Т?рбие са?аты ?стазым,мені? ?стазым


Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге үйрету.
Білімділік: Ұстаздардың қадір – қасиетін түсіндіре отырып, қазіргі заманда қоғам үшін еңбек етіп жүрген ұстаздарды тану.
 
Дамытушылық: Оқушылардың өлең шумақтар арқылы ой - өрісін кеңейту, ойлау қабілетін дамыту.
 
Тәрбиелік: Ұстаздар бойындағы нәзік мейірімді бағалай білуге, берген білімін ақтай білуге тәрбиелеу.
 
Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, жалауша, шарлар.
Түрі: сыр-сұхбат
Әдісі: әңгімелеу,сырласу
Өту барысы:
Ұстаз болу- жүректің батырлығы,
Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.
Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы дей келе, 6а сыныбының «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбындағы сыр-сұхбатқа қош келдіңіздер.
Бүгін бізде сыр-сұхбат қонақғы осы мектебімізде ұзақ жылдардан бере еңбек етіп келе жатқан, бастауыш сынып мұғалімі, Жанботаның әжесі – Изимова Лира Ибатоллақызы (қошеметтеп қол соғып қоялық).
Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!
Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар.
Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,
Күндей болып күлімдеген жарықсыздар.
Осы өлең шумақтарын сізге арнай отырып, балаларға сұрақтар қоюға кезек берейік.
1.Сізге өзіңіздің шәкірттеріңіз ұнайма және осы саладан басқа мамандық иесі болғыңыз келді ме?
2.Өз балаларыңыз сіздің салаңызда білім алғанын қалар ма едіңіз және қай ақын-жазушылардың шығармаларын сүйіп оқисыз?
3.Сіз өз мамандығыңызды ұнатасыз ба, мектепте жасағаныңызға неше жыл болды және жұмыста жүргендегі бір қызықты оқиғаны әңгімелеп беріңізші?
4.Мұғалім болам деген кезіңізде жанұяда ешкім қарсы болған жоқ па және жұмысқа неше жасыңызда келдіңіз?
5. Мамандығыңызға өкінген кезіңіз болды ма, болса қандай кезде?
Балалар осы жерде мына өлең шумағына зер салайық:
Ұстаз бізді білім беріп өсірген,
Қатемізді әрқашанда кешірген.
«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым,
Тәрбиелеп ақылды ғып өсірген.
Апай туралы арнайы дайындалған слайдқа назар салайық (бәріміз слайд көреміз).
Балалар слайдты тамашаладық. Тағы сұрақтар туындаса сұрайық.
1.Осы кезге дейінгі марапаттарыңыз туралы әңгімелеп берсеңіз.
2.Отбасыңыз туралы айтып беріңізші.
3.Бастауыш сынып мұғалімісіз, осы кезге дейін неше сыныпты алап шықтыңыз?
4.Сіз ұстаз болуды кішкентай кезіңізде армандадыңыз ба?
5.Сіз жұмысқа және үй шаруасына қалай үлгеріп жүресіз?
Балалардың сізге және барлық ұстаздарға арнаған өлеңдері бар, соны тыңдайық( балалар тақпақтарын айтады).
Сізге сыныбымызға келіп әңгімеңізді айтып бергеніңізге көп-көп рахметімізді айта отырып, бүгінгі сыр-сұхбатымыз ұнады ма, әлде ұнамады ма соны мына смайликтер арқылы көрсетсеңіз (қол соғып қошеметтеп отырайық).
Анамдайсыз, менің асыл ұстазым,
Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың,
Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап.
Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың.
Лира апай сізге балалар қойған сұрақтардың ішінен қай баланың сұрағы ұнады. Сол баланы ортаға шақырып мына кітапқа қолтаңбаңызды қалдырып тарту етіңіз.
Сыр-сұхбат соңында бәріміз «Ұстазым» әнін орындайық (ән орындалады).
Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,
Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.
Ұстазды жеткізгенше мұратына,
Білім іздеп лапылдап жан берем деген өлең шуақтарын айта отырып, 6а сыныбының «Ұстазым, менің ұстазым» тақырыбындағы сыр-сұхбатты аяқтай келе, Лира апаймен бәріміз естелікке суретке түсеміз.
Тыңдағандарыңызға рахмет.
М.Сиранов атындағы орта мектеп
Тақырыбы: Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті
Сыныбы: 9,10,11
Дайындаған: Абенова Бану Есенжановна
Технология пәні мұғалімі





Елтай ауылы