?аза? хал?ыны? ерлік істері (8-сынып)


Атырау қаласы. №11Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі
Сыныбы:8б Қосымбаева Қатира Жауынқызы
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ерлік істері
Жалпы мақсат: Оқушылардың шынайы патриоттық сезімі,елі үшін мақтанышы,Отан қорғаушының бейнесі қалыптасады.Елінің,өлкесінің тарихымен таныса отырып,белсенді өмірлік ұстанымы қалыптасады,эмоциялық әлемі адамгершілік әсерлермен байып,моральдық дамуына және шығармашылық қабілетіне ықпал етеді.
Сілтеме : Интернет материалдары, «Қазақстан тарихы» энциоклапедиясы

Оқу нәтижесі: Сабақ оқушыларды оқуы үшін жауаптылыққа, қалыпты емес ойлау тәсілдері тақырыпты түсінуге ынталандырады.
Түйінді идеялар : «Оқушылар бір нәрсені қалай түсіндіретінін, бір нәрсені қалай бағалайтынын тыңдаңыз, араласпаңыз.Бұл сізге ауыр тиетіндігіне қарамастан, сіз үшін құнды және оқушыларыңыздың түсіну деңгейін анықтауға мүмкіндік береді» «Бүгінгі оқыту, практикалық нұсқау»(1998)
Сабақта қолданы
латын материал
дар : А4 парақтары, парақшалар,тақырыптық презентациялық жазбалар, үлестірме парақтар
Оқыту әдістері: 1.Топтық жұмыс
2.Жеке жұмыс
Тапсырмалар Оқыту барысындағы мұғалімнің әрекеті/жетелеуші сұрақтар Оқушы әрекеті
Психология
лық ахуал туғызу
2 минут Парақшадағы сөздерді құрастыра отырып, топқа бөліну ұсынылады. -Жағымды психологиялық ахуал қалыптастырады.
-Еркін сөйлеу дағдысы оянады

I тапсырма
«Ой шақыру»
5 минут Бірнеше сұрақтар ұсынылады.
- «Соғыс» деген сөзді қалай түсінеміз?
- Ұлы Отан соғысы қашан болды?
- Ұлы Отан соғысы қай елдің жеңісімен аяқталды?
-Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл неше жыл толды?
-Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық батырларды атаңдар? - Ұсынылған тапсырманы орындай отырып, тақырыпқа қатысты өзіндік қорытынды шығарады.
-Бұрынғы білімдерін қолданады.
II тапсырма
« Ойлан жұптас,пікірлес»

Оқушылар топтарға бөлінеді.Топтарға бөліне отырып, әр топта ұсынылған ақпараттармен танысады.Оларға қажетті мәліметтерді пайдаланып,таныстырылым көрсету тапсырылады. Жинаған мәліметтерін постер арқылы түсіндіреді.
I топ:
- Соғыстың басталуы;
-Соғыстың сипаты;
-Кеңес адамдарының патриоттық сезімі, Қазақстан халқының Отан қорғаушылар қатарына жаппай жазыла бастауы;
-Қазақстанда еңбек армиясының құрылуы;
-Қазақстанға әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар,кәсіпорындар,соғыс жылдары салынған құрылыстар;
II топ
-Соғыс жылдарында еңбек еткен,аты аңызға айналған жұмысшылар;
-Жаудың соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдыққа ие боуының бірнеше себептері;
-Б.Момышұлы басқарған полкінің ерлігі;
-Қазақстандықтардың Сталинград шайқасындағы ерлігі;
III топ
-Ұлы Отан соғысының аяқталуы;
-Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар;
-Атыраулық Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар;
-Атыраулық «Даңқ»орденінің толық иегерлері;

-Жаңа оқу материалымен танысады,түсінеді;
-Өздері үшін керекті мәліметтер жинайды;
-Таныстырылым үшін ұсынылған мысалдар мен ұғымдарды түсінеді,
ажыратады.
-Өзара тақырыптық талқылау арқылы тілдесім дағдылары жетіледі,бірін-бірі түзетеді;
-Топта жүргізілген өзара талқылау,талдау арқылы ЖАДА тиімділігін көреді.
-Ұсынылған мәліметтерді қолдана отырып,қайтадан тақырыптық түсінік құрастырады.
III тапсырма
«Айналмалы бекет»

Қалыптасты
рушы бағалау

Ауызша кері байланыс
Оқушыларға тақырып бойынша бірнеше сұрақтар ұсынылады. Сағаттың бағытымен айнала жүріп, топтарға бірін-бірі тексеру тапсырмасы жүктеледі.
Iтоп.-Соғыс жылдарында тылда еңбек еткен ерлігі аңызға айналған жұмысшыларды ата?
-Немістер соғыстың бастапқы кезінде үлкен басымдыққа ие болды. Оның бірнеше себебі бар еді. Себептерін ата?
-Бауыржан Момышұлы басқарған 1075 ұлан атқыштар полкі қандай ерлік көрсетті?
-Ленинград шайқасына қатысқан қазақстандықтарды атаңыз?
-Қазақстандықтардың Сталинградтағы ерлігі құрметіне не берілді?

II топ.-Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды?
-Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін Кеңес Одағының Батыры атағын алған Қазақстандықтардың саны қанша? - Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алғандар және Үш мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған қаһармандарды ата?
- Атыраулық Кеңес Одағының батырларын ата?
- Атыраулық " Даңқ" орденінің толық иегерлерін ата?
III топ.- Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден нешінші дивизия құрылды, оның командирі кім болды?
-Қазақстанда еңбек армиясы құрылып,оған қанша адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны қанша офицер даярлап шығарды. 1941 – 1945 жылдары әскери оқу орындарына қанша мыңнан астам қазақстандық жіберілді?
-Қазақстанға әкелінген өнеркәсіптер мен фабрикалар, кәсіпорындар қай қалаларға орналастырылды?
-Соғыс жылдары салынған құрылыстарды ата?
- 1944 – 1945 жылдары салынған жаңа өнеркәсіп обьектілерін ата?
-Өздеріңізге берілген тапсырманы орындай отырып,басқа топты да тексеріңіздер.
-Жұмыс қорытындысы үшін бір-бірлеріңізді жұлдызшамен бағалаңыздар.
-Тапсырманың қиын тұсы болды ма?
-Қандай қателік кетті?
-Бұлайша қателесудің себебі неде?Неге назар аудару керек? -Оқушылар толық қамтылады;
-Тапсырма барысында теориялық білімдерін қолданады;
-Тақырып бойынша түсініктерін байыта түседі;
-Оқуы үшін бағалану жауаптылығын сезінеді;
IVтапсырма
«Автор орындығы» «Мен сіздерге тағзым етемін!»Ойтолғау жазу ұсынылады. V тапсырма
«Шаршы»

Ауызша кері байланыс
Оқушыларға түрлі түсті стикерлер ұсынылады.Алынған білімді жинақтау,өзін-өзі әділ бағалау ескертіледі.
Сары:Қайталау керек
Қызыл:Түсінбедім
Жасыл:Бәрі түсінікті
Білімді қорытындылау үшін қойылатын сұрақтар:
- Ұлы Отан соғысы қашан аяқталды?
-Ұлы Отан соғысындағы ерліктері үшін « Кеңес Одағының Батыры» атағын алған Қазақстандықтардың саны қанша? - Екі мәрте «Кеңес Одағының Батыры» атағын алғандар және Үш мәрте «Кеңес Одағының Батыры» атағын алған қаһармандарды ата?
- Атыраулық «Кеңес Одағының батырларын» ата?
- Атыраулық " Даңқ" орденінің толық иегерлерін ата? -Өзіндік білімдерін бағалай алады;
-Теориялық білімдерін жинақтай алады;
Рефлексия
Стикерлер ұсынылады
«Сабақтан қандай әсер алдыңыз?» Сабақтан алған әсерлері мен пікірлерін жазады.
Бағалау
Үйге тапсырма: «Ерлік-елге мұра,ұрпаққа өнеге»тақырыбында шығарма жазу