Открытый урок по казахскому языку в 8-классе по теме Асхана м?зірі


Қазақ тілі. Ашық сабақ. 8-сынып.
Сабақтың лексикалық тақырыбы: Асханадаға ас мәзірі. 8-сынып.
Граматикалық тақырыбы:Есімше шақтары.
Мақсаты:1. Білімділік: асхана тақырыбы бойынша білімдерін тереңдеру,
ауызекі сөйлеу тілінде дағдыландыру, үйрету.
2. Дамытушылық: оқушылардың қисынды ойлау қабілетін, ой-өрісін кеңейту, есте сақтау қабілетін арттыру, тілдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: оқушыларды дастархан басында өзін мәдениетті ұстауға баулу. асты, нанды құрметтей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, сөйлету, ойлауды дамыту жобасының стратегиялары,түсіндіру, Веен диаграммасы
Көрнекілігі: интерактивті тақта,
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Оқушыларды тексеру.
2. Үй тапсырмасын сұрау.
Жаңа сабақ: Сөздікпен жұмыс.
Сөздерді екі тілде оқып беру, тізбектеліп оқу, қатесіз дәптерге көшіру. Сөйлемдерді оқып, тыңдаңдар, қайталаңдар.
Тамақты жер алдында мынаны ұмытпаңдар.
Қолды жуу керек;
Ыдыстың тазалығына қарау керек;
Тамақты асықпай жеу керек;
Тамақты үрлеп ішпеу керек;
Тамақ ішіп отырғанда көп сөйлемеу керек;
Тамақ жеп болғаннан кейін қолды және ауызды шаю керек;
Мәтінмен жұмыс.
Мәтінді оқып шығу, мазмұнын түсіну.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
Тамақ адам ағзасын немен қамтамасыз етеді?
Сенің сүкімді асың не?
Тамақты дәмді пісіру өнер деп ойлайсың ба?
Берілген синонимдік қатардағы артық сөзді айтыңдар.
Ас, тамақ, дәм, ас-су, жер-су.
Дәмдес, дастарқандас, табақтас, аралас, дәм-тұздас.
Дайындау, әзірлеу, даярлау, бітіру, қамдау.
Құмар, қызығу, құштар, әуес, іңкер, ынтық.
Ой қозғау. Асхана дегенде нені елестетесіңдер?
Асхана
Бес жолды өлең.
Ас
Тәтті, дәмді.
Піседі, қайнайды, жасайды.
Түскі асты дәмді жасады.
Ас, тағам.
Есімше дегеніміз не?
Есімшенің жасалу жолы туралы түсінік.
Мәтінді тыңдаңдар. Мына ақыл-кеңесті естеріңде сақтаңдар. Есімшелерді атап беріңдер.
Жаңадан естіген рецепт бәрімізді қызықтырады. Сондықтан оны есте жақсы сақтау үшін кітапша арнаңыз. Ол кітапшаны тарауларға бөлген дұрыс. Ет тағамдары деп бір тарау, салат түрлері деп екінші, тәтті тоқаштар деп үшінші,ерекше сусындар деп төртінші тарауға топтаңыз. Өзіңізге тиімді болады. Рецептілерді ғаламтордан таба аласыз. Әрине, бәрін жазып отырыңыз. Сіздің керкгіңізге жарар.
Кестемен жұмыс.Берілген етістіктерді есімшенің үш шағында жазыңдар.
Ауыспалы шақ есімше Өткен шақ есімше Келер шақ есімше
1 2 3
Ұна... Түй... Суыт... Қайнат... Ұста... Қатыс... Таб... Тырыс... Арна... Ұнату, түю, суыту, қайнату, ұстау, қатысу, табу, тырысу, арнау.
Қортындылау: ас, тамақ туралы қандай мақал-мәтел білесіңдер?
Ас атасы-нан.
Ыдысын көріп- асын іш.
Ас адамның арқауы.
Сабақ туралы ойларын тыңдау.
Не білемін? Не білдім? Не білгім келеді?
Үйге: тапсырма. Бет. Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып көшір.
Бағалау: жауап беруіне қарай.