С. М??анов Балуан Шола? презентациясы


Сабақтың түрі: топтық, жұптық, жеке.Сабақтың типі:Жаңа білімді игерту сабағы.Сабақтың әдісі: Ой қозғау, қызығушылықты ояту, сұрақ-жа-уап, топтастыру стратегиясы.Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, С. Мұқановтың таңдамалы шығармалар жинағы, Қазақстан ғылымы энциклапедиясы, слайд интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар. Сабақтың мақсаты:Жазушының өмірі туралы деректер бере отырып, «Балуан Шолақ» әңгімесінің мазмұнын меңгерту, кейіпкер бейнесін ашу.Жас ұрпақты қазақ әдебиетінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру. Олардың халық қалаулыларына деген сүйіспеншілігін, құрметін арттыру.Қазақ әдебиетін терең меңгеруге құштарлықтарын ояту, ұлт тұлғаларын мақтан тұтуға тәрбиелеу. Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі.II.Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.ІІІ. Жаңа білімді игерту кезеңі.IV. Бекіту кезеңі.V. Қорытынды кезеңі. VІ. Бағалау кезеңі.VІІ. Үй тапсырмасын беру кезеңі. СӘБИТ МҰҚАНҰЛЫ МҰҚАНОВ(13 сәуір (26 сәуір) 1900, Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі - 18 сәуір 1973, Алматы Қазақтың әйгілі жазушысы, ақыны, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, 1936-1937 және 1943-1952 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағының төрағасы.Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауд-ғы Жаманшұбар (бұрынғы Ақмола губерниясы, Қызылжар уезі,Таузар болысына қарасты екінші ауыл) деген жерде кедей отбасында 13 сәуір (26 сәуір) 1900 жылы туған.Сәбит жеті жасқа келгенде әкесі – Мұқан, сегізге толғанда шешесі қайтыс болады да, Мұстафа деген ағасының қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек етеді. Жоқшылық зардабынан Сәбит әркімнің есігінде жүріп, отыншы, сушы, қойшы, жылқышы болып күн кешіреді. Тапқаны тамағына жетпей, мұқтаждық қолын байлаған ол – жасында оқи алмайды. Бірақ, оқысам, білсем деген арманы ойынан бір кеткен емес. Өз бетінше ұмтылып, ауыл молдалары-нан хат таниды, 15 жасында қисса, дастандар оқи алатын халге жетеді. 1918 жылдың күзінде Омбы қала-ғы мұғалімдер курсына түсіп, онда бір жыл оқиды. Осы жылдары «Көңілім» (1917), «Зарығу» (1918), «Жоқшылыққа» (1918) өлеңдерін жазды. Сәбит курсты бітіргеннен кейін ауылда мұғалім болады, жергілікті «Совдеп» жұмысына белсене араласады. Совет үкіметіне жан таласа қарсы тұрған бай-кулактардың бандиттік топтарынталқандауға төтенше құрылған әскери бөлім қатарына кіреді. Ол сонымен қатар қазақ ауыз әдебиетін зерттеді, фольклор және көне жазба мұраларды жинап бастырды. Қазақтың батырлық және ғашықтық жырларының жанрлық ерекшеліктері мен композициялық‚ сюжеттік ұқсастықтарын салыстыра отырып‚ олардың халық шығармашылығындағы орнын анықтады. СӘБИТ атамыздың шығармалары әлемнің 46 тіліне аударылды. 100 жылдық мерейтойы қарсаңында қаламгердің есімі Алматы қаласы көшесіне, туған ауылына, ондағы мектепке, облыстық кітапханаға, облыстық драма театрына берілді. Алматы қала-ғы Сәбит Мұқанұлы атындағы көшеде ескерткіш мүсіні орнатылған (2000). С.Мұқановтың әдеби мұрасын сақтап, насихаттауға арналған тарихи-мәдени мекеме. Алматы каласында, Төлебаев көш. 125/3, С.Мұқановтың өзі 1965-1973 жылы тұрған үйінде 1978 жылы 21 қарашада Мұқановтың әдеби-мемориалдық мұражай үйі ашылған. СӘБИТ МҰҚАНҰЛЫ артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, 20-ға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, 10 астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушы-ның шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәден-ң тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды. ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН СҰРАУ: С.Мұқановтың өмірбаяны С. МҰҚАНОВ МӘТІНМЕН ЖҰМЫС ЖАҢА БІЛІМДІ МЕҢГЕРТУ:С. МҰҚАНОВТЫҢ «БАЛУАН ШОЛАҚ»ӘҢГІМЕСІ. Балуан Шолақ Баймырзаұлы – қазақтың атақты халық әнші-композиторы, айтыскер-ақын, ат үсті ойынының түрлі тәсілдерін меңгерген ерекше өнерпаз, күш өнерін көрсеткен спортшы, жауырыны жерге тимеген балуан. Балуан Шолақтың шын аты – Нұрмағамбет Баймырзаұлы. Жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты халық «Балуан Шолақ» деп атап кеткен. 1864 жылы Мойынқұмның Хан тауының маңында дүниеге келіп, 1919 жылы қайтыс болған. Ақмола облысындағы Тасты өзенінің бойында жерленген.Шежіреші қарттардың айтуынша және Қазақ энциклопедиясында келтірілген мәліметтер бойынша, Балуан Шолақтың жас кезінде әкесі Көкшетауға көшіп келген. Осында өсіп, өнер қуып, Арқаның ардагер серісі атанған оның әндері, өлеңдері көптеген жинақтарға енген, жеке кітап болып та басылып шыққан. Оның ішіндегі ең сүбелісі – Сәбит Мұқановтың «Балуан Шолақ» повесі.Он төрт жасында күреске түскен Балуан Шолақ салдық құрып, төңірегіне өнерлі жастарды жинаған. Көкшетау қаласында өткен бір үлкен жиында 51 пұт (830 кг тарта) кірдің тасын көтеріп, дүйім жұртты таң қалдырған.   1899 жылы 35 жасында орыс палуаны Иван Кореньмен күресіп, оның қабырғасын сындырған. Балуан Шолақтың ағайындары Шу өңірінде, ал ұрпақтары Көкшетауда тұрады. Еліміздегі көптеген қалалардағы спорт сарайлары Балуан Шолақ атымен аталады. ҮЛЕСТІРМЕ МАТЕРИАЛМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ: Үлестірме материал таратылып, әрбір оқушы оқыған үзіндіні қысқаша баяндау қажет. БІР, ЕКІ, ҮШ – ҚАРЛЫҒАШ БОЛЫП ҰШ,ТӨРТ, БЕС, АЛТЫ – СУ БЕТІНДЕ ҚАЛҚЫ.ЖЕТІ, СЕГІЗ, ТОҒЫЗ, ОН – ҚАЙТА ОРНЫНА ҚОН! ДӘПТЕРДЕ ЖҰМЫС Бұрынғы кездегі батыр мен бүгінгі күнгі батырларды Венн диаграмасы арқылы салыстыр. Айырмашылығы ұқсастығы айырмашылығы БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ Тапсырма реті Тапсырма мазмұны Бағалау шегі 1-тапсырма Үй тапсырмасын орындауы. 2-тапсырма Мәтінмен жұмыс. 3-тапсырма Дәптерде жұмыс. Бағалау критерийі: «5» деген баға: 1-3 тапсырма толық қамтылса «4» деген баға: 1-2 тапсырма толық қамтылса «3» деген баға : 1 тапсырма толық қамтылса ҮЙГЕ ТАПСЫРМА БЕРУ КЕЗЕҢІ СӘБИТ МҰҚАНОВТЫҢ «БАЛУАН ШОЛАҚ» ПОВЕСІНЕН ҮЗІНДІНІ ТҮСІНІП ОҚУ, МАЗМҰНДАУ. Қорытынды: Алған әсеріңіз қандай ? ӨТЕ ЖАҚСЫ ЖАҚСЫ БІРҚАЛЫПТЫ ОНША ЕМЕС! ЖАМАН! САБАҚҚА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСҚАНДАРЫҢА РАХМЕТ !