Армысы? ,Наурыз Т?рбие са?аты


Армысын, Наурыз
жүргізуші: Армысыңдар, халайық,Бармысыңдар, халайық.Ұлыстын ұлы күнін жұп жазбайЖылда қарсы алайық.Ал, халайық, тұрмайық,Әндетейік жырлайық!Ортамызды ашайық,Ырыс тілеп бұл жылға,Жырдан шашу шашайық!Күн менен түн теңелді,Жер шуаққа кенелді,Қуанышта ел енді.. -деп
Көшеміздің таныстыруын қабыл алыңыздар!
жүргізуші: 
Ерітіп қарын даланың, Жинатып гүлін саланың. Жетелеп жұмсақ самалын, Келді міне – жыл басы. Күлімдеп қарап күміс күн, Аспаның бүркіп пүліш түн. Ұлы күні Ұлыстың, Келді міне – жыл басы! Ән «Қош келдің төрлет ұлы күн» орындайтын: Тілегенқызы Назар
жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі – жас, Құшақтасып көріскен. Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасып көріскен. 
Күттіріп келген жыл басыБізбен бірге жырлашы.Дастарханға елімнің,Береке, ырыс сыйлашы.Би. Орындайтын: Махамбетова Аягөз
Жүргізуші: Армысың Көктем,Қуаныш боп, кір төрлет!Ел болып саған,Көрсетіп жатыр сый – құрмет!Бауырласқа тәнтіміз,Бұзылмаған салтымыз.Кең даламның ежелгі,Қазақ деген халқымыз.Өзге ұлттай біздің деБар дәстүр мен салтымыз.Кәзір біздің көрсететің салт-дәстүріміз -Аунату.
Аунату. Қазақтар үйіне келіп қонақ болған, қонып кеткен адамдардың отырған, жатқан жеріне «баламыз осы атасына тартсын, бойына осы атасының қасиеттері қонсын» деп балаларын аунатып алатын болған. Елге, ағайынға сыйлы азамат кіндік қаны тамған туған жеріне келгенінде халық, туған-туыстары, дос жарандары оны сол жердің топырағына аунатып алған. Шыңғыс Айтматов үйіне Мұхатр Әуезов келгенінде, ол отырған орындыққа ұлын аунатып алған көрінеді.
Жүргізуші: Сәулесі бар Көктемде таңғы үміттің,Басын қосқан сан адам сан ғұрыптың.Ұлыстың ұлы күні паш етейік,Белгісін достықпенен мәңгіліктің
ән орындайтын: Жылқышқан Қарақат Жүргізуші: Қош келдің көктемім Ардақты,Халқым саған бар үмітін арнапты.Жылда осылай келе бергін жасарып,Гүлге бөлеп, нұрға бөлеп аймақты.-
деп көшеміздің мерекелік іс-шарасын аяқтаймын.
Армысын, Наурыз