатыр шалқып көңілім,шалқып әнім,
Наурыз сыйлап қуаныш,бақыт нәрін.
Ұлыстан соң күтіп тұр Ұлы күнің,
Наурыз көжеге бәрің кел,бәрің,бәрің!
Атасы: Ау-кемпір,оның-мұның дайын болды ма?Жақсы хабар жетісімен опынып қалып жүрмеңдер.
Әжесі: Ой, байғұс-ай, тек құлынымның жаны қалсын десейші!
Өзгесін сонан соң көре жатармыз(Көрермендер залынан бір топ балалар шулап жүгіріп,сахнаға көтеріледі)
-Сүйінші!Сүйінші!
-Дүниеге жас нәресте келді!
-Көкем ұлды болды!
-Ата-әже,сүйінші!Өмірге немерелеріңіз келді!
Атасы:Рахмет,қарақтарым!Рахмет,міне,сүйіншілерің.Ала қойың-
дар,қарақтарым,ала қойыңдар(Балаларға кәмпит,тиын береді)
Әжесі: Ала қойыңдар,құлындарым.Қуаныш бәрімізге ортақ.
(Келіншек шығады)
Келіншек: Ата,әже,немерелеріңізді әкеле жатыр.
Дауыстар:
-Немереңіздің бауы берік болсын!
-Қуаныштарыңыз қызықты болып,ұзағынан сүйіндірсін!
-Жақсылық жақсылыққа ұлассын!
Атасы: Қарақтарым,орта толсын.
(Екі келіншек сәбиді үйге алып келеді.Әжелер жас нәресте жолына шашу шашады.Келіншек сәбиді алдымен әжесіне береді)
Әжесі:Ой,құлыным-ай,өмір жолың ұзақ болғай!Тіл мен көзден аман болғай!Тіфә!Тіфә!Ал,атасы,немереңді сен ал қолыңа!
Қонақ әже:Жо-жоқ,кезекті алдымен бізге бер.Біз атасынан көрімдік аламыз.
Әжесі:Алыңдар,алыңдар,міне,атасы екеуіміздің көрімдігіміз (Көрімдігінбереді)Төрлетіңіздер,отырыңыздар,құрметті қонақтар.Дәмнен ауыз тиіңіздер!Бүгін біздің үйімізде той-думан,немереміздің дүниеге келген күні.
Атасы(Немересін қолына алады)Бақытты,өмірлі бол,қарағым!
Оқушы:Ата,немереңізге ақ жол тілеп,батаңызды беріңіз.
Атасы:
Құлыным,үлкен жігіт бол,
Халыққа сенім үміт бол.
Ата-анаңа,баршаға,
Ұлы бақыт,қызық бол.
Бар қазақтың ұлы бол,
Көл қауымның дүрі бол.
Өзің берік бұтағым,
Қайда жүрсең тірі бол.
Әумин!!!
Әжесі:Құрбыларым,келін,сіңлілерім!Ата-бабамыздан қалған дәстүр бойынша бала туған күні сол жанұяда той болады.Қымтырылмай,кең отырыңыздар!
Қонақтар:Рахмет,Қапиза,Ризамыз саған.Немереңнің бауы берік болсын.
Қапизаәжей: Тілектеріңді тәңірім қабыл етсін. Айтпақшы,ауыл-
дың алты ауызын айтайық.
Абзал:Жарайды,айтсақ айтайық.Дүниедегі ең қымбат жан-ана.Ана баланы өмірге әкеледі.Ана балаға өмір бойы қамқор болады.
Қонақтардың біреуі:-Біз өзімізді марапаттап жүргенде,әкелерді де ұмыт қалдырмайық.
-Дұрыс айтасың.Ендеше,әке туралы бір ән айтайық.
Қонақтар:Иә,біраз отырдық.енді мына дәмге,келген жас сәбиге ақ батамызды берейік(Бата беріледі)
Қапиза әжей:Немеремнің қызығына ортақ болғандарыңызға рахмет айтамын.Енді қырық күннен кейін шілдехана тойын жалғастырмақ ойымыз бар.Одан бұрын жас сәбиге азан шақырып ат қою-парызымыз.Сол рәсімге қатысуға шақырамыз.
Ал,мынау той жыртысы.Алыңыздар, тойымыз тойға ұлассын!
Оқушы: Жүргендей жылды мақтап,
Түлік жүр қырда ойнақтап.
Балалар аққа тойып,
Уыздай болды аппақ.
Оқушы: Күн,әне,сәуле шашқан,
Құс,әне,әнге басқан.
Қайда да той-мереке,
Дірілдеп жырға ұласқан.
Оқушы: Наурыз тойың,Наурыз тойың
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,би төгілсін
Шырқап әнге салайық.
Оқушы: Қоян жылы кел,төрлет,
Ел достығын өркендет.
Қуанышты ел енді,
Наурыз келді салтымыз
Көгерсін деп халқымыз
Көшеге тал егеміз.
Жарқырайды күніміз,
Жайқалып жас гүліміз.
Оқушы: Құт береке,Наурыз айым келді деп,
Жер түледі,жасыл желек желбіреп.
Айналайын,атамекен,кең далам,
Толықсиды нұрға балқып,елжіреп.
1.-Не тәтті?-Ананың сүті тәтті.
-Не жұмсақ?-Ананың алақаны жұмсақ.
-Не жетім?-Жаңбыр жаумаса-жер жетім,
Басшысы болмаса-ел жетім,
Тыңдаусыз сөз жетім.
2.-Қандай ырым,тыйым сөздер білесіңдер?
1.Малды теппе,ақты төкпе.
2.Отты шашпа.күлді баспа.
3.Бос бесікті тербетпе,бесікті ашық қалдырма.
4.Бүйіріңді таянба.
5.Есікті керме.
6.Тұзды шашпа.
7.Асты оң қолыңмен алып же.
8.Нанды бір қолмен үзбе.
9.Түнде құдыққа барма,құдыққа түкірме.
10.Түнде тырнақ,шаш алмайды.
3.-Жеті ата дегеніміз кімдер?Жеті атаңды ата?
-Әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене,туажат.(өзінің жеті
атасын атап шығады)
4.Малды жаятын,бағатын адамды адамды кім деп атайды және
төрт-түліктің пірлерін ата және оларды қалай шақырады?
-Мал бағатын адамды малшы дейді.
1) Сиырдың пірі-Зеңгібаба.Оны ахау-ахау деп шақырады.
2) Жылқының пірі-Қамбар ата.Оны құрау-құрау деп шақырады.
3) Түйенің пірі-Ойсылқара.Оны көс-көс деп шақырады.
4) Қойдың пірі-Шопан ата.Оны пұшайт-пұшайт деп шақырады.
5) Ешкінің пірі-Сексек ата.Оны шөре-шөре деп шақырады.
5.-Жыл аттарын айтып беріңдер?
-Тышқан,сиыр,барыс,қоян,ұлу,жылан,жылқы,қой,мешін,
тауық,ит,доңыз.
6. Қазақтың ұлттық тағамы наурыз көже қалай даярланады?
-Наурыз көже қыстан соғымнан алынып,арнайы сақталып қойған сұр еттен,қазыдан пісіріледі.Оған жеті түрлі дән қосылады.Өйткені, қазақта жеті саны киелі сан болып есептелі-
неді.Оған жүгері,бидай,айран,кеспе,қазы,т.б.қосылады.
: Қош келдің,Жаңа жылым,
Қош келдің,жаңа күнім!
Айқара құшақ ашып,
Қарсы алды дала бүгін.
Оқушы: Жарқыра,жайна,Наурызым,
Қабағы жаудың түйілсін.
Береке,байлық,дәм-тұзың,
Халқыма мәңгі бұйырсын.
Оқушы: Жаңғырар дәртүр-салтымыз,
Көзелсін бұлақ жылғасы.
Қастерлі менің халқымның,
Мереке Наурыз-жыл басы.
Оқушы: Құтты болсын жаңа жасың,қазағым,
Берекелі тоқтамасын базарың.
Биылғы жыл берекелі Қоян жыл,
Арта берсін елдің көркі,қазағым.
Оқушы:Жүріңдер Наурызға басып аяқ,
Қалыс қауым болмасын некен саяқ.
Ән шырқап,би билейтін қауым болып,
Тұрмайық,уақыт келді өнерді аяп.
Оқушы:Наурыз келді,жайраң қақты таң күліп,
Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.
Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,
Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.
Оқушы:Наурыз тойың,Наурыз тойың,
Құтты болсын халайық.
Күй төгілсін,күй төгілсін,
Шырқап әнге салайық.
Оқушы: Наурыз келді!Жыл келді!
Жылмен бірге жыр келді.
Жер бусанып,құс келіп,
Жеріме әсем нұр берді.
Оқушы: Армысың,Наурыз,
Мереке,ырыс,береке.
Қош келдің,сені
Күтуде бүгін кең өлке.
Оқушы: Армысың,Наурыз!
Қуаныш болып кір,төрлет.
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет!
Оқушы: Армысыңдар,халайық!
Бармысыңдар,балалық!
Келді Наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып.
Наурыз келсе,халайық,
Есік ашып,шашу шашып,қол соғып,
Ұлысты қарсы алайық!
Оқушы: Наурыз келсе,құт келгені,халайық
Есік ашып,шашу шашып,
Ел боп қарсы алайық. (Шашу шашылады)
Оқушы: Уа,жарандар,жарандар!
Көңілің бар алаңдар.
Ата менен анаң бар
Үлкен кіші ағаң бар.
Наурыз тойы басталды
Бәрің бері қараңдар.
Оқушы: Армысыздар,жамағат!
Ару көктем,әз Наурызым,ақ күнім,
Ала келген бар әлемнің шаттығын.
Қазан-қазан көже жасап,
Азан-қазан көңілменен күй кешу,
Біздер үшін бақ бүгін.
Ұлан-ғайыр мынау қазақ даласын,
Мекендеген Ұлы,Орта,Кіші жүздің баласы,
Бірлігіңмен,тірлігіңмен басқа елді қаратқан
Оқушы: Наурызды халқымыз,
Жыл басы санайды.
Көнермей салтымыз,
Көп елге тарайды.