Бейнелеу ?неріні? жанрлары. «Жаз» атты та?ырып?а сурет салу


2015-2016 оқу жылы
Күнделікті сабақ жоспары
Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 3
№1
Бөлімі: Өнер туындыларын қабыдау
Тақырыбы: «Музейге саяхат». Бейнелеу өнерінің түрлері. «Әсем таулар»
Сабақтың мақсаты:а) білімділік: әлемдік және қазақстандық суретшілердің еңбектерін қабылдай және бағалай білу;
б) дамытушылық: Оқушылардың бейнелеу өнері туралы танымын дамыту.
в) тәрбиелік: әлемдік және өз халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілік мен құрметке тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Көрнекілік: Слайд, суреттер
Пәнаралық байланыс: музыка,әдебиет
Әдіс-тәсіл: Баяндау, сұрақ - жауап, сурет салу.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру Амандасуа) Оқушылардың сабаққа қатысын белгілеу.ә) Күннің жадын белгілеу.б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Техникалық қауіпсіздік ережесімен таныстыру:
а) Қайшымен және желіммен жұмыс кезіндегі ТҚЕсақтау.
б) Бояулармен жұмыс кезіндегі ТҚЕ сақтау.
ІІІ Жаңа сабақ
Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме балалар. Бүгінгі сабақта біз бейнелеу өнерінің түрлерімен ойша музеге саяхат жасаймыз. Алдымен біз «бейнелеу өнері» дегенде нені түсінеміз?
Бейнелеу өнері дегеніміз – суретшінің өзін қоршаған әлемді өзінің қалай қабылдауына қарай бейнелеуін айта аламыз.
Бейнелеу өнері қай уақыттан бері бар?
Бейнелеу өнері баяғы замандардан бастау алып, қазірге дейін өмір сүріп келеді.Өйткені әсемдікті қолдан жасау, сұлулық пен қоршаған әлемдегі үндестікке тамсану қасиеттері табиғаттың адамға таратқан сыйы.Сол себепті де, өнер ешқашен да ескірмейді: біз осыдан жүздеген, мыңдаған жылдар бұрын пайда болған шығармалардың әсемдігі мен әсерлігі қазірге дейін таңдай қағап, тамсанамыз.
Әдемі және дұрыс сурет салу үшін қарапайым жаттығулар ғана жеткіліксіз болады.Бейнелеу өнері туралы жалпы түсінікте өзге суретшілердің шығармаларын да біліп, түсіну керек. Ал оларды қайдан көруге болады? Әрине, музейден!
Бейнелеу өнері музейі – ол кескіндемелік,графикалық, мүсіндік және сәндік қолданбалы өнер шығармаларын жинақтап, зерттеп, сақтап, көпшіліктің көруіне ұсынатын мекеме.
Мұражайлар: Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы,Павладар облыстық көркемсурет мұражайы,Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы

Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайы
Павладар облыстық көркемсурет мұражайы
Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайы
Сурет салуға баулу бейнелеу өнерінің негізі болса, кескіндеме бояу түстерін қабылдаудың заңдылықтарын үйретеді. Түстану ерекшелігі түстердің өзгеруіндегі жарық пен реңдердің әсерін зерделі зерттей білуге баулиды. Затқа қарап сурет салу оқушылардың байқағыштық әдістерін қалыптастырады. Үйлесімділік шешім табуға баулу, олардың бейнелік ойлау қабілеті мен талғампаздық қаблетін жетілдіреді. Жүйелі түрде бейнелеу өнерін оқыту оқушылардың сапалы да сауатты білім алуына жағдай туғызады.
Бейнелеу өнері сабағында оқушының меңгеретін ерекшеліктері сан алуан. Олар: ойлау, қабылдау, есте сақтау, көркемдік, талғампаздық, эстетикалық, шығармашылық т.б.
Бейнелеу өнерінің түрлерімен таныстыру.
Кескіндеме.
Кескіндеме –бейнелеу өнерінің негізгі түрлерінің бірі.Кескіндеме туындылары бояудың майлы, акварель, гуашь, көмегімен түсіріледі. Ол –қандай да бір қатты немесе иілгіш жазықтықта, мәселен, ағаш тақтай, жақтауға керілген кенеп, тіпті ғимараттың өңделген қабырға беттеріне бояумен салынатын шығарма.

Гулфайруз Ысмайылова. «Қазақ вальсі» Айша Ғалымбаева. “Дастархан” Орал Таңсықбаев «Таулар»
Графика гректің «грапо» деген сөзінен шыққан, қазақша «жазамын», «сызамын», «суретін саламын» деген мағынаны білдіреді. Қарандашпен, тушьпен, фломастермен, бормен сызық, үзік сызық, және дақты қолдана отырып салынған сурет. Кітаптағы иллюстрациялар, газеттегі суреттемелер мен карикатуралар, көшедегі түрлі плакаттар-осының барлығы графика суретшілерінің туындылары. Исатай Исабаев,Евгени Сидоркин,

Сәндік қолданбалы өнер – адамның тұрмысына қажетті әсем бұйымдар мен заттарды (ыдыс-аяқ, жиһаз,мата, еңбек құралы, киім, әшекей, ойыншық)жасау өнері.

сырмақ әшекей бұйымдар киім ағаш ыдыстары
Мүсін өнері.
Мүсін- бейнелеу өнерінің бір түрі. Тас, метел, ағаш, сазбалшық, ермексаз сияқты қатты немесе пластикалық марериалдардан жасалады. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін мүсінді жұмыр, ал жазық бетіндегі жартылай шығынқы мүсінді бедерлі деп атайды. Мүсінді қашау ,тырнау, ойып жасайды. Мүсін –ең ежелгі өнердің бірі. Біз бұдан мыңдаған жылдар бұрын Мысыр, Үнді, Грек, шеберлерінің қолынан шыққан тамаша туындыларын білеміз.


В.Ватагин. «Тұтқындар» В.Ватагин. «Пілдер тобы»
Дизайн өнері - көркемсурет және сәулет өнерінің өнеркәсіп бұйымдарының ең үздік үлгілерін жасау және заттық ортаны үйлестіру шараларын қамтитын бағытының атауы. Дизайн қызметінің ерекшелігі – әсем әрі көркем жасалған тұтыну заттары мен бұйымдардың қоршаған ортаға лайық үйлесімін жүзеге асырып, ұдайы олардың жаңа үлгілерін ойлап табу.Дизайн – әртүрлі бұйымдарды сырт көрінісін тартымды, қолдануғы ыңғайлы,әдемі жасау және жобалап құрастыру өнері. Дизайн түрлері: интерьер, киім дизайнері, жарнама дизайнері,жиһаз дизайнері, өндірістік болып бөлінеді.




Сәулет өнері.
Бейнелеу өнерінің түрі- сәулет өнері архитектура деп аталады.
Архитектура-латын сөзі, «құрылысшы» деген мағына береді.
Сәулет өнері-құрылыс өнері, яғни ол құрылысты жобалау, салу және оған көркемдік бейне беру өнері.
Құрылыстың айрықша маңыздылары – тұрғын үйлер, өнеркәсіп орындары, қоғамдық ғимараттар, алаңдар көпірлер, т.б. Онда бұлжымайтын үш түрлі қасиет болуы керек. Олар: беріктік, қолайлылық және әдемілік.
Адам баласы баспана, түрлі ғимараттар, қала салу ісімен өте ертеден бері айналысып келеді. Сондықтан сәулет өнері де ежелден келе жатқан өнер.
Мысалы, Астана қаласы Қ.Р. Президентінің резиденциясы, «Астана-Бәйтерек» монументі т.б.

Сергіту сәті. «Мейірім» тренингі оқушылардың есіміне байланысты мейірлі сөздер айтылады.Мысалы: Әйгерім – әдемі, Мирас –мейрімді, Санат - сабырлы
ІҮ. Сарамандық жұмыс. «Әсем таулар» атты тақырыпқа сурет салу
а)Сабақ құралдары туралы қысқаша мағлұмат.
б) Түстермен жұмыс
Пейзаждың салу кезеңдері:
Қағазбетінде орналастыру, композиция
Көкжиек сызығын табу
Табиғаттың бөліктерін жіңішке сызықпен белгілеу
Пішімін нақтылау
Ашық түспен жалпылама бояу
Жарық, көлеңкені айқындау
Суретті аяқтау, оқушылармен бірге талқылау


Ү. Сабақты бекіту;
1.Бейнелеу өнері дегеніміз не?
2. Бейнелеу өнерінің түрлерін ата?
3. Мұражай дегеміз не?
4.Пейзаж жанры дегеніміз не?
5. Пейзаж жанрында не бейнеленеді?
ҮІ. Үйге тапсырма; Әсем таулар тақырыбына суретті аяқтау, 1-11бетке дейін оқу, келесі сабаққа акварель бояуын әкелу.
ҮІІ. Бағалау; Сабақ соңында оқушылардың жұмысын бағалау,ауызша мадақтау
Пән мұғалімі: Байсенгирова Ж.Б

2015-2016 оқу жылы
Күнделікті сабақ жоспары
Пәні: Бейнелеу өнері Сынып: 4
№1
Бөлім: Өнер туындыларын қабылдау
Тақырыбы: Бейнелеу өнерінің жанрлары. «Жаз» атты тақырыпқа сурет салу
Мақсаты: А) білімділік: оқушыларлы өнердің адам өнеріндегі мән-маңызымен және оның жанрларымен танысу
Б) дамытушылық:бейнелеу өнері жанрлары туралы білімдерін дамыту.
В) тәрбиелік:өз халқының мәдениеті мен әлемдік мәдениетті сүюге және құреметтеуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Пәнаралық байланыс:дүниетану,әдебиеттік оқу
Көрнекілік: проектордан көрнелік көрсету, демонстациялық материал
Әдіс-тәсіл: түсіндіру, сарамандық жұмыс
І. Ұйымдастыру.Амандасу, оқушыларды түгендеу.Сабаққа даярлығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Техникалық қауіпсіздік ережесі:
ІІІ. Жаңа сабақ
Бейнелеу өнерінің бұлай сипатталуы оның жанрларға бөлінуі деп аталады. «Жанр»- француз сөзі, «түр» немесе «тек» деген мағына білдіреді.Жанр- белгілі тақырыптармен сипатталатын көркем шығарманың түрі. Бейнелеу өнері мынадай жанрларға бөлінеді: натюрморт, пейзаж, портрет, тақырыптық картина, анималистік жанр, сюдеттік жанр, тұрмыстық, соғыс, ертегі-аңыздық, тарихи.
Натюрморт жанры
Натюрморт сөзін француз тілінен аударатын болсақ, «өлі табиғат» дегенді білдіреді.Гүл, жемістер,көкөністер, ыдыстар, мата, үй тұрмысына қажетті бұйымдарды бейнелеуді натюрморт деп атайды.

К.Моне. «Күнбағыс натюрморты» А.Ғалымбаева. «Натюрморт А.де Переда . «Натюрморт»
Тұрмыстық жанры
Тұрмыстық жанр – адамдардың күнделікті тұрмысында, өмірінде болатын әр түрлі сәттерді бейнелейді. Тұрмыстық жанр арқылы түрлі халықтардың салт-дәстүрін де білуге болады. Тұрмыстық жанр ерте кезде итальян, француз, голландия бейнелеу өнерінде өте жақсы дамыған

Ф. Снейберс. «Аққулы натюрморт»
Пейзаж жанры
Пейзаж(французша –жер) – табиғатты бейнелеу. Пейзаж – қандай да бір көріністің (орман, егістік, таулар, теңіз, ауыл, қала,сәулет) қағаз бетіне түсірілуі.
Ерекше түріне теңіз пейзажы жатады, оны марина деп атайды.

И.Грабарь. «Ақпан көгілжіні» И.Айвазовский. «Теңіздегі түнгі дауыл» О.Таңсықбаев. «Көктем»
Портрет жанры
Портрет – адамның мінез-құлқын, кейде көңіл күйін бере отырып, айнытпай бейнелеу. Портреттер салтанаттық және қамерлік, тарихи және аллегориялық болады. Портретте бір адам бейнеленеді, егер бірнеше адам болса, оны топтық портрет деп атайды. Егер суретші өзін бейнелесе, оны автопортрет деп атайды

А.Мартова. «Еңбек А.Черкасский. «Дина Нұрпейісова О.Ренуар
сіңірген әртіс мен Жамбыл Жабаева» «Қамшы ұстаған қыз»
Х.Бөкееваның портреті
Тақырыптық (жанрлық) картина
Тақырыптық (жанрлық) картина – адамдардың күнделікті тіршіліктегі сәттері мен оның айналасындағы шынайы өмірді көркем бейнелеу. Мұндай бейнелер шынайы, қиялда алынып немесе әсірелей берілуі мүмкін. Мысалы: мерекелер, тұрмыста, көшеде болатын жағдайлар және басқаларды жатқызуға болады.

А.Бортников. «Жайлаудағы Хлудов» Д.Алиев. «Отбасы» М.Лизогуб. «Ертегі»

Лизогуб Мария Сергеевна – 04.09.1909 - 1998 КСРО суретшілер одағының мүшесі, өнер қайраткері.Оның туындылары қазақ халқының тұрмыс тіршілігі мен әйел адамның өмірдегі ролін,қызметін бейнеледі.Шығармалары: («Юность», «Рассвет», «Вечность», «Сказка»)
Анималистік жанры
Анималистік жанр – бейнелеу өнерінің бұл жанрының басты нысаны жануарлар болып табылады. Ол латынның «анимал» - «аң» деген сөзінен шыққан. Анималистік жанрды мүсінде және бейнелеуде орындауға болады


В.Ватагин. «Жүріп келе В.Ватагин. Р. Киплингтің
жатқан аю» «Мауглиіне» иллюстрация
Сюжеттік шығарма- әртүрлі оқиғаны немесе жағдаятты бейнелейтін бейнелеу өнерінің жанры. Сюжеттік шығармалар:тұрмыстық, соғыс, ертегі-аңыздық, тарихи.
Сергіту сәті. «Мейірім» тренингі оқушылардың есіміне байланысты мейірлі сөздер айтылады.Мысалы: Әйгерім – әдемі, Мирас –мейрімді, Санат - сабырлы
ІҮ. Сарамандық жұмыс «Жаз» атты тақырыпқа сурет салу. Жаз мезгілінің ерекшелігі
Оқушылардың әрқайсысымен жеке жұмыс кезінде оларға мынадай кеңестер беруге болады:
Сурет салу кезіңде ұсақ бөлшектерге мән беруге болмайтынын,бұл жұмыстың тұтастығына, оның жалпы маңызына нұқсан келтіретінін ескертеміз.
Біз ашық түспен бояймыз ,бірақ барлық жағынан үйлесімді табиғатты бейнелейтіндіктен, аса шаңқай түстерді пайдаланбаймыз.

1 кезең 2 кезең 3 кезең


4 кезең
Ү Сабақты бекіту; Сабақты қортындылай келе оқушылардың шығармашылық қабілеттерін бағалай отыра, қорытынды шығару, яғни оқушылар жұмыстарын байқау және бақылау арқылы тексеріп бағалау.
Бүгінгі сабақтан жаңа не білдіңдер?
Жанрлардың түрлерін ата?
Пейзаж жанрының ерекшелігін ата?
ҮІ. Үйге тапсырма беру: қажетті құралдарды толықтыру, есте сақтау қабілеттерін артыру үшін көбелектің суретін аяқтау. Жұмыс орнын жинақтау.
Еркін тақырыпқа сурет сал. Келесі сабаққа акварель бояуын әкелу
ҮІІ. Бағалау Сабақ соңында оқушылардың жұмысын бағалау және қателерін айту
Пән мұғалімі: Байсенгирова Ж.Б