презентация по казахскому языкуБалуан Шола?
Тақырыбы: Балуан Шолақтың 150 жылдық мерейтойына арналған презентация Мақсаты:Оқушыларға Балуан Шолақ жайлы толық мағлұмат беру;Оқушылардың қызығушылықтарын сабаққа арттыру,Оқушылардың сөздік қорларын дамыту. Балуан Шолақ атақты күрескер БАЛУАН ШОЛАҚ 856 КГ ӨГІЗДІ КӨТЕРІП ТҰР! Балуан Шолақ (шын аты — Нұрмағамбет) Көкшетау облысы, Еңбекші ауданында 1864 жылы дүниеге келген. Баймырзаұлы Балуан Шолақ қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты — Нұрмағанбет. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен. Әкесі Баймырза ағаш шебері болған. Әкесіне қарағанда, шешесі Қалампыр қарулы кісі болған дейді. «Алып — анадан» деген ғой, Балуан Шолақ та осы анасына тартып, теңдессіз алып күштің иесі болған. 14 жасынан бастап күреске түсіп, ат құғында ойнаған спортшы болған, шауып келе жатқан ат үстінде әр түрлі күрделі жаттығуларды шебер орындаған. Мысалы: жүйткіп келе жатқан ат үстінде түрегеліп, не басымен тұруы, аттың бауырынан өтуі, бір аяғын үзеңгіге қыстырып, шалқалап жатып шабуы бойындағы жойқын күшті, ептілікті шебер игере алатындығын, қазақтың далалық цирк өнерінің іргетасын Балуан Шолақтың шежіресі Ұлы жүз Үйсін Дулат Шымыр Сәмбет Сәмбет Сейтімбет Есентай Қазанғап Жарықшақ Баймырза Нұрмағамбет Исажар Құдайберген Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,Оң қабағым тартады күлімдесең.Менің көңілім Ғалия дауалансын,Ауған түйе секілді бейімдесең.Ойпырм-ай, жан сәулем,Ғалия, көзіңнен.Қосылып ем өзіңмен.Бір көрінсең көзіме,Айырылмас ем өзіңнен. Балуан Шолақтың ғашығы Ғалия Ғалия қара сұрлау келген, ат жақты,ұзын бойлы,бетінде аздаған шешек дағы бар, өткір, сөзге шешен, оң қолынан өнер тамған шебер екен. Әсіресе тамағында шешек дағы көп қалғандықтан орамалымен алқымын қымтап байлайтын әдеті болғаны туралы да ел ішінде әңгіме бар. Бұны осы басылым бетіндегі суреттен де байқауға болады. Ғалияда базарда қымыз сатады. Ғалия Балуанға өз қолымен қымыз ұсынып отырған кезде,дүниенің дүр сілкінген кезі де осы болар, дала серісінің жүрегіне Ғалияның ару бейнесі қашалады. Осылай «Ғалия» әні туады. Ғалия туберкулез ауыруына шалдығып 1922 жылы 35 жасында қайтыс болады. Байырғы астаналық ақсақалдардың әңгімесіне қарағанда Ғалия осы күнгі «Жастар» шағын ауданы аумағындағы ескі зиратқа жерленген.Балуан Ғалиядан үш жыл бұрын 1919 жылы дүниеден өткен. Бұл оқиға Аллаһтың қалауымен, тағдырдың жазуымен осылай аяқталыпты. Артында мұра болып «Ғалия» әні қалды. “Ғалия әні” ұсыныладыОрындайтын: Роза Әлқожа Балуан Шолақтың әндері «Ащылы-айырық», «Балуан Шолақ», «Желдірме», «Дікілдек», «Көкшетау», «Қосалқа», «Қос барабан», «Қос перне», «Құлан кісінес», «Кенже қоңыр», сияқты әндері бар. Оның халық арасына кеңінен тараған әндері – «Ғалия» мен «Сентябрь». «Ғалия» нәзік сезім дүниесін, мөлдір махаббатты шеберлікпен сыршыл әуенде жырлаған ғашықтық лирикасы болса, Балуан Шолақтың әндерін шебер орындаушылар Ж.Елебеков, М.Көшкімбаев, М.Тырбаев, Ж.Кәрменов, Қ.Байбосынов, т.б. болды. Балуан Шолақтың өлеңдерін орындайтын әншілер Жусипбек Елебеков Кайрат Байбосынов Жанибек Карменов Иран Ильяшев Бисара Макенова Кенжебай Мукышев Балуан Шолақтың баласы Құдайберген, келіні Ғазиза НемересіШайдолла Құдайбергенұлы Шолақов Келіні Ғазиза Маткенқызы Немересі Айбат Кұдайбергенқызы Ескерткіш – елдіктің белгісі!Көкке көз тіккен алып тұлға! Шу ауданы Төле би ауылында Балуан Шолақтың ескерткіші Ескерткіш бетоннан құйылған. Сырты сырланған. Тұғыры қызыл гранитпен қапталған. Жан жағында ағаштар отырғызылды. Ескерткіштің ашылу салтанатында сөз алған Ақмола облысынан келген палуанның немересі, қала әкімі Шайдолла Құдайбергенұлы Шолақов ел-жұртқа ризашылығын білдірді. Акмола облысында Балуан Шолаққа арналған ескерткіш орнатылған Алматы қаласында Балуан Шолақ атындағы спорт кешені Сәбит Мұқанов Балуан Шолаққа арнап «Балуан Шолақ» атты кітап жазып шығарған Щучинскте каратэ-додан халық батыры, ақын Балуан Шолақтың 150-жылдық мерейтойына байланысты Қазақстан чемпионаты өтті, деп «Акмолинская правда» басылымы жазды. Чемпионат еліміздің түкпір-түкпірінен 200 спортшының басын қосты. Салтанатты ашылу рәсімінде ҚР ұлттық кратэ-до федерациясы атынан Ақмола облысы каратэ-до федерациясының президенті Нағашыбай Атшабаровқа ІІ дәрежелі құрмет төсбелгісі тағылды. Шығыс жекпе-жегінің шеберлері екі күн бойы үздіктерін анықтады. Жалпы командалық есепте 14 алтын медальмен ақмолалық палуандар жеңіс тұғырының биік сатысынан көрінді. Күміс орыннан Жамбыл облысының өкілдері, қола орыннан оңтүстік астананың жас қонақтары көрінді. ҰРПАҚҚА ӨНЕГЕ БОЛАР ІС! Жаңалықтардан үзінді Мәжіліс депутат Қожахан Жабағиев Балуан Шолақтың туғанына 150 жыл толуына орай оған қатысты деректерді толықтырып, мәдени шараны қолға алуды сұрады.Мәжіліс депутаты Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайының алдына балуанның ескерткішін орнатып, ол туралы көркем және деректі фильм түсіруді қолға алу керектігін алға тартты. Назарларыңызға рахмет!