Технология п?ні Тік белдемшені модельдеу 8 сынып
Күні 5. 02 15 Сыныбы
8 сынып
Мұғалімі
Кайрова Жемис Ерсайнова
№ 30 орта жалпы білім беретін мектебі
Сабақтың тақырыбы Тік белдемшені модельдеу
Мақсаты
Белдемшені модельдеу технологиясын туралы теориялық ақпарат бере отырып, таңдап алған белдемше фасонын модельдеуге үйрету.
Күтілетін нәтижелер
А. Қиялындағы фасонды қағаз бетіне сурет қып түсіре алады және қиялдай біледі, елестете алады ;
В. Модельдеу саласында алған білімдерін дамытып, адам өміріндегі маңызына баға береді;
С.Тақырып бойынша материалды меңгеріп , алған білімін өмірде қолдана алады.
Керекті жабдықтар Ресурстар, интерактивті тақта, кестелер, масштабы 1:4 лекало, дайын үлгілер, иллюстрациялы суреттер
Қолданылатын әдістер Үй тапсырмасын сұрауда «Менен-сұрақ, сізден-жылдам жауап», жаңа сабақты меңгеруде диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту әдісі: постер шығару, сұрақ қою техникалары, «ыстық орындық», формативті бағалау түрлері .
Сабақ барысыСабақ кезеңдері Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Амандасу. Топқа бөлу. Стикерлерді таңдап алады, жазылған тілекті оқиды, түстеріне сәйкес үш топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасын тексеру: «Меннен- сұрақ, сізден- жылдам жауап». Оқушылар дайындап келген сұрақтарын топта талдап, топтан жақсысын ұсынады.
1. «Менен- сұрақ, сізден- жылдам жауап».
1. Белдемше сызбасының масштабын 1:4 етіп сызу дегеніміз не?
2. Қолдану мақстына қарай киімдер қалай бөлінеді?
3. Киімге қойылатың экономикалық талаптарды айт
4. Өлшем алу үшін қандай құрал қолданамыз ?
5. Белдікті бұйымдарға нелер жатады ?6. Өлшем алған кезде айналым, көлденең өлшемдер қалай жазылады?
7. Қандай өлшемдер толығымен жазылады?
8. Белдемшенің ең көне элементтерінің бірі не жатады ?
9. ХV ғасырдан бастап готикалық белдемшелері қандай болды?
10. ХVI ғасырларда бай әйелдердің белдемшелері қандай болды?
11. XVII ғасырда қандай белдемшелер көбірек пайда болды?
12. XIX ғасыр басында белдемшелер қандай болды?
13. Белдемше сызбасын сызу үшін қандай өлшемдер қажет?
14. Киім адам тұлғасына қонымды болу үшін не қажет болады?
Сәлемдеседі. Үш топқа бөлініп отырады.
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тұсаукесер
Интерактивті тақтада белдемше суреттерін жасырып, бетіне сұрақтар қоямын. Әр сұраққа жауап берген сайын белдемше суреттері ашылады.
279463592710Тік белдемше
2870835218440Қиықты белдемше
Күліш (кеңейтілген) белдемше түрлері
а- күліш; б- үлкен күліш; в- кішкентай «конус тәрізді белдемше»; г-орташа «конус тәрізді белдемше»; д-үлкен «конус тәрізді белдемше»; е-«жарты күн»; ж- «күн»;
1) Сызба сызған кезде қандай белдемше сызбасында бүкпе болады?
2) Қандай белдемше 6, 8, 12 бөліктен тұрады ?
3) Қандай белдемшенің жеті түрі бар?
Белдемше силуэті бойынша тік, күліш (кеңейтілген) және қиықты болып бөлінеді. Дәстүрлі стильдер классикалық, рамантикалық, спорттық және фальклорлық. Осы стильдер жаңа элементтермен толықтырылып модельдегенмен негізгі силуэттері өзгермейді. Қиялымыздағы белдемшені тігу үшін белдемшенің сызба құрылымын негізге ала отырып, сызықтар енгізу арқылы әртүрлі белдемше үлгілерін модельдеуге болады.
Әрқайсысы болжамдар айтады, тақырыппен байланыстырады.
Тақырыпты жазады
Сабақ мақсатын анықтайды, табыс өлшемдерін құрады.
Негізгі бөлім
Бекіту
Сонымен модельдеу дегеніміз не?
Ой қозғаймын.
Тік белдешелерді модельдеу
Кокеткалы белдемше
10858634290
Бел сызығынан төмен бүйір сызығына 7 см өлшеп, бел сызығынан орта сызыққа төмен 10 см өлшеп шыққан нүктелерді қосып сызамыз
Бүкпені жауып кокетка сызығын қиамыз. Алдыңғы бойда кокеткалы белдемше шығады.
« Годе» белдемше
1. Артқы бойда бүкпені жабу;
2. Тізе сызығынан орта сызыққа дейін көлденең сызық сызу және оны қию;
3. Қиылып алынған етек сызығына сызыққа дейін 0,3 мм жетеізбей тік сызықтар сызып, қиып кеңейту;
4. Алдыңғы бойда бүкпеден тізе сызығына сызық сызып доғалап қосу;
5. Доға тұсынан етек сызығына дейін тік сызықтар түсіріп қию, етегін кеңейту
Асимметриялы драпировкаланған белдемше
І тапсырма Топтық жұмыс постер шығару: өз беттерімен мәтінді оқып танысуға 5 минут, негізгі ойларын плакат бетіне түсіруге 7 мин, қорғауға 8 минут уақыт беріледі.
Бір-біріне сұрақ береді, «екі жұлдыз, бір тілек» айтады.
І топ Модельдеу, конструкциялық, әшекейлік сызықтар .
ІІ топ Киімді модельдеудегі негізгі үш принцип.
ІІІ топ Техникалық модельдеу.
ІІ тапсырма Зертханалық жұмыс жүргізу
Зертханалық жұмыстың нұсқаулары:Өз қиялындағы белдемшенің суретін салып модельдейді.
Сәйкестендіру кестесі «Кім алғыр?» ойыны
1. Жаңа модельдегі киімдерді шығару, жаңа пішімдерді ойлап табуды модельдеу деп атаймыз ба? Иә2. Конструкциялық сызықтар – бұйымды әшекейлеуге арналған ба ? Жоқ3.Әшекей сызықтар - бұл сызықтар тек бұйымды әшекейлеуге арналған? Иә4. Киімді модельдеуде төрт негізгі принцип бар ма? Жоқ5.Эскизден, болашақ модель суретінен басталатын кезең көркем модельдеу деп аталады ма? Иә6.Суретші – модельер көркемдік модельдеумен айналысады ма ? Иә7. Модельдеген кезде сызбанын қажеті жок па? Жоқ8 Белдемшенің негізгі үш силуэті бар? Иә9. Әшекейлі сызықтарға бүкпе, ортаңғы сызықтар жата ма? Жоқ10 Суреттен, фотосуреттерден модель жасауды техникалық модельдеу дейміз ба? Иә
Мәтінді өз беттерімен оқиды. Топ болып ақылдасады, талқылайды, не білетіндері жөнінде постерге жазып қорғайды. Қалған оқушылар «екі жұлдыз бір тілек» айту арқылы бағалайды.
Ең жақсы постер анықталады.
Тәжірибе жасайды, тақырып бойынша алған білімін қолданады, жинақтайды.
Әр топтан үш оқушы шығып, сұрақтарға «Иә», «Жоқ» деп жауап жазады. Жауап парақшаларын ауыстырып, бірін-бірі тексереді.
Қорытынды
Бағалау:. Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады. Өзім формативті баға беремін: жетілдіретін тұстарын айтамын.
Үйге тапсырма: Тақырыпты түсініп оқып, өз сызбаларыңыз сызылған сызбаға өз қиялыңыздағы белдемшені модельдейсіздер, суретін саласыздар.
Рефлексия: «Стикердегі диалог»
Топтық бағалау, бірін-бірі бағалау болады. Топ басшылары бағалау парағындағы қойған бағалары жөнінде таныстырады.
Үй тапсырмасын жазып алады.
Сабақтағы әрекеттері туралы ойларын стикерлерге жазып қалдырады.
Классикалық белдемшелер
Рамантикалық белдемшелер
Спорттық белдемшелер
Фальклорлық белдемшелер