??ша?ы ке? ?стазым та?ырыбында?ы ?стаздар к?ніне арнал?ан кешті? сценарийі
Қарлығаш негізгі орта мектебі
«Құшағы кең ұстазым»
2016-2017 оқу жылы
Тақырыбы: «Құшағы кең ұстазым»
/ сырттан мұғалімдер келеді,5-6 сынып оқушылары ашық хаттарымен гүлдерін сыйлайды./
Вальс: 8-9 оқушылары мұғалімдерді вальске шақырады./
1 жүргізуші: Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді.
2 жүргізуші: Ия, жаңа оқу жылымен қатарласа келетін мұғалімдер күні де осы күздің үлесіне тиіпті. Ендеше осы білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздарға деген құрмет арта бермек.
Мұғалім – ұстазысың балалардың.
Болашақ ғалымдардың, даналардың
Өмірде сенің алар орыныңды
Бірі де жеткізе алмас бағалардың.
Атағым Алатаудай болып биік
Тұрса да төбем өсіп, көкке тиіп
Алдыңда әрқашан да тағзым етіп
Тұрармын «Ұстазым» деп басымды иіп.
/ 5-6 сынып оқушылары арнау тақпақтарын айтады. /
1 жүргізуші: Мерекелік құттықтау сөз мектебіміздің директоры Нұрахметова Гүлжанар Құмарғалиқызына беріледі:
Ән Тоқтахмет Айымгүлдің орындауында «Ұстазым менің »
2 жүргізуші: Ең күрделі ғылым – Адам болу ғылымынан дәріс беріп жүрген мамандық иесі, сөзі маржан, үні ән ұлағатты ұстаздар, армысыздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңізге адалдық, отбастарыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!
1 жүргізуші: /Бүгінгі ұстаздарға өз құттықтауларын ала келген мектепалды даярлық тобын ортаға шақырамыз. Тақпақ айтады/
6-сынып оқушыларының дайындаған «Банк» қабыл алыңыздар
1 жүргізуші: Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға
Тарап демде кетеді шаршауың да
Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер
Тұрғанында солардың қоршауында
2 жүргізуші: Қиындықта кезіксең көп асу да
Қанша терің төгіліп жол ашуға
Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,
Сен өмірдің ұстазы боласың
Рахым Раушанның орындауында қырғыз биі
1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.
2 жүргізуші: Ия, ұрпаққа айтар ақылы, көрсетер өнегесі бар, аналық, әкелік сезімнің, дана ойдың ыстық лебі бар аға ұрпақ өкілдері, мектептің жүрегі ардагер ұстазымыз ортамызда отыр.
/Ардагер ұстаздарға сөз кезегін береміз/
Ән: 6- сынып қыздары «Ұстазым»
1 жүргізуші:
Арылтып түн-түнектен саналарын,
Ойлаған ұрпақ қамын, бала қамын
Бала емес, адамзатты тәрбиелер
Ұстаздар – ар-ұяты замананың.
2 жүргізуші:
Мәрт мінез елің барда өресі кең,
Шықпайсың қажыма, ұстаз ел есінен
Жетіңдер мұраттарға ұзақ жолда
Тағдардың толқын ұрған кемесімен
8- сынып оқушыларының орындауында көрініс қабыл алыңыздар
1 жүргізуші:
Күндеріңіз толсын гүлге, желекке,
Отбасында болсын ырыс-береке
Құттықтаймыз шын жүректен Сіздерді
Өмір думан, бақ әкелсін мереке.
2 жүргізуші:
Қуат алып күндерден алыстағы
Жүресіңдер мініп ап намысқа бір
Дерексіздер өткеннен, керексіздер
Болыңыздар бай қуатты арыстарым.
Би :7- сынып оқушылары
1 жүргізуші:
Ұстаз болу - жүректің батырлығы,
Ұстаз болу - сезімнің ақындығы
Ұстаз болу - мінездің күн шуағы
Азбайтұгын адамның алтындығы
2 жургізуші:
Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі,
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Ұстаздардан шықпаңыздар жоғары.
Хор: 5-6 сынып оқушыларының орындауында хор қабыл алыңыздар.
1 жүргізуші:
Ұлағатты ұстаз еңбегі әркашан бірінші сатыда тұратынын біз бәріміз мойындаймыз. Сіздер сияқты аяулы да асыл ұстаздар қаншама мамандык иелерін оқытып, тәрбиелеп, нағыз қазақ азаматтарын, нағыз қазақ қыздарын, нағыз казақ жігіттерін тәрбиелеп жатыр
2 жүргізуші:
Баяғы шәкірт, балаңмын- деп қанша есейіп кетсек біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Егер әр адамның жүрегінде ізгілік сәулесі болса, ол - мұғалімнің еңбегі. Сол нұрды жеткіншектің жүрегіне сіңіру үшін қаншама тер төкті десеңізші! Дүниеде адамды тәрбиелеп, азамататандырганнан артық абырой мен құрмет жоқ шығар, сірә?!
Ән мұғалімдер
2 жүргізуші:
Ия ұлағатты ұстаздарымызды бүгінгі мерекелеріңізбен тағы да шын жүректен құттықтаймыз.Сіздер үшін арналған шағын концертіміз аяқталды.