Нары?ты? ?атынастарды? орны?уы та?ырыбында?ы саба? 9 сынып
-5181605715 Қысқа мерзімді жоспар
Жұмабекова Ләззат, №163 орта мектеп жоғары санатты тарих пәні мұғалімі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері
Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы.
Күні: Пән аты: Қазақстан тарихы Сыныбы: 9 «в»
Сабақ тақырыбы Нарықтық қатынастардың орнығуы
Сілтеме Қазақстан тарихы, 9- сынып. Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарлар.
Жалпы мақсаты
1980ж. КСРО экономикасында қалыптасқан жағдай туралы, нарықтық қатынастарға бетбұрыс, экономиканың дамуындағы екі тенденцияның орын алуы, сыртқы экономикалық байланыстар туралы оқып үйрету.
Күтілетін нәтиже
КСРО экономикасында 1980ж. қалыптасқан жағдайлар туралы оқып үйренеді.
Социалистік жоспарлы экономикадан нарықтық қатынасқа көшудің қажеттілігіне, кезеңдеріне, нәтижесіне, қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайына, сыртқы экономикалық байланыстарға диалог, сұрақ қою арқылы обьективті тұрғыдан баға беріп, салыстырып, өзін-өзі реттеу, бірлесіп оқу, сыни тұрғыдан ойлау дағдылары қалыптасады, себептерін топпен талқылап, шығармашылық ізденістерін арттырады.
Берілген тапсырмаларды топпен бірлесіп орындау арқылы ұжымдық жауапкершілік дағдылары, адамгершілік қасиеттері дамиды, топпен бірлесіп проблема шешуге, тест тапсырмаларын орындауға дағдыланады.
Негізгі идеялар
КСРО кезеңіндегі жоспарлы экономиканың ерекшелігі, нәтижесі, нарықтық қатынастарға көшудің қажеттілігі, тиімділігі. Бағаның босатылуы. 1992ж. өндірістің құлдырауы. Нарықтық қатынастар теориясын енгізу. Меншіктің көптүрлілігі. Шетелдік мамандардың шақырылуы.Төлем дағдарысы.1993ж. 15қараша- Ұлттық валюта теңгенің айналымға енуі. Теңгенің тарихи маңызы. Қазіргі Қазақстанның экономикалық жағдайы.
Тапсырмалар
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар.
Жеке жұмыс «Инсерт» әдісі. «Деңгейлік тапсырмалар орындау».
Жұптық жұмыс «Ақпарат алмасу».
Топтық жұмыс «Джигсо», «Галерея».
Оқыту үшін бағалау, оқуды бағалау.
Ресурстар Ақпарат көздері: Оқулық, интернет, баспасөз материалдары. Мәтіндер.
Интерактивті тақта, слайд.
Постер, маркер.Таратпа материалдары, бағалау парақшалары.
І . Ұйымдастыру кезең (2 минут).
1.Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу.Сандар арқылы 4 топқа бөлемін.
ІІ. Жеке жұмыс. Үй тапсырмасын пысықтауға арналған тапсырмалар.
1. «Білу» (3минут).
1.Қазақстан Президентін мерзімінен бұрын сайлау қай жылы өткізілді? 1999ж. 10 қаңтар.
2.«Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы қай жылы пайда болды? 2001ж.
3.ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы қай жылы атап өтілді? 2011ж.
4.ҚР тәуелсіздігінің 20 жылдығы қандай ұранмен өткізілді? «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы».
5.Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының жаңа үлгілері қай жылы қабылданды? 1992ж. маусым.
6.Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранның жаңа мәтіні қай жылы бекітілді? 1992ж. желтоқсан.
7.ҚР Елтаңбасының авторы: Ж.Мәлібеков, Ш.Уалиханов.
8.ҚР Туының авторы: Ш.Ниязбеков.
9.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы қай жылы шақырылды? 1992ж. қыркүйек-қазан айларында.
10.Қазақстан БҰҰ қай жылы мүшелікке қабылданды? 1992ж. 2 наурызда.