Шешендік ?нер та?дау п?ніні? ба?дарламасы /3-4 сынып/
«Шешендік өнер» таңдау пәні
Түсінік хат
Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор.Қазақ халқы
шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан,бастауыш сынып
оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу,тілдерін дамыта түсу ,олардың үлгі-
өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат.
Бұл бағдарлама бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай
құрылған.
3-4 сынып оқушылары ана тілі пәніне негіздей отырып,көрген – білгенді
көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.
Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп,жаңа ұғымдармен танысады.Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып,берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастара білуді үйренеді.
Бұл жинақ ана – тілі пәніне де көмекші құрал ретінде пайдаланылады.
Бағдарламаның көздеген мақсатының бірі – тілдің рухы.Тілдің рухы деген өте бір құдіретті ұғым.Ол біздің салт-санамыз,дәстүріміз,ұлттық психологиямыз,дүниетанымымыз.
3-4 қазақ сыныптарына арналған,барлығы 34 сағаттан,аптасына 1 сағат.
Оқытудағы мақсаты:
Бастауыш сыныптардағы шешендік өнер сабақтарының түбегейлі мақсаты,
оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып,әдеби мұраларға деген
талғамын тәрбиелеу,рухани дүниесін кеңейту,ақыл-ойыы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету,кітап оқуға деген қызығушылықтарын қалыптастыру.
Осы мақсатты орындауға келгенде оқу бағдарламасының алдына мынандай
міндеттер жүктеледі.
Міндеттері:
- оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;
- көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;
- шығарманың түпкі мазмұн – мәнін түсінуін ,эмоциялық қабылдауын (кейіпкерлердің көңіл күйіне ортақтасу,күйіну,сүйсіну т.б.)қамтамасыз ету;
- шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау.
- ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу,сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;
- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
-көркем мәтіндерді мәнерлеп,сазына келтіріп оқуға баулу;
- жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге тәрбиелеу;
Бағдаламанының мақсаты осы міндеттерді орындауға бағытталады.
Күтілетін нәтиже
- сөздік қорын толықтырады
- оқу материалдары бойынша курста ( диалог,рөльмен инсцинировка жасау,әңгіме,пікіралмасу т.б.) дағдыларын меңгереді.
- сөздерді мақсатқа негізгі ойға,мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады.
-шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға ,ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады.
-халықтың қанатты сөздерінің мәнін ,мағынасын түсініп,одан тәрбие алады.
«Шешендік өнер» бағдарламасы 3 - сынып 34- сынып.
№ Тақырыбы Сағат
саны
1 Кіріспе 1
2 Қазақ тілі-бай тіл 1
3 Үш бидің төрелігі 1
4 Алтау ала болса ауыздағы кетеді...... 1
5 Сиқырлы сөзер әлеміне саяхат 1
6 Адам болам десеңіз.... 2
7 Ырым- тыйым сөздер 1
8 Жиренше шешен. 2
9 Туған жер туралы өлең шығару 2
10 Мақал- сөздің мәйегі 1
11 Тіл-туралы мақал – мәтелдер 1
12 Туған жер,достық,Отан туралы мақал – мәтелдер. 1
13 Жұмбақтар шешейік! 1
14 Өтірік өлеңдер оқу 1
15 Атақты билер мен шешендердің сөздері 2
16 Алдар Көсе туралы әңгімелер 1
17 Қазақтың батырлары туралы жырлар 1
18 Ертегілер еліне саяхат 1
19 Шетел ертегілері 1
20 Қиял-ғажайып ертегілер 2
21 Ұлттық ойын түрлері 2
22 Обал,сауап,ысырап,үнем туралы түсінік. 2
23 Ел белгілері,ел ұраны, көк байрақ – Туымыз. 2
24 Тірек сөздер арқылы өлең,әңгіме құрастыру. 1
25 Тест жұмыстары 1
26 Қорытынды 1
«Шешендік өнер» бағдарламасы 4- сынып 34- сағат.
№ Тақырыбы Сағат
саны
1 Қазақ мемлекеті (хандығы) 1
2 Егеменді қазақ елі. 1
3 Қазақ халқының ақын-жыраулары мен күйшілері 2
4 Шешендік арнау. 1
5 Шешендік толғау. 1
6 Шешендік дау. 1
7 Шешендік сөздер 2
8 Жиренше шешен,Асан қайғы (ХІҮ-ХҮ ғғ.) 2
9 Сырым Датұлы. 1
10 Махамбет,Исатай шешендіктері. 1
11 Шалкиіз,Бұқар (ХҮ-ХҮІІІғғ.) 1
12 Майқы би,Аяз би. 1
13 Шортанбай,Дулат шешендер 1
14 Мақалдар ұйқасы. 1
15 Тірек сөздер арқылы өлең құрастыру. 2
16 Жұмбақ,жаңылтпаштар айтайық. 1
17 Қазақша той – думандар 2
18 Ертегілер елінде 2
19 Абайдың қара сөздері. 2
20 Наурыз тойы. 1
21 Инабаттылық дәстүрлері. 1
22 Аңшылық туралы әңгіме 1
23 Әңгімелер өз мүмкіндігіңше жалғастыр 1
24 Ұлттық ойындар. 2
25 Тест жұмыстар 1
26 Қорытынды. 1
Пайдаланған әдебиеттер:
1. «Алаштың ардағы»Е.Тілешов.Г.Әріпбекова. «Зерде»2008ж.Астана.
2. «Жыл он екі» журналы №4 2010ж,№1 2009ж.
3. «777 жұмбақ»Әли Ысқабай. «Ана тілі»2004ж. Алматы.
4. «Ұлттық дүниетаным» Аюбай Құралұлы «Өнер»2002ж. Алматы.
5. «Қазақтың мақал-мәтелдері» Аян Нысаналин. «Қазақпарат»2004ж.Алматы.
6. «Жаттамақ» Ермек Өтетілеуов. «Балауса»1994ж. Алматы.
7. «Балдырған» журналы №7 2008,№82008,№12 2008ж.
-1026795-550545
Алматы облысы
Алакөл ауданы
«Қоңыр орта мектебі
мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» КММ
Авторлық бағдарлама
«Шешендік өнер»
/таңдау пәні/
бастауыш сынып мұғалімі: Турлыбекова Г.Қ.