CLIL. География-А?ылшын Же?іл т?сті металдар металлургиясы,металлургия ж?не ?орша?ан орта (Light coloured metallurgy. Metallurgy and environment)
Сыныбы: 9 «Б»
Тақырыбы: Жеңіл түсті металдар металлургиясы,металлургия және қоршаған орта.
(Light coloured metallurgy. Metallurgy and environment)
Мақсаты:
Білімділік:Түсті металлургияның маңызын,құрамын,Қазақстанның түсті метал түрлері бойынша дүние жүзіндегі орнын анықтау.Жеңіл түсті металдар металлургиясын бағалы және сирек кездесетін металдардың және Қазақстанның металлургиялық базаларының географиясы туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық:Түсті металлургияның қоршаған ортаға әсерін мысалдармен көрсете білу,картамен жұмыс жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.
2. Әңгіме-дәріс.
3. Топтық,жұптық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстанның картасы,оқулық,электронды оқулық.
Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. Шаттық шеңберімен бір-біріне қазақ және ағылшын тілінде тілектер айту.(Қазақ,ағылшын тілінде)
2.Топқа бөлу (сиқырлы сандықтағы әр түрлі металдардың суреттері бойынша)
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Үй тапсырмасын қазақ және ағылшын тіліндегі сұрақ-жауап арқылы,әр топқа карточка беру арқылы сұраймын .
1.Елімізде түсті металлургия өнеркәсібі қашаннан дами бастады?When did the coloured metallurgy start to develop in our country?
(1717 жылы Алтайда қорғасын мен мырыштың бар екендігі анықталғаннан кейін)
2.Түсті металдардың ауыр м еталдардан ерекшелігі неде?(Бағалы қасиеттерімен ерекшеленеді,олардың ішінде қалайы,қорғасын,никель каррозияға,ал титан ыстыққа төзімді,аллюминий,мыс,күміс өте жақсы электрөткізгіштік қасиетке ие.)
3.Қазақстан түсті металлургия ішіндегі ең жетекші орын алатын металды ата?(Мыс)
What is the most important coloured metal in Kazakhstan?
4.Республикамызда мырыш өндірісінің даму сатысы қандай?
5.Жалпы ішкі өнімдегі түсті металдардың үлесі қандай? Түсті металдардың халықаралық нарықтағы орны?
6.Түсті металдар физикалық қасиеттеріне және пайдаланылуына қарай неше топқа бөлінеді?
How many types of coloured metals do you know?
ІІІ. Жаңа сабақ.
1.Мағынаны тану кезеңі
Электронды оқулықтан мәліметтер көрсетіледі.
2.Консепциялық карта әдісі.
Бұл кезеңде әр топқа жеке мәтінмен,басқа да ақпарат көздерін пайдалана отырып консепциялық карта жасау тапсырылады.
1 топ – Жеңіл түсті металдар
2 топ – Қымбат,бағалы металдар
3 топ – Сирек және шашыранды металдар
(оқушылар өздеріне берілген тапсырманы топта талқылап,ортақ пікірге келіп консепциялық карталарын жасап,елші әдісі бойынша әр топ бір-біріне түсіндіреді.Консепциялық карта жасау барысында әр топ ағылшын тілінде сұрақ дайындайды)
3. Ойлан,топтас,талқыла әдісі.
1топ– Металдарға бай жеміс-жидектердің суретін сал. Қандай металдар тұрмыстық шаруашылыққа жиі қолданылады.
You have to draw the fruit. Wich has the metal in it?
2топ–Адасқан әріптер. Оқушыларға ағылшын тілінде адасқан әріптер беріледі,әріптерді жинақтай отырып әр металға сипаттама беру.
BRONZE-
LEAD MAGNESIUM-
SILVER-
3топ- Металлургияның экологиялық проблемалары
IV. Қорытындылау,жаңа сабақты бекіту.
Берілген кесте бойынша әр металдарды орналастыру (ағылшын тілінде)
МЕТАЛДАР (METALS)
Ауыр металдар
Heavy metals Жеңіл металдар
Light metals Бағалы металдар
Valuable metals Сирек металдар
Seldom met metals
V. Рефлексия, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: 1.Тақырыпты оқу.
2. Кескінмен жұмыс.
3.Металлургия өндірісі тудыратын экологиялық проблемалармен күресу жолдарын қарастыру.
4.Логикалық тапсырмалар.