?аза? ?дебиетіні? бес арысы
Бес арыс деген атпен ел есінде қалған ақын-жазуларымыздың қазақ әдебиетінде алар орны зор. Бірі тұңғыш қазақ әліпбиін жасаса, енді бірі тұңғыш қазақ романын жазып шықты. Одан да басқа артына мол мұра қалдырып кеткен арыстарымыздың елеулі еңбектері ұлан –ғайыр.
Ахмет Байтұрсынов (1873-1938) Қазақ тілі білімінің іргетасын қалаушы, ірі ғалым, ағартушы педагог, сөз құдіретін танытқан танымал ақын, қазақ баспасөз тілінің ұлттық үлгісін көрсеткен талантты публицист, туған халқының рухани дүниесін көтеруге көп күш жұмсаған мәдениет қайраткері.
Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жыл 28 қаңтарда қазіргі Қостанай облысы Торғай атырабындағы Сарытүбек деген жерде дүниеге келді. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы 2 сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 жылдан Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы өңірлерінде бала оқытып, әділет үшін күреске араласа бастайды. 1909 жылы шілде айында патша өкіметінің тыңшыларының жаласымен Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз сегіз ай бойы қамауда жатады. Ақыры Қазақстанда тұру құқығынан айрылып, 1910 жылы наурыз айында Орынбор қаласына келеді.
1909 жылы Петербургте «Қырық мысал», 1911 жылы Орынборда «Маса», 1912-1925 жылдар арасында «Оқу құралы» жеті рет қайта басылып ұзақ пайдаланылды. 1914-1916 жылдары «Тіл құрал» атты кітабы басылып шықты. 1913-1918 жылдар – А Байтұрсынов Орынборда шығып тұрған «Қазақ» газетінің редакторы, 1918-1925 жыл басы – А.Байтұрсынов Алаш қозғалысының алғы шебінде. 1919-1926 жылдары Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери- революциялық комитетінің мүшесі, Республика оқу-ағарту Халық комиссары, Қазақстан Академиялық Орталығының жетекшісі, Ташкент, Алматы жоғары оқу орындарында профессор болып қызмет атқарды. 1929 жылы абақтыға қамалып, 1936 жылы босатылады. 1937 жылы 8 қазанда қайтадан тұтқынға алынып, репрессия құрбаны болады.
«Тарту» Балалар, бұл жол басы даналықта, Келіңдер, түсіп байқап қаралық та! Даналық өшпес жарық, кетпес байлық, Жүріңдер іздеп тауып алалық та! **** Кек көрсеттім қазақ деген намысқа, Жол сілтедім жақын емес алысқа. Өзге жұрттар өрге қадам басқанда, Дедім: "Сен де қатарыңнан қалыспа. А. Байтұрсынов
Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931) Шәкәрім Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс бөктерінде 1858 жылы 11 шілдеде дүниеге келген. Атасы Құнанбайдың, соңынан ағасы Абайдың тәлім-тәрбиесін алады. Өзінің «Мұталғанның өмірі» атты ұзақ өлеңінде бес жасынан ауыл молдасынан сабақ алып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады. Сөйтіп, өз бетімен орысша үйренеді, ғылым- білім жолына түседі. «Қос жұртым» өлеңінде ақын халықтың өткен өміріне көз жіберіп, бүгінгісін талдайды.
«Оятқан ерте мені шығыс жыры» деп Шәкәрім өзінің тәлім алған мектебін нақты атайды. Ол сонымен қатар, Гетені де, Пушкинді де өзіне жақын тартқан. Шәкәрім Абайдан көп үлгі-өнеге алған, оны ұстаз тұтқан. Ойшыл ақын Аллаһты тануға шақырады. Дін бұзушыларды қатты сыңға алады: «Көнбеймін дінді теріс бұзғаныңа, сопының бара қойман құрбанына». Шәкәрім өзін өмір бойы Толстойдың шәкіртімін деп санаған.
Жастарға «Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық, Арам, айла, зорлықсыз мал табалық. Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік Бір білімді данышпан жан табалық. Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық! Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық! Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан, Жалыналық Абайға, жүр баралық! Мынау Абай – бір ғалым жол ұғарлық, Замандасы болмады сөзді ұғарлық. Амалы жоқ, айналды енді бізге, Күн туды етегіне жабысарлық!» - дейді.
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?» Арыстанмын, айбатыма кім шыдар? Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар? Көкте – бұлт, жерде – желмін гулеген, Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Мағжан Бекенұлы Жұмабаев (1893-1938) - қазақ әдебиетінің көгіндегі XX ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны. Туған жері - бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен, адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Көп жылдар болыс болған. Мектеп ашып, мұғалім ұстап,өз балаларының оқуына қамқорлық жасайды.Бұл мектепте патша әскерінен қашып жүрген Ажиетдин Ақанов деген оқыған, білімді башқұрт жігіті мұғалім боп істеген.Зерек Мағжан төрт жасында осы мектеп есігін ашады, хат таниды, Шығыс әдебиетімен алғаш осы мектепте танысады. Қолына түскен қисса-дастандарды оқи бастайды. Ақын Шығыс әдебиеті даналары Фирдоуси, Сағди, Ғафиз,Омар Хаям дастандарын түпнұсқадан оқып-үйренеді.
Мағжан ана тілінің мол байлығын бойына барынша сіңірген, орыс тілін де жетік білген.Соның арқасында ол Пушкин, Лермонтов, Горкий, Байрон, Гете тағы да басқа орыс, Батыс ақын-жазушыларының шығармаларымен танысып, олардың таңдаулы туындыларын ана тілімізге аударып, халқымыздың игілігіне айналдырған. Мағжанның барлық өмірі – поэзиясында. Мағжан – лирик ақын, сыршыл ақын.. Ақын лирикасының тақырыптары алуан: туған жер, ата мекен, халық тағдыры, ар – адамгершілік, шынайы махаббат, т.б. Мағжан – эпик ақын. Оның қаламынан «Батыр Баян», «Қорқыт», «Жүсіпхан» сияқты поэмалар туған. «Батыр Баян» поэмасында өзінің халқына, Алашына деген суымас перзенттік жүрегінің ыстық сезімін өлең өрнегіне шынайылықпен түсірген. Халқымыздың сондай ер жүрек перзенттерінің бірі – батыр Баян. «Батыр Баян» поэмасы «алашым» деп еңіреп, «майданда жолбарыстай» ерлік көрсеткен осы аруақты көкжал батырға арналған.
Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931) Аймауытов, Жүсіпбек (18891931) қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен. Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша- қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады. 19111914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады.
Ұ Р А Н Қазағым, қақтықпа. қамалма! Ел болар қамыңды амалда! Кетті түн, ағып таң, шығып күн Сал малды, сал жанды аянба! Мал баққан, жай жатқан ел едік, Бейнетті көп тартқан ер едік, Қаны жат, тілі жат, діні жат Жат елден таяқты жеп едік. Жатқа жем бай едік, кен едік, Бағын жоқ биліктен кім едік, Партия сұрқия, қым-қиғаш, «Басы аман» көп надан сен едің. Зарыққан, талыққан шағына Тап болды бостандық бағына! Ұйымдас, ұрандас, жағалас! Сен де мін бабанның тағына! Құның жоқ, қорлықта өшіп ең, Терезең төремен болды тең. Намыстан, кайраттан қатарға ені Басқадан кем болған сенің нең? Ұраным, қорғаным, сен Алаш! Жолына кұрмалдық мал мен бас! Өнер тап, өрге шап, қару ат. Аллалап алға бас, ал Алаш!!!
Міржақып Дулатов (1885-1935) «Оян, қазақ» Көзіңді аш, оян қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты. Жер кетті, дін нашарлап, хал арам боп, Қарағым, енді жату жарамас-ты. М.Дулатов
Қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайреткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері. Туған жері - бұрынғы Торғай уезінің Сарықопа болысының үшінші ауылы. Әкесі - Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі - Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі.
Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды. Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Тақырыбы: “Алаштың бес арысы”Мақсаты: Оқушыларға алаштың бес арысын таныстыра отырып, адамгершілік, рухани тәрбиеге тәрбиелеу.
Қазақ автономиясының құрылуын насихатау.
Тәуелсіздігімізді айқындау.Түрі: ауызша журналКөрнекілігі, керекті құралдары: Фото суреттер, монтаждық фильмдер, мультимедиалық проектор.
Қайырлы күн құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар бүгінгі 5-сыныптар арлығында Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арнайы ұйымдастырлып отырған «Алаштың бес арысы» атты тәрбелік шарамызға қош келдіңіздер!Би « Көреғұлы» ор: 5 сынып оқушысы , 6 сынып оқушылары қабыл алыңыздар!І. Бөлімі “Алаш автономиясының құрылу туралы деректі фильм” бейне түсіріліміне назар салайық!ІІ.Бөлім «Алашорда үкіметінің құрылуы» түсіндірме1.оқушы 5 сынып оқушысы Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметтің басқа да шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ұлт өміріне қатысты ең өзекті мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы, оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия, зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді. Қазақ облыстарында асқынған жер мәселесін шешуге бағытталған әрекеттің болмауы, атты қазақ әскері, қарулы солдат пен қоныстанушылардың панасыз жергілікті халық үстінен жүргізген озбырлығының өрши түсуі соның айғағы болатын. Осындай жағдайда қазақ зиялылары арасында ұлттың мемлекеттілігі туралы мәселе талқылауға түсті. Сөйтіп, бұл мәселені қараған Жалпықазақ-қырғыз съезі 1917 жылы 5 желтоқсанда Орынбор қаласында ашылды. Оған барлық қазақ облыстарынан, сондай-ақ одан тыс жерде тұратын Алтай губерниясы мен Самарқан облысы қазақтарынан және Жетісу облысы қырғыздарынан барлығы 82 өкіл қатысты. Съездің күн тәртібінде тұрған ең негізгі мәселе, әрине, ұлттық автономия мәселесі еді. Міне осылайша ұлттық идеяологияны ұстанғандар арасынан алғашқы Алашорда автономиясын құру қолға алынып оның төрағасы болып Әлихан Бөкейханов болды.ІІІ.Бөлім «Алашорда және Кеңес үкіметі»Жүргізуші: 2. оқушы: 1918 жылы 5 каңтарда Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы күшпен таратылған соң Алашорда мен Кеңестік биліктің арақатынасы күрделене түсті. Кеңестік билік бұрынғы отарлық езгідегі халықтарға тек кеңестік негіздегі автономия беретіндігін мәлім етті. Бұл белгілі бір ұлттық автономиялық мемлекеттікті иемденуі емес, оның белгілі бір бөлігінің ғана, яғни жұмысшы және шаруалардың өзін-өзі билеу мүмкіндігіне ие болғандығын білдіретін шара еді. Мұстафа Шоқай 1918 жылдың көктемінде Алашорда мен Кеңес үкіметі арасында өзара түсінушілікке ұмтылыстың нышандары байқалды. Осы жылдың наурызында Оралдан Мәскеуге Алашорда үкіметінің тапсыруымен Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар аттанып, барған бетте Халык Комиссарлар Кеңесінің Төрағасы В.И.Ленинмен және Ұлт істері бойынша Халық Комиссары И.В.Сталинмен кездесіп, оларға II Жалпықазақ-қырғыз съезінің (Орынбор, 1917 ж. желтоқсан) қаулысын табыс етеді.Жүргізуші: Алғаш “Алаш автономиясын” құруда өз үлесін қосқан Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаевтардың қосқан еңбектері көп болды. Ендігі кезекті біз осы алаштың бес арысы туралы білеміз. XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынов еді.Ахмет Байтұрсынов 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі — уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.3. Оқушы: АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ (1873-1938)Ахмет Байтұрсынов - қоғам кайраткері, ақын, әдебиеттанушы, лингвист, аудармашы, публицист, ағартушы - ғалым, ұлт ұстазы.1873 жылы, қаңтар айында Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек деген жерде дүниеге келді.Әділетсіз орыс оязының зорлығына қарсы тұрған әкесі Байтұрсынның 15 жылға Сібірге жер аударылуы он үш жасар бала Ахметтің жүрегіне өшпестей жара салады.1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныптық мектепте, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте оқиды.1895-1909 жылдары ұстаздықпен айналысып, бала оқытады.1905 жылы жер мәселесі, қазақтың өз жерін өзіне қайтару жөнінде патшаның атына хат жазушылардың бірі болады. Патша өкіметіне наразылығы үшін 1907 , 1909 жылдары абақтыға қамалады. 1910 жылы қазақ жерінен қуғындалып, Орынбор қаласына жер аударылады.Халықтың ой-санасын оятуға бар күшін, қаламгерлік қуатын салып, 1909 жылы И.А.Крылов мысалдарын аударып, "Қырық мысал" жинағын шығарады. Қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ою - өрнек әкелген "Маса" жинағы А.Байтұрсыновтың ағартушылық, демократтық, гуманистік идеяларын халыққа жеткізеді.1913 жылдан 1917 жылға дейін М.Дулатовпен бірге "Қазақ" газетін шығарады. Саяси бағыттағы мақалалары патша үкіметі орындарына жақпаған басылымның редакторы ретінде А.Байтұрсынов бірнеше рет түрмеге жабылады.Патша тақтан түскен соң Ахаң қазақ зиялыларымен бірігіп, ұлттық "Алаш" партиясын құрады. Кеңес үкіметі орнаған соң А.Байтұрсынов Қазақстан үкіметінің мүшесі, Халық ағарту Комиссариаты жанындағы ғылыми - әдеби комиссияның төрағасы болып сайланады. Орынбор, Ташкент, Алматы қалаларындағы педагогикалы жоғарғы оқу орындарында сабақ береді. Голощекиндік асыра сілтеу саясатына қарсы болғаны үшін 1929, 1937 жылдары екі рет саяси репрессияға ілігіп, жазықсыз атылды.4 Оқушы Алаштың көрнекті қайраткері, ағартушы-ғалым. 1872 жылы Торғайдың Ақкөл жағасындығы (қазір Қостанай бол. Жангелдин ауд.) Сарытүбек жерінде туған. 1884 жылы ауыл мектебін, 1891 жылы Торғайдағы орыс-қырғыз училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітіріп, өз бетінше көп білім жиған. 1895-1909 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Торғай уездерінің мектептері мен училищелерінде мұғалім болады. 1909 жылы патша өкіметінің шет ұлттарға қарсы әрекетіне көзқарасын білдіргені үшін Семей абақтысына жабылады. Мұнда ол 1910 жылдың басына дейін отырады.1910-1913 жылдары ағартушы қатаң бақылау жағдайында болады. 1913-1917 жылдары әйгілі «Қазақ» газетінің редакторы қызметін атқарады. Осы шақта ағартушы ұлттық Алаш қозғалысын жандандыруға атсалысады. Алаш партиясы құрылатын І жалпықазақ съезінің де, Алаш автономиясы жарияланатын ІІ жалпықазақ съезінің де ұйымдастыру және өткізу жұмысына белсене қатысады. І съезде негізгі мәселелер бойынша хатшы болса, ІІ съездің шақыру комиссиясына енді. 1917 жылы 14 желтоқсанда Орынборда Алаш партиясының Торғай облыстық комитеті ашылып, қайраткер төраға (Ә.Бөкейхан) орынбасары болып сайланады.Жүргізуші: Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларынан эпизодтық көрініс«Ақын iнiме» "Жұртыма"Жүргізуші: “Ұрпаққа аманат” аттыАхмет Байтұсынов туралы деректі фильмге назар аударалық.Жүргізуші: Әдебиеттің жанрларын айқындау, тарихи кезеңдерге, бөліп қарастыру мәселесінде де бұл еңбекте көптеген тұжырымды ойлар айтылады. Бұлардың қай-қайсысы да қазақ әдебиеттану ғылымындағы жаңалық болатын. Сонымен қатар, "Әдебиет танытқышта" Ахмет Байтұрсынов аса бай фольклорлық материалды пайдаланды. Теориялық қисындарды қазақ ауыз әдебиетінен және баспасөз беттеріндегі қазақ ақын-жазушыларының шығармаларынан алынған мысалдар арқылы бекітіп отырды.Жүргізуші: ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша орын алады. Әдебиеттің әр алуан жанрларында қалам сілтей жүріп, ол қазақ әдебиетінің жаңа өріске шығуына мол еңбек сіңірді.5.Оқушы: Жүсіпбек Аймауытов 1889 жылы қазіргі Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. Он бес жасына дейін туған ауылында болған ол әуелі ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Бұдан кейін де әр түрлі молдалардың алдын көріп, ескіше едәуір білім жинайды. Соның нәтижесінде ауыл арасында өзі де азды-көпті молдалық құрады. 1907 жылы молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс-қазақ мектебіне түседі. 1911 жылы Павлодардағы екі сыныпты орыс-қазақ мектебіне түсіп, оқуын жалғастырады. 1914-1919 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқиды. Семейде жүріп алаш қозғалысына қатысады," Абай" журналын шығаруға ат салысады.6. оқушы . 1919 жылдан бастап Жүсіпбек Семейде, Павлодарда кеңес өкіметінің жұмыстарына араласады. Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі, "Қазақ тілі" газетінің редакторы болады. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалімі болады. 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын "Ақ жол" газетінің редакциясында істейді. 1926-1929 жылдары Шымкенттегі педагогикалық техникумға директор болады. Ара-арасында әр түрлі саяси жұмыстарға араласады. 1929 жылы жазықсыз тұтқынға алынып, "халық жауы" деген жаламен 1931 жылы өлім жазасына кесіледі.7. оқушы: Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығы бұдан кейінгі алпыс жыл бойы ауызға алынбайды. Кеңес өкіметі түсында ол туралы айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек кеңес өкіметі ыдырап, коммунистік идеологияның құрсауы босағаннан кейін ғана қаламгер мұрасы халқына жете бастады. 1989 жылы бір томдық кітабы жарық көрді. Зерттеу жұмыстары қолға алынды. 1997 жылдан бастап Жүсіпбек шығармаларының бес томдық жинағы басылды8. Оқушы Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.Жүргізуші: Жүсіпбек шығармашылығы әуел баста өлең жазудан басталады. Өзінің деректері бойынша ол тұңғыш өлеңін 13 жасында жазған. Оның ақындық жүрегінен туған "Жазушыларға", "Неғып отыр?", "Ах-ха-ха-хау", "Ұран", "Еңбекшілер ұраны" секілді өлеңдері мен "Нұр күйі" поэмасында ақын бұрынғы өмірдің келеңсіз жақтары мен өз дәуірінің көріністерін ақындық сезімталдықпен жырлайды. Ол құбылыстарды жанды да нанымды суреттер арқылы көрсетуге ұмтылады. Мәселен, "Көшу" өлеңінде қазақ ауылындағы көш суреттері, көштің сән-салтанаты көрінсе, "Ұршық" өлеңіндегі ұршық иірген кемпірдің монологы арқылы қарапайым өмір көрінісі бейнеленеді.Жүргізуші: XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi — талантты қаламгер, қоғам қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.9. оқушы: Жақаңның Алаш қайраткерлерінің арасындағы орны ерекше. Елі үшін туылып, ел үшін шаһит кешетін тұлға болады. Ол сол елдің ертеңінің нұрлы болуы үшін жанталасады. Міне, Жақаң - қазақтың ертеңі үшін туылған жан. Иә, ол алыс ауылдарда мұғалімдік қызметін атқара жүріп жәбір көрген қара қазақты көріп, патшаның отарлауына қарсы бір жола күрес жолына түседі. 1905 жылы Орал қаласында «Пікір» деген газет ашуға ат салысқан еді. Сол кездегі газет дегеніңіз үлкен идеологиялық қару болатын. 1904 жылдың басында Міржақып Дулатұлы мен Ахмет Байтұрсынұлы екеуі Алаш ұлдарын патшаға қарсы күреске шақырып үндеулер жазды. Осы үндеулердің әсерінен қазақ халқының патшаға қарсы наразылығы күшейе түсті. Патша үкіметі ел наразылығының соңы көтеріліске соғуынан қорқып саяси тінтулер жүргізе бастады. Кітапханаларды жапты, пошта хабарларын конфискеледі. Осындай алмағайып уақытта, осы ұрымтал тұсты тиімді пайдалану үшін Міржақып пен Ахмет Омбы қаласына жүріп кетеді. Сол жерде Жақаң Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаевтармен танысып, жасырын кездесулер жасайды.. Омбы, Қарқаралы, Орал, Санкт-Петербург қалаларын аралап, көрнекті қоғам қайраткерлерімен пікірлеседі, мәдени - саяси шараларға қатысып ой-өрісін кеңейтеді.10. Оқушы: Міржақып 58 статьямен айыпталып айдауда жүріп 1935 жылы өлді. Оның өлімін естіген торғайлық ақын Файзолла Сатыбалдыұлы өз жоқтауында:Міржақып пен Ахмет,Нақақтан-нақақ болды шет.Бір уақыттар болғанда,Ақталар орнап әділет...Қиянат кетпес тоқтаусыз,Әділ сөз қалмас құптаусыз,Күндердің күні болғанда,Міржақып кетпес жоқтаусыз..., - деген екен.11. Оқушы: Мыржақып Дулатұлы өзінің алғашқы өлеңдерінен бастап туған халқының тағдырындағы қиындықтар мен ауыртпалықтардың сырына үңіліп, оның әлеуметтік тамырын әшкерелеуді мақсат еткен ақын Міржақьш "Оян,қазақ!" атты тұңғыш өлеңдер жинағын мынандай өлең жолдарымен бастайды:Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты,Өткізбей қараңғыда бекер жасты.Жер кeттi, дін нашарлап, хал һарам боп,Қазағым, енді жату жарамасты.Би «Әлқисса» орын: Қанатқызы Гүлжахан, Аман ДанаЖүргізуші: Кеңес өкіметінің жетпіс жылдық билігі тұсында қазақ әдебиетінің тарихынан жазықсыз сызылып тасталған тұлғалардың бірі- Мағжан Жұмабаев. Талантты ақынның есімі де, маржан жырлары да бұл кезеңде идеологиялық қудалауға ұшырады. Азат өмірді, халқының тәуелсіз ел болған қалпын көруге ұмтылған, сол жолда білегіндегі күшімен де, жүрегіндегі жырымен де күресіп өткен қайраткер ақынның тағдыры аса күрделі белестерді бастан кешірді.12. оқушы: Өмір жолы. Мағжан Жұмабаев 1893 жылы Солтүстік Қазақстан облысының бүгінде өз есімімен аталатын ауылында орташа ғана дәулеті бар отбасында дүниеге келеді. Әуелі ауыл молдасынан, содан соң ауылдағы мұғалімнен оқып, сауатын ашады. 1905-1910 жылдары Қызылжар (Петропавл) қаласындағы медреседе оқиды. Медреседе бірқатар шығыс тілдерінен дәріс алады, шығыс ақындарының. жырларымен танысады. Өзі де әдебиетпен шұғылданады. 1910 жылдың күзінде Уфаға келіп, осындағы Ғалия медресесіне түсіп білімін молайтады. 1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер семинариясында оқиды.13. оқушы: Әдеби шығармаларымен бірге Мағжанның қаламынан туған ғылыми еңбектер, оқу құралдары да кезінде халқының қызметіне жарап, елеулі мәнге ие болды. Жастарды оқу, білімге шақырған қаламгер педагогика саласында бірқатар еңбек жазды. 1923 жылы Ташкентте "Педагогика" атты кітап шығарды. Сонымен бірге 1928 жылы Мәскеуде төменгі сынып шәкірттеріне арналған "Сауатты бол" атты оқулығы жарық көреді. 1938 жылы жазықсыз жазаның құрбаны болғаннан кейін Мағжан шығармашылығын оқуға, жариялауға тыйым салынды. Тек еліміз тәуелсіздік алар тұстағы арнайы үкімет шешімі арқылы ғана ақынның есімі мен шығармашылық мұрасы толық ақталды. 1989 жылы ақын шығармаларының бір томдығы, 1995 жылы үш томдық жинағы жарық көрді.Жүргізуші: Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет тұтқаны сезіледі. Өз өлеңдерінде қазақ арасындағы әр түрлі келеңсіз мінез-құлықты, әрекетсіздік пен жалқаулықты, сауатсыздықты сынайды. Елін білім алуға, өнер үйренуге шақырады. "Жазғы таң", "Өнер-білім қайтсе табылар", Қазағым", т.б. өлеңдерінде ақын осы тақырыпты көтереді. Мағжанның ағартушылық сарындағы өлеңдерінің арасында ел мен жер тағдырына алаңдаушылық жатады. Ақын туған елін сүйді, туған жерінің әрбір пұшпағын жүрегіне жақын тұтты.Жүргізуші:Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,Кілтін өнер-білім ашып жатыр,-дей келіп, қазақ арасында мұндай ұмтылыстың әлі де жоқ екеніне өзегі өртенеді. Қолында дәулеті бар деген бай-болыстар да, азын-аулақ оқыған төрелер де өз басының қамын ойлаумен жүр. Халықтың жайына алаңдайтын ешкім жоқ. Оқудағы шәкірттерге де дұрыс білім берілмейді. Қыз балалар малға сатылуда. Өзара дау-жанжал, айтыс - тартыс көп. Міне, Мағжанның өкініші - осылар.Күншығыс өлеңінде:Қисық көзді Күншығыс,Бұл тұруың қай тұрыс?Серпіл енді, алыбым ! —деп, Шығыс елдеріне ұран тастай отырын, өз ойларын әйгілі "Пайғамбар өлеңінде былайша жалғайды : Сонда Мағжан;Мағжанның сөзі кетеді: Мағжан ролінде: Сағидолла АманбекКүншығыстан таң келеді, мен келем,Көк күңіренеді: мен де көктей күңіренем.Жердің жүзін қараңғылық қаптаған,Жер жүзіне нұр беремін, Күн берем !Қап-қара түн. Қайғылы ауыр жер жыры !Қап-қара түн. Күңіренеді түн ұлы.Күншығыста ақ алтын бір сызық бар:Мен келемін, мен — пайғамбар, Күн ұлы.Жүргізуші. Өлеңде ақын шабытының ғаламат күші қаншалықты сезіліп тұрса, ақынның Шығысқа, оның ұлдарына деген махаббаты мен мақтанышы да соншалықты жарқырап көрінеді. Өмірге құштарлық, айналасындағы адамдарға, туған табиғатқа, жер-анаға ғашықтық туралы ойлар — Мағжан өлеңдерінің басты сипаттарының бірі. Ақын нені жырласа да, ерекше махаббатпен, шынайы жүрекпен жырлайды. Сол себепті де оның өлеңдері сырлы, сазды, көркем. "Сүйемін" атты өлеңін ақын қартайған анасына, күнделікті тұрмыстың жетегінде жүрген қарапайым жарына деген сезімін суреттеуден бастайды. Өлеңде өмірдің жүрекке жылы, көзге таныс суреті бар. Ана да, жар да әркімге қымбат екенін есіңе қайта салғандай. Одан кейін ақын:Мағжан айтады.Жүрген ескі заңымен,Алдындағы малыменБірге жусап, бірге өрген,Алаш деген елім бар.Неге екенін білмеймін,Сол елімді сүйемін.Сағым сайран кұрады,Бораны ұлып тұрады,Қыс — ақ кебін, жаз — сары.Орманы жоқ, шуы жоқ,Тауы да жоқ, суы жоқ,Мәңгі өлік сахарасы,Сарыарқа деген жерім бар.Неге екенін білмеймін,Сол Арқамды сүйемін! —деп, өзінің туған елі мен жеріне деген перзенттік сүйіспеншілігін жайып салады.Жүргізуші: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858—1931) — ақын, жазушы, аудармашы, композитор, тарихшы және философ. Кейбір деректерде оның есімін «Шаһкәрім» деп те көрсетеді.14. оқушы: Туған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.Жүргізуші:Шығармалары«Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты тұңғыш кітабы 1911 ж. жарық көрген. Шәкәрімді философ, тарихшы, ойшыл ретінде де танытатын «Үш анық», «Мұсылмандық шарты» атты туындылары, әлеуметтік ағартушылық арнадағы «Жолсыз жаза», «Қалқаман — Мамыр», «Ләйлі — Мәжнүн» т.б. жыр жинақтары мен поэмалары басылып шыққан. Оның сезімді жүрегінен «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек», «Жастық туралы», «Анадан алғаш туғанымда» сияқты жиырмаға тарта әсем әуезді әндер туған. Хафиз, Физули, А.С. Пушкин, Л.Н. Толстой т.б. шығармаларын қазақ тіліне аударған. Шәкәрімнің бір өлеңі:15: оқушы:Біреу сені мақтаса, қуанасың,Жамандаса, жабырқап суаласың.Мақтаған кім, сөккен кім — онда ісің жоқ,Бәрібір сен де елірме дуанасың.Дос мақтасса, не пайда онан саған,Дұшпан сөксе, не кемдік көрдің жаман?Шын сөзбенен мақтаса иә боқтаса,Мақтау — пайда, зиян ба жамандаған?16 оқушы:Бойда жоқпен мақтаса, яки сөксе,Қуанбақ, не кейімек өзіңе еп пе?Ғаділ жүрек, таза ақыл мақтайтұғын,Солар сөкпес іс қылар жолды көксе.Дос мақтайды сен жақсы көрмек үшін,Дұшпан мақтар елірте бермек үшін.Есептемей есірік елің мақтар,Көп нені айтса, соны айтып ермек үшін.Жүргізуші:Кез келіп арыстанның арбауына,Тап болып қу түлкінің алдауына,Бірі ойнап, бірі шыңдап итермелеп,Тықсырды жердің биік жарлауына....Кетуге су түбіне тұрмын таяу,Қолымның қай тал жақын қармауына?...Тұншығып, әлім бітті, есім шықтыБұрқылдақ жердің кез боп шаңдауына.От салып, біреуі әкеп, бірі үрлеп тұрКім менің су құймақшы жанбауыма, –Біз келдік биік таудың, панасына,Жаһанның сыймай сахара даласына.Құйын мен жел, дауылда аман–есен,Биік тау, бізді сақтап қаласын ба?Тынышты алып төбемізге тас құлатып,Әлде өзің тырнағыңды саласың ба?Елбасы биылғы халыққа арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «2011 жыл Тәуелсіздіктің 20 жылдығы» екендігін атап өте отырып, оны «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 20 жылы» деп жариялады. Барлығымыз үшін Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі туралы констиуциялық заңға қол қойылған күн ешқашан ұмытылмақ емес. Тәуелсіздігіміздің тал бесігінде тұрған, қазақстандық даму жолын айқындаған, тағдырлы шешімдер жасаған Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі ел тарихымен етене өріліп жатыр. Тарихи өлшем бойынша қысқа мерзім, небәрі жиырма жылдың өзінде жаңа мемлекет құрып, бүгінде күллі ғаламға танымал болды.Ән: «Қазақстан» зор жаса дарындар хор мүшелері:Осымен бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына арналған 5-сыныптар арасында ұйымдастырылып отырған «Алаштың бес арысы» атты тәрбиелік шарамызды аяқтаймыз!