Киім ?лшемін алу (Урок)


Батыс Қазақстан облысы
Бөкей орда ауданы, Жиекқұм ауылы
Тулепова Айзада Тлеккабыловна
Технология пәнінің І санатты мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы: Киім өлшемін алу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға киімнің өлшемін алып үйрету. Киімдер жайында түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой-қиялын дамыту. Киімдерді дұрыс бейнелеуге баулу
Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын арттыру,
Сабақтың көрнекілігі: Тірек сызбалар, өлшем алынған суреттер. Интер белсенді тақта.
Сабақтың барысы:
1)Ұйымдастыру.
2) Өткен сабақпен байланыс
3) Жаңа сабақ.
І бөлім: «Тыңдап біліп аламын»
ІІ бөлім: «Мен не түсіндім?»
ІІІ бөлім: «Болмасаңда ұқсап бақ»
ІV бөлім: «Тығырықтан қалай шығам?»
V бөлім: «Сен не түсіндің?»Қорытынды. ББҮ кестесі.
Үй тапсырмасы, бағалау
Оқушылар екі топқа бөлінеді.
І топ-ісмерлер
ІІ топ-шеберлер
Ұйымдастыру бөлімі: «Технология пәні неге үйретеді, пайдасы қандай?» деген сұраққа жауап беріп көрейік.
Оқушылар жауабы: Өнерге үйретеді, киім тігуге үйретеді, ақыл-ойды дамытады, тұрмыс тіршілікке араласуға үйретеді, түрлі нәрселерді пайдалануға үйретеді, салт-дәстүрді бағалауға үйретеді, жаңа технологияны пайдалануға үйретеді.
Ендеше технология пәніне бар зейінімізді қойып, сабағымызға белсене қатысамыз.
Тігістер
2 топ тігіс түрлерін айтып жарысады.
Қол тігістері Машина тігістері
Көктеу. Сырып тігу.
Қайып тігу. Қайырып тігу.
Қиғаш тігу Айырып тігу.
Торлау. Бастырып тігу.
Жасырын тігу. Көмкеру.
Көшіру. Жиектеп тігу.
Киімдер
Ісмерлер тобы Шеберлер тобы
Тұрмыстық киімдер Формалық киімдер
Спорттық киімдер Арнайы киімдер
туралы айтып өтеді.
Қауіпсіздік ережесін екі топ кезек-кезек айтып өтеді
Инемен жұмыс істегенде ҚЕ
Қайшымен жұмыс істегенде ҚЕ
Іс машинамен жұмыс істегенде ҚЕ
Кесетін құралдармен жұмыс істегенде ҚЕ
Отпен жұмыс істегенде ҚЕ
Токпен жұмыс істегенде ҚЕ
Жаңа сабақ: Өлшем алу
І бөлім: «Тыңдап біліп аламын»
Дене
Түзу дене Еңкіш дене Шалқақ дене
Өлшем
Көп өлшем Аз өлшем
Бүгін біз аз өлшемді өтеміз
№ Аталуы Белгіленуі Өлшем алыну жолы
1 Кеуде шеңбері КШ Арқаны айналып өтіп, кеуденің көтеріңкі тұсынан өлшенеді.
2 Бел шеңбері БШ Белді айналып өлшенеді.
3 Жамбас шеңбері ЖШ Жамбасты айналдырып өлшейді.
4 Артқы бойдың белге дейінгі ұзындығы АБҰ 7 мойын нүктесінен бастап белге дейінгі ұзындығы өлшенеді.
5 Жең ұзындығы ЖҰ Иық нүктесінен бастап қолды бүгіп тұрып өлшенеді.
6 Киім ұзындығы КҰ Қалаған ұзындықты алады.
ІІ бөлім: «Мен не түсіндім?»
Оқушылар түсінгендері бойынша айтып шығады.
Тірек сызбалар бойынша жұмыс жасайды.
ІІІ бөлім: «Болмасаңда ұқсап бақ»
Сендер ательеде жұмыс жасайсыңдар. Сендерге тапсырыс берушілер келді. Киім өлшемін қалай аласыңдар?
( 2 топ бір-бірінің өлшемдерін алып үйренеді)
ІV бөлім: «Тығырықтан қалай шығам?»
Топтарға сұрақ қойылады, кезегімен жауап қайыру керек.
Саған өз киімінің өлшемін білмейтін әйел адам келді. Нешінші размерлі киім алатынын сізден сұрады. Сен қандай өлшем алып, размерін қалай тауып бересің?
Көршің жаңа көйлек алған. Көйлегі ұзындау екен. Оны қысқартып беруін сенен өтінді. Сен қандай өлшем аласың?
Сен ателье қызметкерісің. Саған әйел адам етек тігуге тапсырыс берді. Қандай өлшемдер алу керек?
Саған тапсырыс беруші кофта тігуді өтінді. Сен қандай өлшем аласың?
V бөлім: «Сен не түсіндің?»Оқушыларға сөз беріледі. Сөзді қарсылас топ оқушыларына басқа сөзбен, атын айтпай түсіндіреді. Қарсылас топтың оқушылары сол сөзді (өлшем атын) табу керек.
Қорытынды.
Оқушыларға сұрақ қойылған қағаз таратылады. Сұраққа жауап беріп, қағазын сызық ішіне қойғанда, сурет шығу керек. Егер бір сұрағы дұрыс болмаса сурет шықпайды.
Білемін Білгім келеді Үйрендім
Бағалау . Үйге тапсырма.