Бесік т?рбиесі туралы даналы? ойларды ?рпа? санасына сі?іру
Түрі: Танымдық сабақ
Тақырыбы: «Бесік тәрбиесі туралы білгенімізді бөлісейік»
Мақсаты: оқушылардың ұлттық санасын ояту. Ұлттық мәдениет пен дүниетанымын жетілдіру.Бесік тәрбиесі жайлы түсініктерін тереңдету.
І тапсырма: Бесік туралы даналық ойларды еске түсір
«Бесіктегі бала бес түлейді»;
«Есік көргенді алма, бесік көргенді ал»; т.б
ІІ тапсырма: Бесікке байланысты ырым, наным- сенімдер
Құр бесікті тербетпейді;
Бесіктің бетін ашық қалдырмайды;
Бесікті кез-келген жерге қоймайды;
Бесікті екі адам көтермейді;
Бесікті сұрағанға бермейді;
Бесікке саларда жеті кейім жабылады;
Бесіктің белдеуінде «шошыма» ырымымен қасқырдың тұяғы немесе үкі ілінеді;
Бесікті төңкеріп ұстамайды;
Бесік құралын аяқ асты жерге тастамайды;
ІІІ тапсырма: Бесік жөргектерін атау ( бесік көрпе, көрпешік, қол бау, көпшік, түбек, шүмек, жаялық)
ІV тапсырма: Берілген сөздердің мәнін ашу
«Бел құда, «Бесік құда», «Бесік көрген» »(бала ана құрсағында жатқан кезден бастап «егер сіздердің отбасыларыңа қыз бала дүниеге келсе, біздің жақта ұл дүние есігін ашса бір-бірімімен уағыдаласып, құда болуға ата-аналар мен үлкендердің сөз байласуы)т.б.
V тапсырма: Бесік жырын мәнерлеп айту
«Бесік жыры» өлеңдер жинағы жалын баспасы, 1989 ж.