Баяндама Шы?армашылы? ж?мыс ж?ргізуде м??алім м?дениеті


«Шығармашылық жұмыс жүргізуде мұғалім мәдениеті».
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс - әрекеттерін қалыптастыру үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас ерекшеліктерімен қатар оның неге қызығатынын жете білуі маңызды болмақ. Нәтижесінде оқушыларының шығармашылық іс - әрекеттерін қалыптастыруға бағытталған оқу әдістемелік жүйе көмегімен шығармашылыққа бағытталған тұлғаны жетілдіруде мұғалімнің өзін - өзі ұстау мәдениеті де ерекше орын алады. Адамдардың қабілеттілік деңгейі жағынан тең дәрежеде болмауын, қабілеттіліктің бірдей еместігін сыныпта отырған оқушының әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығы дәлелденген болатын.
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін мұғалім ең алдымен шығармашылық көңіл - күй тудыру керек. Оқушылардың назарын шығамашылық арнаға бұрады. «Бұлақ көрсең көзін аш» деп халқымыз айтқандай жалпы шығармашылық туынды өмірге келгенге дейін ұстаз шәкірттердің өнеге тұтар ақылшысы, пікірлес досы, бапкері болуы тиіс. Ұстаз мәдениетінің оқушылардың психологиялық еркіндігіне айтарлықтай әсері болмақ. Оқушылардың шығармашылығын тежейтін үш нәрсе бар:
-қорқыныш сезімі
-өзіне - өзі тыйым салушылық
-жалқаулық
Мұғалім айтар сынының сыпайы айтылуын, оқушылардың көңіліне тиіп кетпеуіне көңіл бөлу, ренжітпеу, оларды әр түрлі сөздермен қорламау жағын алдын - ала ойлаған жөн. Кез - келген баланың жаны нәзік. Олар күлкілі жағдайға қалудан қорқады. Сондықтан дұрыс орындалмаған жұмысты түкке алғысыз етіп тастауға болмайды.
Балалардың психологиясында мұғалімнің сенімін ақтауға және сыныптастары алдында абыройын көтеруге ұмтылу бар.
Ұстаз оқушы жұмысын көп күлдіретіндей дауыстап айтып, жария етпей - ақ көпшілік естімейтіндей балаға жай ғана түсіндіру керек.
Жұмысты тексеру әдісін кез - келген мұғалім өзі таңдап алады. Кейбір нашар үлгеретін оқушылардың жұмысын көтермелеп бағалауға болады.
ҚР білім беру ұйымдарындағы тәрбие кешенді бағдарламада көрсетілгендей жан - жақты дамыған тұлға тәрбиелеу үшін мұғалім ең алдымен өзі көп мәдениетті болуы тиіс.
Бұл мәдениет түрлері: адамгершілік, эстетикалық, саяси мәдениеті, этномәдениеті.