Пішімдер,масштабтар ж?не сызба ?аріптері
Пәні Сызу
Күні 2.09.2014 3.09
Сыныбы 9 «Г», 9 «Б» 9 Б, В
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Сызу пәні. Сызбаның даму тарихынан қысқаша мәлімет.
Сабақтың мақсаты: Оқуыларға сызу пәні бойынша түсінік беру.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа , төзімділікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту сабаққа деген ынтасын арттыру.
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : сызғыштар , даярша,қарындаштар
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру , сұрақ – жауап.
І. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
а) Сыныптың сабаққа қатысын тексеру
б) Оқушылардың назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырып: Техникалық білімдерді жемісті игерудің шарттарының бірі графикалық сауаттылық, яғни сызбаларды оқи және орындай білу болып табылады.
Сызу дегеніміз – сызбаларды орындау мен оның ережелерін баяндайтын пән.
Сызбаларды орындау мен безендіру ережелері туралы кейбір мліметтер сіздерге технология,геометрия,математика сабақтарынан белгілі.
Сызу оқу пәні ретінде төмендегідей міндеттерді шешеді:
а) сызба аспаптарының көмегімен әр түрлі геометриялық салуларды орындауға, нәрселердің кескінін салуға, нәрселерді сызбаларда тік бұрышты проекцияда бейнелеуге үйретеді;
б) сызбаларды оқуға және аса күрделі емес тетіктер мен түйіндердің эскиздері мен сызбаларын өз бетімен орындауға үйретеді.
Алдыңда тұрған кез келген нәрсенің суретін салуға, оны суретке түсіруге, сөзбен сипаттап беруге болады. Сонымен қатар оны сызуға да болады.
Сызба дегеніміз нәрсенің немсе ол жасалатын, бақыланатын орнатылатын және жөнделетін бөліктерің графикалық кескінін қамтитын құжат.
Сызбаларды дайындау және олардың мазмұны қоғамның дамуына байланысты өзгерістерге ұшырап отырған. Әр алуан нәрселердің кескіні – суреттер, адамдардың қөарым – қатынас құралы ретінде жазу ойлап тапқанға дейін пайда болды.
Сонау ерте замандара адамар жер бетіне , тастарға жабайы аңдардың , болашақ құрылыстардың суреттерін, аң аулауға шығатын жолдарды бейнелеген. Сызбалар туралы алғашқы мәліметтер ХІІ ғасырдың орта кезінен бастап кездесе бастайды. Алғашқы да сызбалар кө мөлшерімен қолменен салынған. Мұндай сыбаларда әрине , өлшемер көрсетілмеді, сондықтан да олар арқылы кескінделген нәрсе туралы тек жуықтап қана түсінік алуға болады. Бұл сызбалар үшін сөзбен тұжырымдалған түсініктемелер қажет болды, сондықтан оларға әртүрлі жазбалар келтірілді.
Тұрғын үйлерді , бекіністерді және басқада нысандарды малу барысында «план» деп аталатын алғашқы сызбалар пайда болды.Бұл сызбалар әдетте ,табиғи жағдайда тікелей жер бетінде , болашақ қрылыстың орнындаорындалды. Кейінірек осындай план сызбаларды пергаментке, ағашқа және кенепке кішірейтілген түрде сызу орын ала бастады
Нәрселерді міндетті түрде масштабты сызбаларда кескіндеу де жүзеге аса бастады. Кеме жасау ісінің тез дамуына байланысты мейлінше дәл және қатаң масштаб сақталған сызбалар қажет болды.Мұнда енді сызбада үш өлшемді кескін салу қолданылды, оның көмегімен кеменің үш өлшемін ұзындығы , ені, биіктігін көрсету мүмкін болды.
ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1. Сызу нені зерттейді?
2. сызба дегеніміз не?
Сызбаар адам өмірінде қандай орын алады?
ІY. Сабақты қорытындылау: сызбалардың ғылым мен техникадағы маңызы зор. Сызбалар бойынша құрылысшылар тұрғын үйлер, фабрикалар,зауытар, жолдар және тағы басқа инженерлік нысандарды салады; машина жасаушылар машиналар,станоктартрубиналар жасайды; монтаждаушылар болса фабрикаларға, зауыттарға,электр станцияларына және т.б нысандарғр орнатады. Сонымен қатар сызбалар бойынша киімдер мен аяқ киімдер тігу,жиһаздар жасау, қалалар мен ауыдарды көгалдандыру жүзеге асады
Бағалау
Үйге тапсырма. Оқушылардың үй тапсырмсына тақырыпты оқып келу.
Пәні Бейнелеу
Күні 2.09 3.09 6.09
Сыныбы 6 Ә,Б 6 В6А
Сабақтың тақырыбы : Өнердің пайда болуы
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту сабаққа деген ынтасын арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : түрлі – түсті бояулар, сурет дәптер
Сабақ түрі:дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру , сұрақ – жауап.
І. Сабатың барысы:Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
ә) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
ІІ. Жаңа тақырып.Сурет салу өнері адамзаттың даму тарихынан бастау алады.Ежелгі дәуірде ол тылсым сыры бар рәсімдердің бір бөлшегі ретінде қабылданды.Үңгірлердің қабырғасына мамонтты,арқар мен жабайы жылқыны бейнелегенде аңшы сол жануарды атып, олжаға кенелгендей, мұны сәттәлікке жорыған. Осылайша үңгір қабырғалары мен тастарға салынған суреттер – петроглифтер пайда болды.
Адам алдымен ежелгі аңшылардың тіршілік көзіне айналған аңдардың бейнесін зерттеп кейінірек шағын мүсіндер: бастапқыда әйелдердің, содан соң ер адамдардың кескінін жасай басатады.
Ою түріндегі айқын сызықтар бейнелеу өнерінің бастапқы кезеңінде –ақ көрініс тапқан.Алдымен түзу, толқынды сызықтар мен нүктелер түрінде болса, содан кейін шиыршық, айқас, үшбұрышты фигуралар пайдаланылды.
Қолөнердің дамып, жаңа еңбек құралдарының пайда болуына байланысты жартастарға салынған суреттерде адам бейнесі басты орында тұрды. Ежелгі суретшілер бұрын түс пен көлемге ерекше мән берсе,енді қимыл – қозғалысты көрсетті. Үңгірдегі суреттер аңшылардың өмірінен көріністер,сондайақ үй жануарларымен жабайы жауарлар бейнеленген топтық композицияларға айналады.
Испания , Франция үңгірлерінен , Сахара ,Карелия, Қазақстаннан табылған жартас суреттеріне , сондай – ақ көптеген мүсіндерге қарап, ежелгі суретшілердің аң, адам,, аңшылық көріністерін бейнелеуде байқау қабілеттері жоғары және үлкен шеберліктің иесі борлғандықтарын көреміз.
Қазақстан аумағында бірнеше дәуірді бастан өткізген бейнелеу өнерінің жартастардағы ғажайып ескерткіштері сақталған. Олар таулар мен асуларда ,шоқылы төскейлерде орын тепкен. Солардың ең белгілілері- Қаратаудағы Арпаөзен, Жетісу өңіріндегі Таңбалы мен Ешкіөлмес. Жартастағы көріністер 10 000- ға жуық сурет – кескіндерді құрап , қасиетті мекендерге айналған. Бұл тарихи ескерткіштер алғашқы өнердің дамуынан бастап , ежелгі дін мен мифологиядан құнды мәліметтер береді.
ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1. Петроглифтер дегеніміз не?
2.Ежелгі адамдар жартастарда нені бейнелеген?
3.Петроглифтер туралы алғашқы мәліметтерді жинақтаған кім?
ІY. Сабақты қорытындылау. Әсіресе Таңбалы шатқалында бейнеленген кескін – суреттер ерекше қызығушылық тудырады. Жоғарыда күн басты екі адам , ал төменде олардан кішірек адамдар мен жануарлар бейнеленген . Төменгі адамдар саны жылдың он екі айы білдіруі мүмкін.
Бұл жерден 2000- нан астам қазақ халқының мұрасы табылды. Петроглифтер туралы алғашқы мәліметтерді әйгілі қазақ ғалымы , этнограф әрі саяхатшы Шоқан Уәлиханов жинаған.
Бағалау .
Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып, оқушылардың үй тапсырмасына Жартас бетіндегі суреттерді салу.
Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары
Сабақтың мақсаты : Оқушыларға бейнелеу өнерінің түрлері бойынша түсінік беру.
Тәрбиелік : әдемілікке, сұлулыққа тәрбиелеу
Дамытушылық :оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : сурет дәптер , түрлі – түсті бояулар, қарындаштар
Сабақ түрі:дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру , сұрақ – жауап
І. Сабатың барысы:Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
ІІ. Жаңа тақырып. Бейнелеу өнері өмірді қолмен ұстап көзбен көргендей етіп , көркем бейнелер арқылы баяндайды .Көркем шығармалар айналамыздағы дүниені жақсырақ, толығырақ түсінуге үйретіп қана қоймайды, ол біздің ой –санамыз бен түйсік сезімімізге тікелей әсер етеді.
Бейнелеу өнерінің ерекшелігі – суретшінің өз көзімен көріп , түсінген шындығын сол сәтімен айқын көрсетуінде .
Бейнелеу өнері алуан түрлі де, алуан қырлы. 19 ғ-ға дейін сәулет,мүсін және живопись өнердің басты үш түрі болып есептеледі. Ал 19ғ. аяғына қарай графика қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес бір түріне айналды. Соңғы 20 жылда өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Мүсін- бейнелеу өнерінің бір түрі.Ол адамдарды да, хайуанаттарды да, түрлі заттарды да бейнелейді. Оның сәулеттік өнерімен ортақ жайттары бар. Мүсін биіктік, ендік, аумақтық деп аталатын үш бөлімнен тұрады және ол қатты әрі ұзақ сақталатын материалдардан, яғни ағаштан, тастан, кеуделік мүсін металдан да жасалады. Бюст, статуя немесе бейнелер тобын жасау үшін көп уақыт және көп еңбек керек, әсіресе мүсінді тастан шапқан кезде, тіпті жай дене күшінің өзі көп қажет.
Натюрморт- француз сөзі, дәл мағынасы « өлі табиғат» деген ұғымды білдіреді. Натюрморт алғаш рет 17 ғ. басында Голландияда пайда болды. Натюрморт өнердің дербес жанры ретінде 18 ғасырда Батыста кеңінен дамыды. Әр ғасыр натюрморт шеберлерінің өзіндік қолтаңбасы бар. Натюрморт Ж. Б. С. Шарден, п. Сезанн, М. Сарьян, А. Матисс, И. Машков, К. Коровин,
А. Герасимов, т.б. көркем шығармаларында көрініс тапқан.
Пейзаж- француз сөзі, бұл ландшафты, табиғатты бейнелеу. Пейзаж дербес жанр ретінде Қытайда, Жапонияда және басқа шығыс елдерінде, сондай-ақ Еуропада дамыған. Қазақстан суретшілері Ә. Қастеев, Ә. Ысмайылов, С. Мәмбеев, О. Таңсықбаев, Ү. Әжиев, т.б. пейзаж жанрында көптеген шығармалар ұсынды. А. Черкасский « Көктем», Ә. Қастеев «Шәлкөде жайлауы», Ү.Әжиев « Асы жайлауы», Ә. Ысмайылов « Хантәңірі», Ж. Шарденов « Қыс», т.б. көркем шығармалар Қазақстанның сұлу табиғатының көрінісін паш етеді.
Портрет. Бұл жанр басқа жанрлардан бұрын пайда болды. Ежелгі Египет мсіндік портреттері, бұдан 2000 жыл ұрынғы мозаикалық Рим және темпералық фаюм портреттері соның дәлелі. Халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап, бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері портрет жанрында да өзіндік қолтаңбасымен көзге түсіп келеді.
Атап айтсақ, ана сүті мен ұлттық дәстүрін бойына сіңірген ұлы суретші Ә. Қастеев ана образын еркеше сомдайды. Келбеттік бейнеде ана нұры ажарлана түседі. Алыса қадалған көз жанарынан терең философиялық ойды байқауға болады. Бояу үндестігімен бедерленген бет әлпетіндегі әжімдері өмір жолын баяндап тұрғандай.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау. Суретші тақырыптың мазмұнын ашуға жанрлық тұрғыдан қарауға және заттар мен қоршаған ортаны табиғи түрде көрсетуге бейімдейді. Әр түрлі суретшілердің графикалық шығармалары оған байыппен қарап, бірге ой толғайға шақырады. Графикада бейнелеу жүйесі форманы асқан дәлдікпен жасау арқылы, пластикалық бірлік кескін, силуэт арқылы көрініс береді.
Бағалау .
Үйге тапсырма. Оқушылардың үй тапсырмасына портрет жанрында сурет салу.
Пәні Сызу
Күні 3.09.
Сыныбы 9 «Б»
Сабақтың тақырыбы : Сызу аспаптары мен жабдықтары, олармен тиімді жұмыс істеу
әдістері ; сызба сызықтарының түрлері
Сабақтың мақсаты : оқушыларға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : ұқыптылыққа , төзімділікке,бірізділікке тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : даярша,сызғыш,қарындаштар
Сабақ түрі:дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру , сұрақ – жауап
І. Сабатың барысы: Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу
б) сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) үй тапсырмасын сұрау
ІІ. Жаңа тақырып. Сызу сабағында сызбаларды орындау үшін әрбір оқушыда аспаптар жиынтығы болуы керек.
Сызғыштар . Түзу сызықтар үргізу үшін ағаштагн немесе пластмассадан жасалған ұындықтары 250 – 300 мм- ге дейінгі сызғыштарды пайданамыз. Сызғышты пайдаланғанда ның жиегінің тегістігін,яғни кедір –бұдыр болмауын міндетті түрде тексері керек.
Сызба бұрыштықтары. Сызуда екі түрлі бұрыштықтар қолданылады. Олардың біреуінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 45 тан, ал екіншісінің гипотенузаға іргелес бұрыштары 60 және 30 градус болуы керек.
Транпортир. Сызбаларда бұрыштарды өлшеу және салу үшін транспортир қолданылады.
Даярша .(готовальная) Қорапқа салынған сызу аспаптарының жиынтығы даярша деп аталады.Сызу аспаптарының саны әр түрлі болатындаяршалар бар.Алайда сызбаны орындау үшін бір ғана циркуль- шеңбер сызатын аспап қажет болады.
Қағаз . Сызбаларды әдетте, тығыз қағазға орындайды және қарындаш сызықтары жақсы өшірілетіндей қағаз таңдап алынады.Негізінен алғанда мектептерде сызу сабағында А4 пішіміндегі қағаздар пайдаланады.
Өшіргіш .Сызбадағы артық сызықтарды әр түрлі жазулар мен кескіндерді өшіру үшін қолданады. Өшіргіштің мүмкіндігінше жұмсақ, ақ және таз болуы керек
Қарындаштар . Сызу үшін «конструктор» маркалы қарындаштар сондай – ақ сызбаны орындауға арналған басқа да қарындаштар жиынтығы қолданылады. Оларды қатты, жұмсақ,және қаттылығы орташа қарындаштар деп бөлеміз. Қатты қарындаштарда Т, 2Т,3Т және с.с.с белгілері болады.Жұмсақ қарындаштарда М, 2М, 3М және т.с.с.с деген жазулар болады.
Нәрселерді сызбада кескіндеу үшін жазылуы және жуандығы әр түлі сызықтар қолданылады. Стандарт өндіріс пен құрылыстың барлық салалары үшін сызбаларда қолданатын сызықтардың әлпетін тағайындайды.
Негізгі тұтас жуан сызық нәрсенің көрінетін контурын, бір бет пен екінші беттің қиылысу сызығын, сондай – ақ сызбаны шектейтін сызықтар мен оның негізгі жазуының графаларын кескіндеу үшін қолданылады. Бұл сызықтың жуандығы ( s) кескіннің өлшемдері мен күрделілігіне, сондай – ақ сызбаның пішіміне байланысты 0,5 тен 1,4 мм-ге дейінгі аралықта болады. Негізгі тұтас жуан сызықта М,2М қарындаштар пайдаланылады.
Тұтас жіңішке сызық өлшем және шығару сызықтарының жүргізуге арналған. Оны Т (Н),немесе ТМ (НВ) қарындаштарымен сызып көрсетеді.
Тұтас ирек сызық сызбада тетіктің кескіні толық берілмеген жағдайда көрініс пен тіліктің шекарасын көрсетеді, кейде оны үзу сызығы деп те атайды.
Штрих сызық сызбада нәрсенің көрінбейтін контурының сызықтарын кескіндеу үшін қолданылады.Ол ұзындықтары бірдей жекеленген штрихтардан ( сызықшалардан) тұрады. Әр бір штрихтың ұзындығы кескіннің шамасына байланысты 2 – ден 8 мм-ге дейінгі аралықта , ал штрихтардың арасындағы қашықтық 2 мм аралығында болуы керек.
Штрихпункир жіңішке сызықпен симметрия осьтері болып табылатын осьтік сызықтарды, сондай –ақ доғалар мен шеңберлердің центрін көрсету үшін қолданылады.
Қос нүктелі штрихпунктир жіңішке сызықты жазбаларды салуда пайдаланады. Бұл сызықпен өнім материалдарының бүгілетін жерлерін көрсетеді. Сондықтан оны кейде бүгу сызығы деп атайды.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.1.Сызбаны орындау барысында неліктен бірнеше қарындаштар пайдаланады?
2. Сызба сызықтарының түрлерін атап көрсетіңдер ?
ІY. Сабақты қорытындылау өндіріс пен құрылыстың барлық салаларындағы сызбалар белгілі стандартты өлшемдегі пішім ( формат) қағаздарына орындалады.
Пішімнің өлшемдері:
АО- 841 х 1189
А1 – 594 х 841
А2 – 420 х 594
А3 – 297 х 420
А4 – 210 х 297
А5 – 148 х 210
А6- -105 х148
А7 – 74 х105
А8 – 52х 74
Әрбір сызбаны оны шектейтін сызықтармен жиектемемен және негізгі жазу мен безендіріледі.Оның қабырғаларының пішімінің жиегінен қашықтықтары мынадай болады.Жоғары оң жақтағы және төменгі жағында 5 мм, сол жағында 20 мм олуы керек.
Бағалау . Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма. Сызба сызықтарын қамтитын 25 – суретті сызып келу
Пішімдер ,масштабтар , сызба қаріпі
Сабақтың мақсаты : Пішім мен мастабтар туралы түсінік беру
Тәрбиелік : ұқыптылыққа, төзімділікке тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой – өрісін дамыту, сабаққа деген ынтасын
арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : А4 пішіміндегі қағаз, қарындаштар , сызғыш т.б
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері:түсіндіру , сұрақ- жауап
І. Сабатың барысы: Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
б) Сыныптың сабаққа қатысын тексеру
в) Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа тақырып. Пішім . Сызбаны кез келген өлшемдегі қағазға орындауға болмайды. Сызбаны өлшемдері келісім бойынша тағайындалған қағазға салады. Өлшемдері тағайындалған сызба салуға арналған қағазды пішім (формат) деп атайды. Формат француз сөзі , қазақ тілінде сыртқы өлшемі деген мағына береді. Көбіне төменде қарастырылған төрт пішімнің біреуі қолданылады.
Пішім А1: ұзындығы – 841 мм, ені – 594 мм.
Пішім А2: ұзындығы – 594 мм, ені – 420 мм.
Пішім А3: ұзындығы – 420 мм, ені – 297 мм.
Пішім А4: ұзындығы – 297 мм, ені – 210 мм.
Ватманға сызбаны салмай тұрып, пішімнің шетін көрсететін сызықтарды жүргізіп алу керек. Пішімнің шеті төрт бұрыш болуы шарт. Одан кейін сызбаның өрісін кеңейтетін рамка деп аталатын тіктөртбұрыш салынады. Сызбадағы рамканы қағаздың үстіңгі , оң және төменгі шетінен 5 мм, ал сол жағынан 20 мм қашықтықта жүргізіледі. Қағаздың сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ пішімдерді сызбаларды альбом түрінде тігу үшін қалдырылады.
Масштаб : Үйлердің , машиналардың сызбаларын салу үшін олардың өлшемдерін кішірейтіп алмаса болмайды. ( пішімге сыймайды). Өте кіші денелердің сызбалары анық және түсінікті болуы үшін оларды үлкейтіп салуға тура келеді. Әрине ең жақсысы - нәрсенің өз өлшемін өзгертпей салу.
Нәрсенің нақты шамасынан кескін неше есе үлкен немесе неше есе кіші екенін көрсететін санды масштаб деп атайды. Дәлірек айтқанда , масштаб дегеніміз – нәрсенің сзбадағы ұзындығының оның натурал ұзындығына қатынасы ( бөлшек сан ). Сызбаларды орындағанда мынандай масштабтардың бірін таңдап алуға болады.
Кішірейту масштабтары : 1 : 2; 1 : 2,5 ; 1 : 4 ; 1 : 5 ; 1 : 10 ; 1. 15 ; 1: 20 ; 1: 25 ; 1: 40 ;
1 : 50 ; 1 . 75 , 1 : 100 ; 1 : 200 ; 1 . 400 ; 1 . 500 , 1 : 800; 1 . 1000.
Нақты шама : 1 : 1
Үлкейту масштабтары : 2 : 1 ; 2,5 : 1 ; 4 : 1 ; 5 : 1; 10 : 1 ; 20 : 1 ; 40 :1 ; 50 :1 ; 100 :1.
Масштабты М әрпімен белгілейді . Мысалы М 1 : 4 сызбада нәрсе 4 есе кішірейтіліп, ал М 2 : 1 екі есе үлкейтіліп салынғанын көрсетеді.
ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1. Пішімдердің қандай түрлерін білесіңдер ?
2. Масштаб дегеніміз не ?
Бағалау . Оқушыларды бағалау .
Үйге тапсырма Сызбаны А4 пішіміне қағазды пішімнің шетін көрсететін сызықтарды және рамксын жүргізіп дайында.
Қазақстанның график суретшісі С. Романов пен М. Қисамединовтың туындылары
Сабақтың мақсаты : Оқушылырға тақырып бойынша түсінік беру
Тәрбиелік : әдемілікке және ұқыптылыққа тәрбиелеу
Дамытушылық : оқушылардың ой -өрісін дамыту , сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Құрал - жабдық, көрнекіліктер : сурет дәптер , қарындаштар, түрлі – түсті бояулар
Сабақ түрі: дәстүрлі сабақ
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру , сұрақ – жауап.
І. Сабатың барысы: Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру
б) Үй тапсырмасын тексеру
ІІ. Жаңа тақырып. Қисамединов Мақым Мұстақұлы 1939 – 1982 – график суретші. Оның сурет салу тәсілдері линогравюраны қолдана отырып ,қондырғылы және кітап графикасында жұмыс істеді.Диплом жұмысы ретінде . МӘуезовтың «Абай жолы » романына иллюстрациялар топтамасын дүниеге әкелді. Қисамединовтың басты туындыларының бірі – Абай портретінде ақын киізүйдің айқара ашылған сігінен шығып келе жатыр. Иығына шапан жамылған ақын тұлғасы көрнекті , иілген ік жақтаулары ұлттық өрнекпен көмкеріліп, шығарма асқақ сезім мен монументтік қалып береді.
Қазақтың кино суретшісі, графигі кескіндемешісі Сахи Романов 1926 жылы 1 тамызда Қызылорда облысы, Қазалы қаласында дүниеге келді. Оған 1967 жылы Қазақстан өнерінееңбек сіңірген қайраткер, 1981 жылы Халық суретшісі құрметі атағы берілді.
С.Романов жас кезінде балалар үйінде тәрбиеленген. Москва көркем сурет мектебінде оқыған. Суретші С. Романов 50 – 60 жылдар аралығында «Қанатты сыйлық», «Алдар көсе», «Жангелдин отряд», «Найзатас», «Ас беру», «Қырық өтірік», «Құрманғазы » атты кинофильмдеріне декорация жасады. Сонымен қатар осы кинофильмдерге арнап кеіпкер костюмдерінің нобайларын , эскиздерін салды. С. Романов шығармаларында ақын «О. Сүлейменов», «Автопортрет», «Мұхаммед Хайдар Дулати , портретері ерекше орын алады. С. Романов шығармашылығында «Жер туралы декрет», «Бұғаудан босану», «Отан аспан аясында», «Төлектің тор жайлауында», «Бектау аты », «Аврора жаңғырығы», «Құсбегі» картиналары ұлттық калоритімен символдық тілімен ерекшеленіп , суретшінің өзіндік қолтаңбасын айқын танытады.
С. Романов «Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен» наградталған.
ІІІ. Тақырыпты бекіту. 1. Қазақстанның басқада қандай график суретшілерін білесіңдер.?
Бағалау . Оқушыларды бағалау
Үйге тапсырма.М. Қисамединовтың «Абай» портретін салу.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.
Пәні
Күні
Сыныбы
Сабақтың тақырыбы :
Сабақтың мақсаты :
Тәрбиелік :
Дамытушылық :
Құрал - жабдық, көрнекіліктер :
Сабақ түрі:
Әдіс – тәсілдері:
І. Сабатың барысы:
ІІ. Жаңа тақырып.
ІІІ. Тақырыпты бекіту.
ІY. Сабақты қорытындылау
Бағалау .
Үйге тапсырма.