Презентация :?аза? ?дебиетіні? бес арысы
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген,Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар? Мағжанның барлық өмірі - поэзиясында Мағжан – ұлы ақын Мағжан – лирик, сыршыл ақын Мағжан – эпик ақын «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да – Абайдан. Бұдан соң Мағжанды сүйемін. ... Мағжан мәдениеті зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілігіне қарағанда бұл бар заманның шегінен асқандай ... бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бойұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі» Мұхтар Әуезов Мағжан – ең алдымен, сыршыл ақын. Ол жүректің қобызын шерте біледі, оның жүрегінен жас пен қаны аралас шыққан тәтті сөздері өзгенің жүрегіне тәтті у себеді. Мағжан не жазса, сырлы, көркем, сәнді жазады. Оқушының жүрегіне әсер бере алмайтын құрғақ өлеңді, жабайы жырды Мағжаннан таба алмайсыз. Жүсіпбек Аймауытов Мағжанның поэмалары Жүсіпхан Қорқыт Батыр Баян Ақын болу дегенің – теңіздейін тебірену,Ақын болу дегенің – анадайын емірену Ақын болу дегенің – арыңа бір шық тұрмауАқын болу дегенің – жүректерді тұтқындау. Еркеш Ибрагим. «Әлемдегі ел өмірі ақ қағаздай байқасаң,Депті бір қарт ақиқаттың құдіретіне бас иген, -Сол қағазда нақыл сөз бен аты қалған жақсының,Тауып айтқан сөздеріне адам түгіл тас иген».Әбдірахман Жәми Түсіндірме сөздікЕкі дүние есігі – осы дүние мен о дүниенің түйіскен жері, қасиетті жер деген мағынадаНесібі –байлығыТұран –түркілердің астанасыҰсап – ұқсапЕнші алысу – ата-аналарының материалдық байлығынан балаларының алатын үлесіАлаш –қазақ, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, әзірбайжан, татар, т.б.Көксеу – сағыну. Эпитет: Ер түрік, кең ақыл, отты қайрат, жүйрік қиял.Метафора: от болып туған, отқа ұқсап, Арқаның ардагері – қалың алаш, Алаштың арыстаны. «Артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз – Мағжанның сөзі»(М.Әуезов) «М.Жұмабаев – Абай мен қазіргі қазақ поэзиясының арасындағы поэтикалық көпір» (Ғ.Ибрагимов) «Мағжанның ақындығы да, кісілігі де ерекше бөлек еді. Ақындық өміріне, біліміне келсек, алаштың екі күшті адамының бірі, тіпті ең дарындысы, күштісі Мағжан болатын. Бірі – біздің осы күнгі М.Әуезов»(С.Мұқанов) Үйге тапсырма: «Түркістан» өлеңін жаттау. «Жыр толғау». «Сыр толғау».