Технология п?нінен ашы? саба?.Та?ырыбы-Тік белдемше. ?лшем алу.
Бүйректал жалпы білім беретін орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Тік белдемше. Өлшем алу. Пәні: технология
Сыныбы: 9
Өткізген: Балгураева Г.С.
Тақырыбы: Тік белдемше. Өлшем алу.
Мақсаты: Білімділік: оқушыларды белдемшенің шығу тарихымен таныстыру. Тік белдемше негізінің сызбасын жаңа технологиямен есептей білуге үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін іс-жүзінде пайдалана білуге, алған білімдері арқылы өз бетінше жұмыс істей алуға тәрбиелеу;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, әсемдікке, төзімділікке, үнемділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: сыныптың сабаққа дайындығын байқап, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тігін машинасымен жұмыс істегенде жарық сол жақтан түсу керек.
Іс тігуші сабақтаған кезде аяқты педальдан алу керек.
Ине майысқан: ине сынады, жіп үзіледі, тігістері босатылады.
Тік белдемше неше бөліктен тұрады?
Жаңа сабақты түсіндіру
Адамның мәдениеттілігін киімінен де байқауға болады. Әрбір адам қызметіне қарай емес, өзінің талғамына қарай киіне білуге еркі бар, яғни киіне білу өз-өзіңе жарасымды киімдер үлгісін тандай білу.
Мода, сән дегеніміз белгілі бір қоғам ортасын уақытша баурап алатын сезім деуге болады. Моданын негізгі әрекеті оның өзгеруінде. Сондықтан мода дегенді белгілі бір сызық,түс, стиль және белгілі бір әшекей бұйымдары деп айтуға болады. Киімнің көркемдік эстетикасына киімді әшекейлеу барысында түстер мен түрлердің үйлесімділігіне тоқталатын болсақ, лайық болуының үлкен мәні бар.
Тігілетін киім мыңадай талаптарға сай болуы керек.
81788013716000 Әсемділік
9385302971800093853011112500 Бұйым Ыңғайлылық
74866511049000 Гигиеналық
Мықтылық
Әсемдігі – модельер –суретшігі байланысты.
Ыңғайлылығы – тігін бұйымдарының құрастырушысы мен пішушіге байланысты болады.
Гигиеналық қасиеті- киім адам денесіне зиянды болмауы керек, ол ауа өткізгіш, ылғал сіңіргіш болуы керек.
Әр түрлі киімге жататын бұйымдардың екі негізгі топқа бөлуге болады: белдікті және иықты.
Тік белдемшеге қажетті өлшем бірліктері:
БЖО, МЖО, АрБҰ, БҰ.
БЖО – белдің жарты орамы, көлденеңінен белге байланған резеңке бойымен өлшенеді.
МЖО – мықынның жарты орамы, көлденеңінен іштің шығынқы жағымен айналдыра өлшенеді.
АрБҰ – арқаның белге дейінгі ұзындығы, жетінші мойын омыртқасынан белге байланған резеңкеге дейін өлшенеді.
БҰ – бұйым ұзындығы, өлшем белден қалаған ұзындыққа дейін өлшенеді.
Өлшем алмас бұрын өлшем алу ережесін еске түсірейік.
Адамның оң жағында тұрып өлшеу керек.
Өлшейтін адам екі аяғына салмағын тең түсіріп түзу тұру кажет
Ұзындық өлшемдер өлшеніп толық жазылады .
Орамдар көлденеңінен өлшеніп жартысы жазылады.
Белге жіп немесе резеңке байлау керек.