Технология п?нінен ашы? саба?. Та?ырыбы: Тік белдемшені пішу, ?лгі т?сіру
Алматы облысы,Қарасай ауданы,Абай ауылы «Абай ауылындағы орта мектеп» мектепке дейінгі шағын орталықпен КММ.
Технология пәнінің мұғалімі Бектемисова Раиса Даркенбаевна.
Тік белдемшені пішу,үлгі түсіру
Сабақтың мақсаты:Оқушыларды іскерлікке,ұқыптылыққа,талғампаз-дыққа пішілетін матаның қасиетін ескеру қажеттігі туралы таныстыру.
Білімдік мақсаты:Тік белдемше үлгісіне күнделікті тұрмысымызда қолданатынын ұғындыру.
Дамытушылық:«Мода» (сән) сөзінің түп-тамыры итальян (Ilmodo),фран-цуз (modedemloa) тілінен шыққан.Киімдер сөзінің сәнді жиектерінің сипатына және киіну тәсіліне қарай ерекшеленуі.
Тәрбиелігі:Сәндікке,шеберлікке,ұқыптылыққа,талғампаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Қайталау-жинақтау сабағы.
Сабақтың әдісі:Сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі:Мата,белдемшенің үлгілері,белдемше,қол ине,жіп,бор,қайшы,өлшемдік таспа,түйреуіш,т.б.
Сабақтың барысы:Оқушыларды түгелдеу,өткен сабақты қайталап сұрақ-жауап алу.Шығармашылық жоба бойынша тік белдемше таңдалған соң белдемшенің шығу тарихы айтылады (тақырыбы жазылып,күннің датасы жазылады).
Орта ғасырларда белдемше дегеніміз тымаққа қатырылып жиналған және белге ораған,ұзындығы тізеге дейін жеткен киім еді.Оны еркектер де,әйелдер де кие берген.
XVI ғасырда бай әйелдер шамбал көлемді,салмағы ауыр киімдер кие бастаған.Оларды тоқымадан,қымбат барқыт маталардан тіккен.
XVII ғасырда бүрмелеу,түрлі-түсті гирлянда,өрнектеу,шаршаулар сияқты әшекейлеуі көп,жұмсақ белдемшелер көбірек пайда болды.
XIX ғасырда түрлі мода белдемшені біресе тар,біресе кең етіп,оған кит-тің мұртынан,сымнан каркастар ілініп жасалған.
XIX ғасырдың соңына қарай әйел киімдері қарапайым,қолайлы,күнделікті өмірге ыңғайлы бел бұйымдарына айналды.
Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту ретінде белдемше туралы бір сәт ойын түріне кезек беріледі (үш оқушы шақырылып,сұрақтар тарты-лады,олар өз түсінігі мен ымдап,қимылдап,қолымен түсіндіреді).Енді бір мезгіл өткен тарихымызға қайтй оралып кетейік (Махамбет бұрышы жа-салынады).Бүкіл Қазақстан елінде Өтемісұлы Махамбеттің 200 жылдық мерей тойын атап өтпекші,енді оған да мына сендердің қосатын үлесте-рің болмақшы (оқушылардан Махамбеттің өлеңдерінен үзінді сұралады).
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушыларға көрнекі құралдарды әзірлеп беру,тара-ту,немесе тақтада көрсету.
1.Қайталау сұрақтарын немесе тапсырма-карточкалар беру.
2.Оқушылар үшін оқу есептерін тақтаға жазу.
3.Өңдеу сапасын өз бетінше бақылау.
4.Топ жетекшісі арқылы бақылауды жүзеге асыру,өз тобында өзін-өзі ба-қылау жасау.
5.Басқару технологиясы,техника қауіпсіздігі ережелері,жұмыс орнын ұйым-дастыру.
6.Үш топқа бөлініп отырғызылады.
Сызба бойынша түсіндіріледі:
1.Шығу тарихы;
2.Мата таңдау;
3.Түсінің үйлесімін таңдау;
4.Сән бағытына тоқталу;
5.Әшекейлеу;
6.Белдемшені сәндеу мен құрастыру;
7.Құрал-жабдықтар таңдау;
8.Белдемшенің түрлері (көрнекі құралдар,белдемше түрлері көрсетіледі).
Шығармашылық жоба:«Классикалық үлгідегі белдемше» жоба бойынша белдемше таңдалды.Белдемше күнделікті киюге қолайлы әрі әдемі болу-ға тиіс,сондықтан оның пішімі,материал таңдауы,өңделуі мен түр-түскі екі негізгі эстетикалық және сарамандық талапқа бағынады.
Стильдердің,силуэттердің,материалдардың сәндік бағытына сүйене оты-рып,іскерлікке,кездесулерге,салтанаттарға арналған белдемшенің тік стильді түрін үйретуге таңдалды.Белдемшелер белдік бұйымдардың ең басым тобын құрайды.Белдемше костюмнің бөлігі ретінде,жеке болып табылады,немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін.Белдемшені кез-келген жейделермен,кофталармен кие беруге болады.Әдемілік,қарапайымдылық және қолайлылық-міне әйелдің көп тараған бел киімі.
Материал таңдау:Бұйымның қасиетіне деген талаптар кезінде жасалған материалының қасиетіне байланысты.Сондықтан материалға да бір сыпы-ра талаптар қойылады.Бұл маталар жақсы жылу сақтайтын қасиеттерге ие болуы тиіс.Киімнің сыртқы көрінісі жақсы тартымды болуы ке-рек.Модельдеу мен конструкциялау,яғни кез-келген бұйымды пішуді жә-не технологиялық өңдеуді бастарда біріншіден,оның көркемдік жобасын немесе жай эскизін жасау қажет.Бұл кезең көркемдік модельдеу деп ата-лады.Екіншіден,базалық конструкцияның есептері мен сызбасын немесе жай негізін жасау керек.
Енді бір сәт киімдерге қатысты тыйымдар мен ырымдар (таратылып,түсі-нігі оқылып айтылады),мағынасы түсіндіріледі.
Өлшемдер алу үшін қажет құралдар:
1.Өлшемдік таспа
2.Қайшы
3.Қағаз
4.Мата
5.Ине-жіп
6.Сызғыш
7.Бор немесе қарындаш
8.Түйреуіш және инелер.
Тақтада көрсетілген белдемше сызбасын,оқушыларды қатыстыра оты-рып,өлшемі арқылы белдемшені есептеп өлшемін жазу тапсырылады (екі оқушы шақырылады).
Берілді (белі-36,бөксесі-78,ұзындығы-50).
АБ=ұзындығы 50 АА1=7
АӘ=белі 72:2 36:2 18 А1А2=3
АА1=7 А1А2:2=3:2=1,5
А1А2=2,5 А1А2А4
А1А2:2=2,5:2=1,25
А4А5=5 АӘ белі 72:2=36:2=18+2=20
АВ=бөксе 78:2=39:2=18,5=18кеңдікке қосымша (2)
АВ=16 В1В 78:2=39:2=18,5+2=20,5
ВВ1=18,5 кеңдікке қосымша (2)
А3+Ә1 АБ=ұзындығы 50
ӘӘ1=2,5
А3+Ә1
Үлгі түсіру тәртібі
Белдемшенің арты:
1.Өлшем алу,белі өлшенеді,жіппен байлап қойылады,өлшемді 2-ге және 2-ге бөліп,шыққан санды белінің 1/4 жазады.
2.Белін өлшегенде қатарма (выточка) сызылады.
3.Бөксесінің өлшемі 2-ге және 2-ге бөліп,беліндегідей шығарады.
4.Ұзындығы бөлінбейді,ұзындыққа 4см етек бүгіндісіне артық беріледі.
5.Бөксесі сызылған соң оған да 2см артық тігіске беріліп сызылады.
6.Сызылып болған соң тігіске артық өлшеммен қосып кесіп алынады.
7.Кесілген үлгіні,екіге бүктелген матаға бастырып,сызып алынады.Бор-мен сызылған жерден ине мен түйреп қойылады да,екінші бетіне көшіріліп сызылады.Болған соң инелерді алып,қатармаларды көктеп алы-нады,алдымен артын қосып көктейміз.
Белдемшенің алды:
1.Өлшем алу,белі өлшенген соң,өлшемді 2-ге және 2-ге бөліп шыққан санға +2см (кеңдік үшін) қосып есептеп белгіленеді.
2.Беліндегі қатарма (выточка) есептеліп сызылады.
3.Бөксесі есептеліп 2-ге және 2-ге бөліп алған соң,оған бастырып,сызып алынады.Бормен сызылған жерден ине мен түйреп қойылады да,екінші бетіне көшіріліп сызылады.Болған соң инелерді алып,қатармаларды көктеп алынады,алдымен артын қосып көктейміз де кеңдік үшін 2см қосып есептеп сызамыз.
4.Ұзындығы бөлінбейді,ұзындыққа 4см етек бүгіндісіне артық беріліп сызылады.
5.Сызылып болған соң,тігіске берілген артық өлшеммен қосып кесіп аламыз.
6.Кесілген үлгіні,екіге бүктелген матаға.
Бағалау
Үйге тапсырма:Өз шығармашылық жобаларын қорғай білуге әзірлеу.