Білім биржасы психология п?нінен аукцион саба?ы
Шетел тілдер педагогикалық колледжі
Психология пәнінен сыныптан тыс ашық сабақ
«БІЛІМ БИРЖАСЫ»
Аукцион сабағы
(Психологияны озат меңгерген топ)
Дайындаған және жүргізген: Садирова Г.Т
психология және педагогика пәндерінің оқытушысы
Курс, топ: 2 курс, 201-202-203 топ
Мақсаты:
Білімділік мақсаты: Экономикалық ойынның шартымен студенттердің білімдерін пысықтау арқылы, психологияны озат меңгерген топты анықтау.
Дамытушылық мақсаты: Студенттердің білімге деген құштарлығын арттыру, қызықтыру арқылы білімін тереңдету, зияткерлік қабілетін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: Студенттерді ұйымшылдыққа, экономикалық сауаттылыққа, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу.Қажетті құралдар: балға, гонг, күміс қобдиша, әртүрлі купюрадағы «теңгелер».
Техникалық құрал: компьютер, интерактивті тақта.
Бағдарламалық жабдық: MS PowerPoint-та жасалған слайдтар.
Сабақ түрі: Аукцион сабақ (пысықтау сабағы)Сабақ әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ - жауап, талдау, жинақтау, ой туғызу, хабарлау.
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар мен білімге құштар жас өрендер!
«Білім биржасы» атты аукцион сабағына қош келдіңіздер! Аукцион сабағына 5 адамнан тұратын 3 топ қатысады және 4 кезеңнен тұрады.
І-кезең. Білім аукционы.
ІІ-кезең. Эрудиттер сайысы.
ІІІ-кезең. Таңдау-табыс.
ІҮ-кезең. Сыйлықтар аукционы.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (Эксперт төрағасы мен мүшелерімен таныстыру).
Алдарыңызға өз білімімен, ақыл-ойымен, эрудициялық ерекшеленген әр топтың білімді студенттерін шақырайық.
Ендеше кезек студенттерде (Әр топ өз аты мен ұранымен таныстырады).
І-кезең. Білім аукционы. Экономикалық ойынның шартымен студенттерге 4 сала бойынша 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап беру арқылы топ өз ақша қорын жинайды.
«Адам байлығының ішіндегі ең тамашасы- білім»,- деген екен шығыс ғұламасы Әбу-р-Райхан әл Буруни. Ендеше, білім байлығы саудаға түсер аукционымызды бастайық.
Аукцион шартымен таныс болыңыздар. Бүгін аукционымызда сауда «теңге» атты ақша бірлігімен жүргізіледі.
Әзірше әр топтың қорында 5000 теңгеден бар. Бұл-бастапқы капитал.
Өз капиталыңызды көбейту - өз қолдарыңызда.
Аукционда психология пәнінен алған білімдеріңізді көрсетесіздер.
Психология пәнінен сұрақтардың бастапқы бағасы - 200 теңге. Топ капитаны бағаны 200 теңгеден жоғарылата алады. Баға көрсеткіштері: 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңге. Ең жоғары баға ұсынған соң сұрақ оқылады. Егер дұрыс жауап айтылса- баға құны сол топқа беріледі, ал қате жауап айтылса, онда топ капитанынан сол ақшаны қайтарады. Ескерту: егер топ қорында бар барлық сомаға сұрақ сатып алып қателессе, онда – банкрот, өкінішке орай, ол топ аукционға қатыса алмайды.
Сонымен, «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік- сол білімді іске асыра білу дағдысы», деген ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың сөздеріне сүйеніп, «Білім аукционы» атты І кезеңді бастайық.
Аукционға – бірінші психологияның даму тарихы бойынша сұрақ қойылады. Сауданы бастаймыз. Бастапқы баға- 200 теңге. Қай топ жоғары баға береді? (әр топ өздері ұсынған бағаларын айтады) ең жоғары бағаға сұрақ оқылады.
Дұрыс жауап берген жағдайда топ өз қорына 200 теңге қосады.
Сұрағы:
№1 лот Психологияның тұңғыш дүниеге келген жері? (ежелгі Грекия)
№2 лот. Психология ғылымының тарихында бір-біріне қарама-қарсы бағыт қалыптасты? (материалистік, идеалистік)
№3 лот. Психология қай жылы дербес ғылым болып қалыптасты?
№4 лот. ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ғалымдар жан құбылыстарын қалай зерттей бастады? (эксперимент негізінде құрал-жабдықтар көмегімен)
№5 лот. Қазіргі таңда психология нені зерттейді? (психикалық құбылыстарды)
2. Ұлы тұлғалар галериясы.
№1 лот. Жан туралы ғылыми түсінік кімнің есімімен байланысты? (Аристотель)
№2 лот. Ол жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы қасиет деп түсіндіріп, жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады? (Демокрит)
№3 лот. Психология саласына экспериментті тұңғыш енгізген неміс ғұламасы? (В.Вундт)
№4 лот. Оның қаламынан 60-90 жылдар арасында «Психология», «Қазақстанда психологиялық ой-пікірлердің дамуы» т.б. сияқты еңбектер жарық көрді? (Қ.Жарықбаев)
№5 лот. Тітіргендіргіштердің күшімен адам түйсігінің арасындағы байланысты заң түрінде тұжырымдаған неміс ғалымдары? (Э.Вебер, С.Фехнер )
3. Анықтамалар.
Темперамент ұғымына анықтама беріңіз?
Бір ізді бейнелер дегеніміз не?
Түйсік ұғымына анықтама беріңіз?
Иллюзия ұғымына анықтама беріңіз?
Апперцепция ұғымына анықтама беріңіз?
4. Тапсырмалар.
Ұзақ уақыт бойы әсер еткен жағымсыз иісті сезу тоқтатылады. Бұл түйсіктің қай заңдылығы? (адаптация)
Арық адам ақ киім кисе толығырақ болып көрінеді, қара кисе сындарлы болып көрінеді? Бұл мысал не туралы? (бояудың иллюзиясы)
Ұшқыштар түнгі ұшуға даярлану кезінде көздеріне 20-30 минут қызыл көзілдірік киеді? Не себептен? (сенсебилизация заңдылығы)
Қозу-тежелуі тепе-тең және байсалды. Ұстамды. Жинақы да шыдамды, сөйлеген сөзі мазмұнды, өзін бір қалыпты, байсалды ұстайды. Қай тип темпераменті туралы сөз болып тұр? (Флегматик)
Техникалық бақылау бөлімінде екі тексеруші жұмыс істейді. Біреуі жұмысты жаңадан бастаған, екіншісі тәжірибелі. Жас тексеруші бөлшектерін бір-бірден алып, тексеріп тұрса, тәжірибелісі қолына екеуін алып тексеруде. Сұрақ: Екеуінің бір-бірінен зейін айырмашылығы қандай? (ырықты, үйреншікті)
Осымен І-тур аяқталды. І- турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
ІІ-кезең. Эрудиттер сайысы. Топтар шапшаң түрде берілген сұрақтардың жауабын айтуы тиіс.
Біздің екінші кезеңіміз «Эрудиттер сайысы» деп аталады. Әр топқа берілген уақыт-1 минут.
Әрбір дұрыс жауап құны- 200 теңге. Сұрақтың жауабын білмеген жағдайда «келесі» деп айту сұралады. Ендеше, «Тіл қаруы-сөз, сөз қаруы-ой, ақылды ой, алғыр сөз- адамның ең жоғарғы қасиеті», -деген Ғабиден Мұстафиннің сөзімен сайысты ең көп капиталы бар топтан бастаймыз. Дайынбыз ба? Уақыт.
ІІ тур. Эрудиттер сайысы.
№1 топқа арналған сұрақтар.
Адам мен қоғам арасындағы қатынаспен айналысатын психологияның саласы. (Әлеуметтік психология).
Психология қай ғылым саласынан бөлініп шыққан. (Философия)
Қазақстандағы алғаш «Психология» еңбегінің авторы (Ж.Аймауытов)
Топтағы «Лидер», «Оқшауланған» адамдарды микротоптарды зерттеу әдісі (Социометрия)
Жүйке жүйесі қандай жасушалардан тұрады (нейрон)
«Афференттік» ұғымы қандай ұғым береді (жеткізуші)
Адамның миының орта салмағы (1400 гр)
«Рефлекс» туралы алғаш айтқан ғалым (Р.Декарт)
Жануарлар мінез-құлқының икемді түрі не деп аталады (Дағды)
Ең алғаш темпераменттің 4 типін анықтаған кім? (Гиппократ)
Темпераменттің күшті ширақ типі? (Сангвиник)
Адамның негізгі беталысын және оның өзіндік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын сапалық өзгешелік қалай аталады? (Мінез)
Адамның үй-іші, әке-шеше, тума-туысқандарына қатысты перзенттік борыштарынан туындайтын қасиет? (Борыш пен жауапкершілік)
Бала мінезін тәрбиелеудегі басты әдістің бірі? (Талап)
Әр адамның белгілі бір іс-әрекет түріне икемділігін не деп атайды? (Қабілет)
Қабілеттің ең алғашқы көрінісі? (Нышан)
Адамды әрекетке бағыттайтын қажеттін өтеуге талаптандыратын түрткі психологияда қалай аталады? (мотив)
2-ден 40 адамға дейін топ қалай аталады? (Шағын топ)
Іс-әрекеттің негізгі түрлері. (ойын, оқу, еңбек)
Адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай-ақ орындалатын зейін? (үйреншікті)
№2 топқа арналған сұрақтар.
1. Психологиялық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым? (Психология)
2. Әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер. (Темперамент, мінез, қабілет)
3. Жан мен тән бөлек құбылыс ... (Дуализм)
4. Ми сыңарлары қыртысында бір-біріне қарама-қарсы қандай процестер болып отырады? (Қозу, тежелу)
5. Шартсыз, шарты рефлектерді ашқан кім? (И.П.Павлов)
6. «Рефлекс» сөзі андай мағына береді? (Бейнелеу)
7. «Интеллект» қазақша қандай мағынаны білдіреді? (Ақыл)
8. 4-5 жастағы балалардың мазмұнды, рольді ойындарынан мінез бітістерін көрсететн сапалар? (Ұжымдық, жолдастық)
9. Қабілет неше түрге бөлінеді? (2)
10. Топ неше адамнан басталады? (2)
11. Түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс? (іс-әрекет)
12. 1 жасқа дейінгі балалардың ойынның түрі? (манипуляциялық)
13. Белгілі бір мақсат көздеп, объектіге ерекше зер салып көздейтін зейін түрі? (ырықты)
14. зейіннің көлемін анықтайтын аспап? (тахистаскоп)
15. Сыртқы дүние заттатырының жеке қасиетінің сезім мүшелерге әсер етіп, мида бейнеленуі? (түйсік)
16. адам денесінің сырт жағында болатын түйсіктер? (экстрарецепторлар)
17. тәтті, дәмдіні тілдің қай бөлігі сезеді? (тілдің ұшы)
18. қабылдауда ерекше айқын көрініп тұрған нәрсе қалай аталады? (фигура)
19. түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау? (иллюзия)
20. темпераменттің физиологиялық негізін салушы кім? (И.П.Павлов)
№3 топқа арналған сұрақтар.
1. Психологиялық құбылыстардың пайда болуы, даму және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін ғылым? (Психология)
2. Әрбір адамның жеке басына тән психологиялық өзгешеліктер. (Темперамент, мінез, қабілет)
3. Жан мен тәнді екіге бөлуге болмайды, олар бір тұтас процесс. Тән организм болса, жан сол организмнің мазмұны (Аристотель)
Түйсік туғызатын физиологиялық аппарат. (Анализатор)
Адамның қозғалысын реттейтін түйсік. (Кинестезия)
Заттар мен құбылыстардың мида тұтастай бейнеленуі. (Қабылдау)
Түрлі себептерге байланысты шындықтағы объектілерді қате қабылдау қалай аталады? (Иллюзия)
Түйсіктің психофизикалық заңын кім ашты? (Вебер, Фехнер)
Іс-әрекеттің жеке салаларында көрініс беретін қабілет түрлері? (музыкалық, суретші)
Темпераменттің әлсіз түрі? (меланхолик)
«инстинкт» сөзінің мағынасы? (санасыз ұмтылу)
Психологияда кең тараған әдіс? (бақылау)
Тәжірибе әдісінің қанша түрі бар? (2)
Психологияның дамуы тарихы қанша кезеңнен тұрады? (3)
Адамға тума берілген қасиет? (темперамент)
Қабілеттің түрлерін атаңыз? (жалпы, арнайы)
Түйсік түрлерін 3 топқа жіктеңіз?
Адаптация мағынасы? (бейімделу)
Соқыр, керең, мылқау адамдарда қай түйсіктер жақсы дамыған? (иіс сезу)
Топтағы қарым-қатынасты анықтайтын зерттеу әдісі? (социометрия)
ІІ-турдың қорытындысын эксперт мүшелерінен сұрайық. Жоғары капитал жинаған топ_____________
ІІІ-кезең. Таңдау-табыс. Әрбір топ психология пәні бойынша әртүрлі тапсырмалар орындайды.
Енді, «Білекке сенген заманда- ешкімге есе бермедік,
Білімге сенер заманда қапы қалып жүрмейік», -деген Абылай ханның ойлы сөзімен келесі турымызға көшейік. Әр дұрыс жауап 200 теңгемен есептеледі.
1 қобдиша: ол «Ағзадағы сұйықтықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды» - деп санады. Бұл – адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми-зерттеудің алғашқы қадамы еді. Сұрақ: бұл ой-пікірді кім айтқан?
2-қобдиша: өз аңдарына кітап оқытты, үй сыпыртты, есеп шығартты, тіпті орамалмен мұрнын сүртегу дейін үйретті. 1919 жылы ұйымдастырылған аңдар бұрышын «шартты рефлекстердің фабрикасы» деп атады.
Сұрақ: кім туралы айтылып тұр?
3-қобдиша: табыс қорабы – 200 теңге.
Эксперттерден ІІІ-кезеңнің қорытындысын сұрау.
ІҮ-кезең. Сыйлықтар аукционы. Топтар жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастайды.
Енді біз ең қызықты соңғы кезең «Сыйлықтар аукционына» көшеміз.
Аукционға сыйлықтар қойылады. Жинаған ақша қорын сыйлықтарға айырбастай аласыздар. Әр лотта сурет жұмбақ жасырылған, сурет жұмбақтың жауабы дұрыс болса- сыйлық сіздікі. Бастапқы баға -200 теңге. Кім жоғары баға ұсынады.
Лоттардағы жұмбақтарды оқу.
Сөз кезегін эксперттерге береміз.(Эксперттер төрағасы сөйлейді, жеңіске жеткен команда анықталады. Жеңілген командаға алғыс хат беріледі. Жеңген команда дипломмен марапатталады)
Cабақты бағалау. Смайликтар арқылы бүгінгі аукцион сабағын бағалайды.
«Бар ізгілік тек білімнен алынар,Білімменен аспанға жол салынар» деп «Білім биржасы» ойынын аяқтаймыз. Білім алудан кеш қалмаңыздар!