Microsoft Excel туралы жалпы м?ліметтер
Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel туралы жалпы мәліметтер Сынып: 8
Сабақ мақсаты: Оқушылардың Microsoft Excel кестелік процессорда жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар ЕХСЕІ бағдарламасымен танысып, онымен алғашқы жұмыстар жасауды үйренеді.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, практикум элементерінің көмегімен демонстрациялау.
Пәнаралық байланыс: математика, тарих.
Құралдар: интербелсенді тақта, компьютер, білім беру ресурстары, кітап, смайликтер, дәптер, қалам
Әдіс-тәсілдер: жеке, жұптық, топтық жұмыс әдістері, "Қаламсап" стратегиясы, деңгейлік тапсырмалар
Сілтеме: http://bilimland.kz/kk/content/lesson/16439-ehlektrondyq_keste_turaly_negizgi_tusinik, қосымша материалдар, электронды оқулықтар.
Сабақ кезеңдер Уақыт
Мұғалімнің әрекеті Оқушылардың әрекеті
I.Ұйымдастыру
3 мин Оқушылармен амандасып, сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу. Абай Құнанбаевтың "Жазғытұры", "Қыс", "Күз" өлеңдерінен үзінді сөздерін тарату және өлең шумағын құрастыру арқылы топқа бөлу. Мұғаліммен амандасып, Абай Құнанбаевтың "Жазғытұры", "Қыс", "Күз" өлеңдерінен үзінді сөздерді оқу және өлең шумағын құрастыру арқылы топқа бөлінеді.
Білу
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру 4 мин Үйге берілген тапсырманы тексеру.Әркімнің партасында тестілеу парағы жатыр. Оған сендер тез арада жауап берулеріңіз керек. Әр сұраққа үш жауап берілген, олардың тек біреуі ғана дұрыс. Дұрыс жауапты тауып, бағалау парағына енгізу керек. Сонымен, тест орындауға кірісеміз.(оқушылар алдыңғы сабақта өтілген тақырып бойынша тест жұмысын орындайды).
Бағалау критерийлері тақтаға көрсетіледі. Оқушылар берілген тест тапсырмаларын орындап, жұптасу әдісі арқылы бір-бірін тексереді. Нәтижесін алдарына берілген смайликтермен бағалайды.
Түсіну
ІІІ.Оқу-танымдық әрекетіне дайындық 3 мин Миға шабуыл:
1.Кестеде қатармен бағандар қалай белгіленеді?
2. Ұяшық дегеніміз не ? және оның белгіленуі қандай?
3. Excel-дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесің?
Тақырып мазмұнын анықтайтын сұрақ қояды. Оқушылар сұраққа жауап беріп, сұрақтар кестелік тақырыбына қатысты екендігін анықтайды. Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызу.
Қолдану
IV.Жаңа оқу материалын таныту 12 мин Сілтеме арқылы бейнебаян көрсетіледі. Қосымша материалдар ұсынылады.Диалогтық нұсқада топ ішінде талқылайды. «Қаламсап стратегиясы».
Қаламсаптарды таңдау. 2-3 оқушының қаламсабын таңдау. Жаңа сабақты оқушылардың өздеріне түсіндіру. Соңынан сабақты пысықтау. Қаламсап иелері жаңа сабақ бойынша түсінік айтады. Түсінбеген жерлерін мұғалім толықтырып отырады.
Талдау
V.Бiлiмдерін бекiту 10 мин Практикалық жұмыс
І деңгейлік тапсырма:
Кестенің бағандарына қазақ еліндегі айтулы мерекелерді енгізіңдер. Тек қана сан мәнімен. Халықаралық әйелдер күні , Ұлыстың Ұлы күні, Бірлік мерекесі, Жеңіс күні, Заң бәрімізге ортақ Конституция , Білім , Президент , Тәуелсіздікті алған күні мерекелерін бір бағанға толтырыңдар.
ІІ деңгейлік тапсырма:
Есептер шығару: 24+56+58= 138
10*10+56=156
2*51+50=152
(25+56)*12-13=959
ІІІ деңгейлік тапсырма:
Ай аттарының үш тілде аудармаларын тауып, ДК-дің тілін ауыстырып MS Excel-ді қолдана отырып, пернетақта режимін қазақша, орысша, ағылшынша әріптеріне ауыстырып ай аттарын жаз. Оқушылар практикалық жұмысты жеке-жеке компьютерде орындайды.
Әр оқушының тапсырмасын тексеріп, смайликтермен бағалау
Жинақтау
VI.Бiлiмдерін бекiту 10 мин 1-топ."Ақпараттық диктант".
Ұяшықтардағы сөздерді тартып әкелу арқылы бос жерлерді толтыру. №3 жаттығу
2 -топ.
1) Microsoft Excel қалай қосылады?
2) Microsoft Excel –дің жұмыс парағы дегеніміз не?
3) Microsoft Excel –дің жұмыс кітабы дегенді қалай түсінесіз?
4) Microsoft Excel –де жаңа құжатты қалай құрамыз?
5) Excel –де құжатты қалай сақтаймыз?
3-топ.Топтастыру.
MS Excel
Оқушылар интерактивті тақтада тиісті командаларды қойып жазады
Рефлексия
VII.
Қорытынды Екі жұлдыз, бір тілек VIII. Бағалау 2 мин Ауызша бағалау. Бағалау жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді. Бағалау жалпы ұпайын есептеп, шықан бағаларын дәлелдейді.
IX. Үйге тапсырма 1 мин Үйге: §23 оқу. 132 бет өзіңді тексер Оқушылар үйге берген тапсырманы күнделікке жазады. Сұрақтары болса сұрайды.