Е?бекке баулу Ыдыс-ая? т?рлері


Еңбекке баулу
Тақырыбы: Ыдыс - аяқ түрлері
Мақсаты:
1.Ұлттық ыдыс түрлерімен, оның ерекшеліктерімен таныстыру,ыдыс түрін қағаздан қиып жапсыру, безендіру тәсілін меңгерту.
2.Қию, желімдеу дағдыларын, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту.
3.Еңбексүйгіштікке, салт- дәстүрді сақтауға тәрбиелеу.
Сабақ типі: жаңа білімдерді меңгеру сабағы.
Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу
Көрнекілігі: түрлі түсті қағаз, қайшы, желім .
Сабақ барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі: Сабаққа дайындық.
ІI.Үй тапсырмасын тексеру: Қатырғықағаздан қобдиша жасау.
ІІ.Білімді жан-жақты тиянақтау. Сұрақ жауап әдісі бойынша.
Сұрақтарға жауап алу: Қатырғықағаздың қағаздан қандай айырмашылығы бар? Қатырма қағаздан не жасауға болады? Қатырғықағаздан жасалған қораптарды қалай пайдалануға болады?
IV Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.Ыдыс- аяқ түрлері туралы мәлімет
V. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Мұғалімнің түсіндірмесі. Ыдыстар киізден жасалған аяққаптарда сақталған. Әрбір киіз үйде сандық болған. Қазақтар көшпенді халық болғандықтын олардың ыдыс-аяқтары теріден, ағаштан жасалынған. Теріден жасаған ыдыстырды көп пайдаланған. Арнайы өңделген жылқы терісінен саба жасалынғын, кей кезде сиырдың терісінен жасаған. Соғым кезінде жақсы сойылған малдың терісін саба жасауға қойған.
1.Жүнді теріден сылып тастайды.
2.Ашыған сүтке теріні салып илейді.
3.Тазалап жуып, көктемге шейін сақтап қояды. Көктемге қарай оны ыстайды.
Қымыз құятын ожау әртүрлі боялған және күміспен немесе сүйекпен сәнделген.Ертедегі көшпенді қазақтар ас сақтайтын ыдыстырдың біразын мал терісінен жасаған. Ондай ыдыстың ең үлкені саба- молшылықтың, байлықтың белгісі. Жылқылы ірі байлар сабаның мөлшерін бәсекелесіп үлкен жасауға тырысқан. Сабаға биенің сүтін сауып жинап, құйып қымыз ашытқан. Ешкі теріснен тігілген қымыз немесе айран ұятын ыдыс торсық деп аталады. Торсықты жолаушылар, малшылар қанжығасына байлап жүрген. Бие сүтін сауатын теріден жасалған ыдысты көнек, ал құдықтын су тартатын шелекті қауға дейді.
Келі- түрлі дәнді-дақылдар түюге арналған құрал. Келі екі түрлі болған: тақта келі және шұңғыл келі. Күбіні ағаштан жасаған
VІ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі.
1.Оқулықпен жұмыс.Іштей, тізбектеп оқыту.
2.Сарамандық жұмыс. Қағаздан ыдыс –аяқ түрлерін қиып жапсыру.
VІI. Қорытындылау.
- Ертеде ыдыстырды неден жасаған?
-Саба деген не?
-Оны не үшін пайдаланады?
VІІI. Үйге тапсырма беру кезеңі: Қағаздан ыдыс –аяқ түрлерін қиып жапсыру. Бағалау