Білгірлер отауы атты сайыс


Математика
1. Фигуралардың периметрін тап:
А) Қабырғалары 5см, 8см, 6см үшбұрыштың
Ә) 8см шаршының
Б) Қабырғалары 7см, 4см тік төртбұрыштың
2. Қалдықпен бөлуді орында және тексер:
65: 7
49:6
46:5
3. Өрнектердің мәнін тап:
1) в*(27:а-1) мұндағы: а=9, в=7
2) 8*х+в-15 мұндағы: х=4, в=95
3) (45:а-9)*5 мұндағы: а=5, в=8
Қазақ тілі
1. Таңсық сөзіне дыбыстық талдау жаса
2. Түбірлес сөзге жататын сөздер жаз
3. Жұрнақ жалғанған сөздер тауып жаз
4. Жалқы есімге жататын сөздер жаз
5. Туынды сөздер жаз
6. Дара етістіктер жаз және оны күрделендір
7. Сөз таптарының әрқайсысына жататын екі сөз жаз
Әдебиеттік оқу
1. Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді қой:
«Талаптан да.........мен .........үйрен!»
А) Кітап, оқулық Ә) Даналық, мақал
Б) Білім, өнер В) Мектеп, сынып
2. А. Байтұрсынұлының «Оқуға шақыру» өлеңіндегі іздеп тауып алалық тіркесінің мағынасы қандай?
А) Үйрену, оқу Ә) жоғалған нәрсені табу
Б) Жоқты іздеу В) біреуді іздеу
3. Мағжанның алғашқы ұстазы кім?
А) Мүсілім Ә) Бекен Б) Ахметден В) Гүлім
4. « Талаптан да, білім мен өнер үйрен» деп өсиет қалдырған кім?
А) Абай Ә) А.Байтұрсынұлы Б) Ш.Құдайбердіұлы В) Ыбырай.
5. Абай Құнанбаевтың азан шақырып қойған аты кім?
А) Имамедден Ә) Ибрайым Б) Ибахиддин В) Ибраһим
6. Мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар қай әдебиетке жатады?
А) Әдебиеттік оқу Ә) Халық ауыз әдебиеті Б) Қазақ тілі В) Хрестоматия
7. Ертегілер нешеге бөлінеді?
А) 4 ке Ә) 2 немесе 3ке Б) 2ге В) 3ке
8. Ерлік туралы үш мақал-мәтел жаз.
«Бекітемін»
О.І.М
В.Ф. Садыкова
2016/2017 оқу жылының 17.11 күні өтетін 3-сыныптар апталығындағы «Білгірлер отауы» атты сайыс ережесі және бағалануы.
1.Сайыс ережелері.
1.1. Сайысқа әр сыныптан бір оқушы қатыса алады.
1.2. Сайыс төменде көрсетілген пәндерді қамтиды
Қазақ тілінен тапсырмалар
Әдебиеттік оқу пәнінен тест жұмысы, мақал-мәтелдер жазу
Математика пәнінен есептер беріледі.
1.3. Тапсырмаларды орындау кезінде оқушының жазу колиграфиясына мән беріледі.
2.Сайыстың бағалану кретерийі.
2.1. Қазақ тілі пәнінен әр тапсырмаға сөз санына қарай 1 ұпай
2.2. Әдебиеттік оқу пәні бойынша тесттің әр бір дұрыс жауабына 1 ұпай және мақал-мәтелдердің әрқайсысына 1 ұпай
2.3. Математика пәні бойынша есептердің әрқайсысына 1 ұпай беріледі.
3. Сайыстың комиссия мүшелері және оқушылардың жұмысын бағалаушы мұғалімдер.
1 Кенжебаева Гүлшат (Математика)
2. Изджанова Үміт (Қазақ тілі)
3. Қуанышбекова Жанар (Әдебиеттік оқу)
4. Сайыстағы оқушының орындайтын тапсырмалары
№18 орта мектеп
«Ел болашағы – білімді ұрпақ» атты 3-сыныптардың апталығындағы «Білгірлер отауы» атты сайыстың құрылымы
Дайындаған: Утенова Сағида
2016/2017 оқу жылы
Хаттама
2016/2017 оқу жылының 17.11 күні өтетін 3-сыныптар апталығындағы «Білгірлер отауы» атты сайыстың хаттамасы

Сайысқа барлық 3-сыныптан бір оқушыдан қатысты. Сайыстың шартына сай барлық тапсырмалар оқушыларға үлестіріліп берілді. Оқушылар 45 минут аралығында тапсырмаларды орындады. Сайыстың ережесі мен бағалану кретерийіне сай оқушылар төмендегідей көрсеткіш көрсетті.
Пәндер және жинаған ұпай саны
Сыныбы: Аты-жөні: Математика Қазақ тілі Әдебиеттік оқу Барлық ұпай саны
3 «А» 9 28 8 45
3 «Ә» 9 35 7 51
3 «Б» 4 9 5 18
3 «В» 9 25 7 41
3 «Г» 6 6 4 16
3 «Ғ» 5 1 - 6
3 «Д» 5 13 7 25
3 «Е» 4 15 13 21
3 «Ж» 5 5 2 12
3 «З» 6 36 5 47
3 «И» 8 14 5 26
3 «К» 2 - 7 9
Жоғарыда алған ұпай санына қарай төмендегі көрсетілгендей марапатқа ие болды.

Сы-ныбы Оқушының аты жөні: Сынып жетекшісі Марапаты
3 «А» Атаниязова Майрамгул І орын
3 «Ә» Ильясова Алма Бас жүлде
3 «Б» Ахмет Ақжамал ІІІ орын
3 «В» Утаева Құндыз І орын
3 «Г» Отырова Раушан ІІІ орын
3 «Ғ» Транова Райгул Ынталандыру
3 «Д» Коджанова Умит І орын
3 «Е» Кульмагамбетова Райгул ІІ орын
3«Ж» Турагамбетова Женя ІІІ орын
3 «З» Утенова Сагида І орын
3 «И» Саулебаева Алтынай ІІ орын
3 «К» Джанаева Набат Ынталандыру
Шешім:
Сайысты қорытындылай келе 3-сыныптың сынып жетекшілеріне әдебиеттік оқу пәнінен алған ұпай сандарына талдау жасай отыра мақал-мәтелдерді оқушыға жаттап жүруіне байланысты жұмыстар қолға алыну керектігі ескертілді. Қазақ тілі пәні бойынша 3 «К», 3 «Ғ», 3 «Ж», 3 «З» және 3 «Б» сынып жетекшілеріне оқушылары ереже білмегендіктен тапсырма орындаған сәтте ақсап қалуына байланысты аталмыш пәннен және математика пәнінен барлық 3-сыныптың сынып жетекшілері көп жұмыстану керектігі айтылды.
Хатшы:
Кенжебаева Гүлшат