«Интеллектуалды? да?дыны ?алыптастыру ар?ылы о?ушыларды? логикалы? ойлауын дамыту»


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласы «№ 9 орта мектеп » КММ
«Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын дамыту»
(педагогикалық кеңеске баяндама)
Матаева Аглиман Бултукановна
Бастауыш сынып мұғалімі
2012-2013 оқу жылы
Интеллектуалдық дағдыны қалыптастыру арқылы оқушылардың логикалық ойлауын
ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. «Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген елбасы өзінің жолдауында.
«Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген.[1,3] Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр.
Кез келген мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік гүлденуі мен қауіпсіздігі халықтың білімі мен интеллектілік ресурстарымен тікелей байланысты. Интеллектуалды ұлт болу тар шеңбердегі ұғым емес, оның түпкі мақсатында ұлттық негіз, ұлттық рух, ұлттық болмыс жатыр. Ұлттың сапалық құрамын арттыру тек қан тазалығын жақсартумен ғана шектелмейді, бұл жерде рух тазалығын тәрбиелеудің де маңызы зор. Ал оның түп негізінде инновациялық терең білім алу қажеттілігі мен технологиялар әлемінде қабілеттілік таныту сұранысы тұр.
Интеллект (лат. іntellectus — таным, ұғыну, аңдау) — жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты.
Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді. Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті. Интеллект функциялары:
оқуға деген қабілеттілік;
қоршаған болмысының заңдылықтарын белсенді меңгеруге қабілеттілік. Бірқатар психологиялық тұжырымдамаларда интеллект ақыл-ой операцияларының жүйесімен теңестірледі.
Теориялық және практикалық Интеллект жеке адамның эмоциялық- еріктік ерекшеліктерімен байланысты. Интеллект түрлері:
абстрактылы интеллект,
ересектер зияты,
нақты интеллект,
кристалданған интеллект,
қарапайым интеллект,
жануарлардың зияты,
жасанды интеллект.
Ақыл немесе интеллект (лат. intellectus түсіну, ұғыну, танып білу, HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%90%D2%9B%D1%8B%D0%BB-%D0%BE%D0%B9&action=edit&redlink=1" \o "Ақыл-ой (мұндай бет жоқ)" ақыл-ой) - жоғары дамыған және күрделі миы бар организмдердің психикалық қызметінің айрықша функциясы; ақпар алуға, оны сақтауға, өңдеуге және беруге, жаңа білімдер қорытып шығаруға, жеткілікті негізделген шешімдер қабылдауға, алға қойылатын мақсаттарды тұжырымдап, соларға жетуге бағытталған іс-әрекеттерді қадағалауға, қоршаған ортада болатын хал-ахуалдарды дұрыс бағалауға қабілеттілік. HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D2%9B%D1%8B%D0%BB_%D0%BD%D0%B5%D0%BC%D0%B5%D1%81%D0%B5_%D0%B8%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82" \l "cite_note-1" [1]
Ақыл-ой өңдейтін хабардың аса маңызды қайнар көзі және ол қорытып шығаратын білімдерді, шешімдер мен мақсаттарды қолданудың объектісі объективтік дүние. Осы тұрғысында адамның ақыл-ой немесе HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BD%D1%82%D0%B5%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%BA%D1%82" \o "Интеллект" интеллектілік қызметі объективті шындықты өзгертуге бағытталған қызметтің негізінде бейнелендіру болып табылады.
Қазіргі уақытта компьютерлердің кеңінен қолданылуына және "жасанды интеллекттің", яғни HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%AD%D0%95%D0%9C" \o "ЭЕМ" ЭЕМ-де бірқатар ақыл-ой жұмыстары мен операцияларын (логикалық қорытынды жасауды, диагностикаға эксперттік баға беруді, математика есептеулерді, мәтінді оқуды, бейнелерді тануды, т.б.) орындай алатын күрделі бағдарламалар жүйесінің жасалуына байланысты ақыл-ой қабілеттерін зерттеудің маңызы ерекше артып отыр.
Өз ұлтының бақытты болашағын, кемел келешегін ойлаған, төрт құбыласы түгел, қуатты мемлекет құруды мақсат еткен Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» ұлттық жобасын ұсынғандағы мақсаты – жан-жақты дамыған білімді, мәдениетті, отаншыл, ұлтжанды ұрпақ қалыптастыру. Ұлттық жоба үш негізгі аспектіні қамтиды. Біріншісі, қазақстандық білім жүйесін дамытуда серпіліс жасау. Бұл қазіргі таңда білім беру үдерісіне айрықша назар аударуды талап етеді. Өйткені ұлттың дамуының негізі дұрыс білім ала білуде.
«Интеллектуалды ұлт» жобасының екінші аспектісі – ғылым саласын дамыту мен еліміздің ғылыми потенциалын арттыру.
Жобаның үшінші бағыты – қазақстандықтардың жаңа генерациясын қалыптастыруға бағытталған инновациялар жүйесін дамыту. Білім беру саласындағы бүгінгі таңдағы өзгерістер осы ұсынылып отырған үш аспекті негізінде білім алушылардың өзіндік көзқарасы қалыптасқан тұлға болып шығуына жол ашады. Білімді реформалаудың басты міндеті – мемлекеттік білім беру жүйесін үздік үлгіге сәйкес әлемдік деңгейге көтеру.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім», – деп нақтылап берді .
Интеллектуалды ұрпақ тәрбиелеу ісі терең білім, кәсіби алғырлық, жоғары біліктілік, ұлттық мүддеге қызмет ету, ел алдындағы парыз ұғымына сүйену, рухани құндылықтарға негізделген жасампаз күш аясына жұмылдырылуы тиіс. Ұлттық жобаны жүзеге асыруда заманның озық жоғары технологияларын жетiк меңгерумен қатар, елiмiзде индустриялық дамудың ақпараттық өркендеуiне белсендi әрi қабiлеттi, көзқарасы дұрыс, дiнi мен дiлi және рухы жоғары ұрпақ қалыптастыруға қол жетеді. Интеллектуалды ұлт білімді, ғылымды жетік меңгерген, мәдениетті тәрбиенің бастауларын толық қамтыған тұлғадан қалыптасады.
Интеллектуалды тұлғаны төмендегі көрсетілген құндылықтарды бойына сіңіру арқылы қалыптастыруға болады:
Танымдық бағыты: таным мәдениеті, интеллект, білім, ақыл-ой мәдениеті, шығармашылық, сындарлы ойлау, сананы жетілдіру, ой-өрісінің кеңдігі т.б.
Адамгершілік бағыты: жеке тұлғаның қасиеттері: сыйлау, мейірімділік, әділдік, т.б, адамгершілік ұстанымдар: қадір – қасиет, ұқыптылық т.б.
Әлемдік бағыт: азаматтық, партиотизм, белсенді өмірлік позиция, ұйымшылдық, адам құқықтары т.б.
Ұлттық бағыт: салт-дәстүрді, тілді, дінді, әдет-ғұрыпты құрметтеу, ұлттық сана, ұлтжандылық, елін, жерін сүю және т.б.
Саламатты өмір салты: экологиялық мәдениет, спорт, санитарлық- гигиеналық нормаларды сақтау, жағымсыз қылықтардан арылу, дене шынықтыру т.б.
Дүниетаным бағыты: ғылыми, білімділік дүниетаным, танымдық дүниені қабылдау, дүниені түсіну, әлем туралы ойлану, ой- толғаныс т.б.
«Теңіз тамшыдан құралады» дегендей, интеллектуалды, жан-жақты жетілген тұлғаларды қалыптастыру арқылы ғана біз бүкіл ұлтты интеллектуалды ұлтқа айналдыруға қол жеткіземіз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенттері мен профессор-оқытушылар құрамының алдында оқыған «Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: болашаққа интеллектуалдық секіріс» деп аталатын дәрісінде: «Бізге ұлттық интеллектінің діңін құру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге түсе алатын эрудициялы адамдар керек», – деген еді. Олай болса, бүгінгі оқу орындары әлемдік бәсекеге қабілетті білімді, білікті, дарынды, ұлтжанды, отаншыл және жан-жақты жетілген ұрпақ тәрбиелеп, интеллектуалды ұлт қалыптастыру үшін күш-жігер жұмсауға тиіс.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі  мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі.Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді.
Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:
барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
ойлау белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
Бастауыш сынып баланың логикалық ойлауын дамытудың  негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге  мүмкіндік береді.Әйтседе бұл баланы қайткенде де, неғұрлым ертерек логикалық «жолға» шығару дегенді көрсетпейді. Біріншіден, ойлаудың логикалық формаларын игерудің  өзі ойлаудың логикалық жетілген бейнені формалары ретінде игерілмейінше, толық құнсыз күйде қалып отырады. Дамыған көрнекі схемалық ойлау  баланы логика табалдырығына жеткізеді. Екіншіден, логикалық ойлауды игеріп болғаннан  кейін, бейнелік ойлау өзінің мәнін ешбір жоғалтпайды.
Тәжірибе барысында жасөспірімдерде ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушының  ой  жүйелігінің  қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал – тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Ал оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйрету – математика сабағының міндеті.
оқушы жаңа әрекет тәсілін іздестіру бағытындағы шығармашылық сипаттағы іс -әрекеттер  орындауға талпынады.Осы тұрғыдан алғанда  математикалық жаттығуларды, біздің пікірімізше, шығармашылық жаттығулар деп атаған орынды сияқты. [ 5, 8 ].
Шығармашылық жаттығу – бұл нақты мәні берілмеген, есепті шартты математикалық заңдылықтар арқылы орындау.
Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың  жаңа бір нәрсені ашуы, яғни оқушы өзін белгілі бір жаңалықтардың авторы ретінде сезінеді. Бұл оған белгілі бір пән төңірегіндегі қызығушылығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Яғни, оқушыны өзіне тарта, баули түседі.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған стандартты емес тапсырмаларды шығармашылық жаттығулар деп атаймыз. Сондықтан шығармашылық жаттығуды ұдайы жүргізе отырып біз оқушылардың тек пәнге деген қызығушылығын ғана емес, логикалық ойлауын да дамыта аламыз.
Оқушылардың логикалық ойлауын  дамыту үшін:
есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Оқу процесіндегі  осындай іс-әрекеттердің  арқасында  қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.  Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей  жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады.Сондықтан да мұғалім балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, сабақта бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
    Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
    Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледіОқыту арқылы ойлаудың төмендегі сапаларын дамытуға ықпал етуге болады: 1.Ойлаудың икемділігі. 2.Ойлаудың тереңділігі мен кеңділігі. 3.Ойлаудың сынилығы. 4.Ойлаудың мақсаттылығы. 5.Ойлаудың жалпылығы. 6.Ойлаудың өз бетіншелдігі. 7.Анықтылығы,дәлелдігі. Ойлауға тән осы сипаттар оқушылардың ойлауының мәдениетін көтеруге, олардың интеллектуалдық потенциалын дамытуға көмектеседі.
.
Интеллектуалдық білік-дағдыларға үйрету бір-бірімен тығыз байланысты болатын төрт мәселені қамтиды: ойлау әрекетінің саналы болуына қажеттілік қалыптастыру, әрекет ету бойынша жалпы ережелерді білу, бұл әрекеттерді тәжірибе жүзінде тексеру және өзін-өзі бақылау.Оқушыларды керекті себептендіруді /мотивация/ тудыру үшін оларда ойлау процесінің өзін саналандыруға /рационализация/ қажеттілік пайда болуы, оны дамыту туралы неғұрлым кең мәселеге өсетін белгілі бір нақты әдіс қолданылады. Зерттеулер көрсеткендей, бұл қажеттілік оқыту барысында ақыл-ой әрекеті әдістерінің ұзақ уақыт қалыптасуы нәтижесінде пайда болады. Ойлауды саналандыруға қажеттілік ойлау мәдениеті әдістерін тиімді меңгерудегі қажетті алғы шарттардың бірі болып табылады. Бұл жағдайда оқушы есіне үлкен көлемдегі ақпараттарды сақтай алады, бірақ оны пайдалана алмауы да, құрғақ жаттап алған материалдың мазмұнын жете түсінбеуі де мүмкін. Міне осы жерде ойлау мәдениетіне үйрету керек болары сөзсіз. Әрине, оқушы білімді меңгеру кезінде ойлау әрекетінің белгілі бір тәсілдері мен әдістерін меңгереді, бірақ мұндай стихиялы, жүйесіздік жеткіліксіз екендігі анық. Бұл мәселені қалай шешуде педагог психологтардың көзқарастары әртүрлі, біреулері оқытуды өз бетінше ойлауды дамытатындай етіп ұйымдастыру керек деп есептейді,егер соңғы нәтижесінде оқушылар дұрыс ойлау мәдениетіне үйренетін болса, бұл жерде түбегейлі айырма жоқ. Жақсы өңделген және берік тұрақталған әдістердің қалыптасуына әкелетін ақыл-ой дамуының аса маңызды жағын құрайды. Бірақ бұл пікір жалпылама сипатта ғана, себебі нақты әдіс-тәсілдері сан алуан, әр текті болып келеді. Бұл жерде біз ойлау мәденеитіне тоқталамыз. Соңғы кездердегі педагогикалық ізденістерде ақыл-ой біліктерінің мақсатты түрде дамуына ойлау әрекетінің арнайы қалыптасуына ерекше назар аударылуда, яғни ойлау дағдыларына үйретуге, танымдық ізденіс процестеріне ден қойылуда. Бұл ізденіс басталғаннан бері педагогикалық тәжірибеде әртүрлі оқу курстарына ақыл-ой дамуына байланысты тапсырмаларды енгізуге ұмтылыс жаппай сипат алды. Мамандар мен оқытушыларға жаппай бағдар беру мақсатында ойлаудың білік-дағдыларының ортақ көрініс көрсету үшін ортақ үрдісіне мақсатты түрде қалыптастырылуға тиіс осы ойлау машықтарының бірыңғай үлгісі жасалды. Ақыл-ой/интеллектуалдық/ дағдыларының орталық тірегі, діңгегі болып ойлау белгіленеді.
Оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйретудің жолы логикалық тапсырмалар орындату. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Оқушылар мұндай есептерді зор ықыласпен шығарады және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бастайды.
Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:
Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;
Жеке дара қасиеттерін ескере білу;
Іс-әрекетке қызықтыра білу.
Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір- біріне ұқсамайды. Бұл оқушының ой- өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады. Берілген тапсырмалардың міндеті- оқушының ой- өрісін, тілі мен сөйлеуін үш бағытта дамыту:
1. логикалық;
2. жаңалық ашу;
3. шығармашылық.
Сабақта тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:
1. Ми қозғау жаттығулары.
2. Ойлау сәті.
3. Психикалық механизмдерді жаттықтыру.
4. Көңілді үзіліс.
5. Логикалық тапсырмалар.
Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі оқушының қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан олардың нәтижесін төменгі кестеден көруге болады:
Тапсырмалар Нәтижесі
1. Ми қозғау жаттығулары Ми жұмысы және көру жүйесі жақсарады. Шығармашылық жұмыстардың көрсеткіштері артады.
2. Ойлау сәті Оқушылардың пайдалы эмоционалдық негізі қалыптасады, танымдық мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі.
3. Психикалық механизмдерді жаттықтыру Есте сақтау қабілетін дамытып, зейінін тұрақтандырады. Қызығушылығын арттырып, байқағыштыққа баулиды.
4. Көңілді үзіліс Баланың қозғалыс икемін дамытады және бір мезетте бірнеше тапсырманы орындауға үйретеді.
5. Логикалық тапсырмалар Ізденімпаз болуға, тың шешім қабылдай білуге дағдыланады. Өзіңе деген сенімділік қасиетін арттырады.
Өткен оқу жылы мен былтырғы оқу жылының қорытындыларын салыстырғанда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейінің өскенін, кейбір оқушылардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.
№ Көрсеткіш 2012-2013
оқу жылының басы 2012-2013 оқу жылының аяғы
1. Жоғары деңгей 2. Орта деңгей 3. Төмен деңгей
Осы жұмыстардың нәтижесінде биыл осы мектепте бірінші жыл жұмыс істеп отырсам да бірнеше оқушыларым мектепішілік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Облыстық «Дарын» орталығынан келген интеллектуалдық «Айналайын» конкурсынан 4 оқушы ІІ-орынды, 1 оқушы ІІІ-орынды,облыстық интеллектуалдық «Асыл тас» сайысынан 1 оқушы 3- орын, аудандық пәндік олимпиадада 2 оқушы-1, 1 оқушы-2 орын, аудандық «Жас зерттеуші» кіші ғылыми жоба сайысынан техика, физика бағыты бойынша 2 оқушым «Цифрлар және сандар» тақырыбынан қорғаған жобадан -3 орын, «Өзін өзі тану» пәні бойынша ұйымдастырылған сайыста «Ардақтайық ата-ананы» тақырыбында жоба қорғаудан 1 оқушым-3 орын иеленді. Сондай- ақ аудандық «Дарын» орталығы ұйымдастырған бастауыш сыныптардың «Интеллектуалды лабиринт» сайысына мектептен қатысқан команда құрамына 1 оқушым кіріп, сайысқа қатысты.Нәтижесінде мектеп 2- орынды иеленді.
Баланың интеллектуалды шығармашылық дағдыларын бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен логикалық тапсырмаларды жүргізу кезінде оқушылардың бойында мынандай өзгерістер байқалды:
- қорқыныш пен қате жасап қоямын-ау деген мазасыз ойлар төмендеді;
- тұрақтылық пен сенімділіктері дами түсті;
- білім сапасы бұрынғыдан да жақсарды;
- бағдарлама материалын оңай, терең игере бастады, оқуда да жақсы ілгері жылжушылық байқалады.14859001035050004572006921500091440012065000685800127508000 Сондықтан да оқушының интеллектуалдық логикалық ойлау қабілетін дамытамын деп алдыма мынандай жоспар құрудамын
1. Оқушының логикалық ойлауын дамытуда әр түрлі тәсілдерді пайдалану. 2. Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру. 3.Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетелеуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау.
4.Логикалық есептер жинағын жасау.