Коучинг-сессия Кері байланысты? о?у ?дерісіне о? ?сері бастауыш білім беру бірлестігіні? онк?ндік іс-шарасыны? ?орытындысы


Коучинг-сессия
күні 22.10.2015.ж
Тақырыбы: Кері байланыстың оқу үрдісіне оң әсері
Жалпы мақсат: Мұғалімдерге кері байланыс байланыстың оқу үрдісіне оң әсері , оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау.Оқушылардың көңіл – күйіне, сабақтағы іс - әрекетке, оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 105-бет
Үлестірмелі нұсқаулық
 Оқу нәтижесі Мұғалімдер кері байланыстың оқу үрдісіндегі оң әсері, оның классификасиясы, әдістері жайлы мәліметтермен таныс болады. Кері байланыстың мәнін, оның түрлерін түсінеді. Оқушылардың көңіл – күйіне, оқу материалдарына қалай кері байланыс жасау керектігін біледі.
Түйінді идеялар: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер арқылы табысты оқытуға қол жеткізу. Сабақтағы кері байланыс, оның түрлері, әдістері.
Сабақта қолданылатын материалдар:  А- 4 парақтары, стикер, интерактивті тақта, флипчарт, маркер, қалам, бағалау парақтары.
Оқыту әдістері: АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді оқыту жөніндегі нұсқаулық
Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері /А.Әлімов/
Мұғалімге арналған нұсқаулық 
Тапсырмалар: «Кері байланыс ұйымдастыр» топтық жұмыс, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия.
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
І. Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу
(3 минут)
Ұқсас суреттер бойынша топқа бөлу. Мұғалімдер төрт - төрттен топқа бөлінеді
  Сәлемдесу, қатысушыларды ортаға шақыру. Тренинг өткізу. «Суретші»
Сессияға қатысушы мұғалімдер Қатысушылардың екі адамнан жұптасуын сұрау.Қатысушылар екі адамнан бір - біріне қарама - қарсы тұрады. Олар құшақтасақан күйі бірінің арқасына бірі ақ парақты қойып сурет салады. (Не салып жатқанын өздері көре алмайды) Енді осы суретті бір - біріне сыйға тартады..
«Миға шабуыл» (7 минут)
(жеке, жұптық, топтық жұмыс)
1) Бастапқы кері байланыс. Көңіл - күй мен эмоциялық жағдайға кері байланыс. Мұғалімдердің коучингке эмоциялық тұрғыдан дайындығын байқау. - Қалай ойлайсыздар, сабақтағы кері байланыс немесе рефлексия деген не?- Кері байланыстың (рефлексияның мақсаты) мақсаты не?- Кері байланыстың қандай түрлерін білесіздер?- Қандай әдіс - тәсілдері бар? Қатысушылар кері байланыстың қажеттілігі жайлы бір - бірімен ойларымен бөліседі.
Қызығушылығын ояту. Мұғалімдерге «Данышпан мен адам» атты аңыз жазылған парақшалар тастау.
Аңызда айтылғандай баланың (оқушының ) өзін табысты, алғыр сезінуінің бәрі біздің қолымызда екен. «Данышпан мен адам» Ертеде бір данышпан өмір сүріпті. Ол бәрін біледі екен. Ал бір адам оны көре алмапты. Елдің көзінше оның да бірдеңені білмейтінін дәлелдегісі келіпті. Бірде көп адамдар отырған жерде әлгі адам алақанына бір көбелекті қысып ұстап тұрып, данышпаннан «- Айтшы данышпаным, менің қолымдағы қандай көбелек, тірі ме? өлі ме?» - деп сұрайды. Ол өзі ішінен «Егер тірі десе - мыжып жіберемін, ал егер өлі десе - онда қоя беремін.» деп ойлап тұрады. Данышпан болса, сәл ойланып тұрып «........» депті.(бәрі сенің қолыңда)
таныстырылым. (Слайдтар) Слайд арқылы мұғалімдерге сабақтағы кері байланыс жайлы, оның классификасиясы, формасы жайлы мәліметтер беру.• Көңіл – күй мен эмоциялық жағдайды анықтауға арналған кері байланыстың әдіс – тәсілдер: Көңіл – күйдің алуандығын білдіретін әртүрлі суреттер, түрлі - түсті карточкалар, бет әлпетті бейнелейтін карточкалар (смайликтер), көңіл - күйді бояу түстерімен анықтау. («Ауа райы», «Бағдаршам»т. с. сМысалы: «Алма ағашы» әдісіОқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ. Мұғалімдер түртіп алады. «Бір сөзбен» әдісі
- Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипатайтындай 3 сөзді таңдап айтады.*Төзімсіздік, *Ашу, * Қуаныш, * Немқұрайлылық, *Қанағаттану, *Шабыт,*Зерігу,* Алаңдау, * Тыныштық, * Сенімділік, * Сенімсіздік, *Рахаттану.• Сабақтағы іс - әрекетке кері байланыс.
Сергіту сәті
(2 минут)
  Әуенге билеу ұсынылады. Тақтадан көрсетілген «Көңілді күн» биіне  билейді.
Топтық жұмыс  (8 минут) Мұғалімдерге сабақ панорамасы бейнежазба көрсетіледі. Осы сабақтарға кері байланысты қалай ұйымдастырар едіңіздер? Топтар ақылдасып осы сабаққа кері байланысты қалай жасайтыны жайлы пікірлеседі. Оны топ алдында қорғайды. 
Сұрақ-жауап
(3 минут)  Оқушылардан алынатын топтық кері байланыс сұрақтарын талқылау.- Оқушылардан топтық кері байланыс алуға да болады екен. Осы сұрақтарды оқып талқылап көрейік. Топта талқылап,топтың  бір мүшесі жауап береді. 
Қорытынды кезең Рефлексия
(3 минут)  Сабақ соңындағы кері - байланыс. «Тазалық» ойыны түрінде алу.Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған: шабадан, қоқыс жәшіг,  еттартқыш.
 Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар) Қатысушы мұғалімдердің коучингтен не білім алғандарын көрсетеді.

«Талапкер орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын
орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
коучинг-сессия
Кері байланыстың оқу
үрдісіне оң әсері
(бастауыш білім беру бірлестігінің онкүндігінің қорытынды семинары)

Карижанова Р.А
2015-2016 оқу жылы